Ас қорыту жүйесінің бұзылуы көбінесе жаман әдеттердің нәтижесінде пайда болады. Белгілері: асқазанда ауырлық сезімі, тітіркену, түршігу, қыжыл, жүрек айнуы, ұйқышылдық, бас ауруы, құсу және т.б. Нашар қорытылған азық асқазаннан өткеннен кейін, ішекте мына белгілер басталады: Желдену, іштің үрленуі, іш қатуы немесе іштің өтуі.
● Жақсылап және ақырын шайналмаған азықтар асқорыту ағзаларында ашиды.
● Тамақтанғанда ішілетін сұйықтықтар асқазанды үрлетеді және шаршатады. Бір стакан су ішуге болады.
● Көп тамақ жеу – асқорыту жүйесінің нашарлауының басты себебі. Сондықтан дастарханнан тоймастан тұрып кету керек.
● Астың қортылуы үшін қалыпты жағдайда 4-5 сағаттай уақыт қажет. Аптасына бір күн болса да, асқорыту мүшелерін тынықтырып тұру керек.
● Тамақтану уақыттары арасында жеу асқазанды шаршатады және жүйкелердің қорын азайтады. Түскі аспен кешкі ас арасында қосымша «жүрек жалғау» ересектер үшін керек емес.
● Шаршаулы, ұйқысыз және жүйке жұқарған кезде жеу, асқорытуға жәрдемші бола алмайды.
● Ұрыс-керіс, талас-тартыс, қатты қобалжу, ашу-ыза, жек көрушілік, өшпенділік сияқты негативті эмоциялар асқорыту мүшелеріне кері ықпалын тигізеді.
● Ыстығы бар кезде жеу, температураның артуына себеп болады.
● Тамақтанғаннан кейін бірден жатуға болмайды.
● Шамадан тыс ас қоспалары, қыша, сірке суы, қарабұрыш... асқазанның химиялық құрамын бұзады.
● Піспеген жемістер, өте қышқыл болатындықтан аулақ болған жөн.
● Қуырылған тағамдардың қорытылуы қиын болады.
● Көп мөлшерде шекер тұтыну, асқорыту жүйесінің бұзылуына жол ашады.
● Шай, кофе, какао... асқорыту жүйесінің бірқалыпты жұмыс істеуін бұзады.
● Бір отырғанда әр түрлі тағамдар жеу, асқорытуда қиындық тудыруы мүмкін.
● Сағыз және осыған ұқсағандар, асқазандағы қышқылдың көбеюіне себеп болады.
Назар аудар:
Асқазан-ішек аурулары кезіндегі емдәм
Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз
Газдалған сусындар пайдалы ма?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Сара
Пайдалы мәлімет