Бірінші дүниежүзілік соғыс позициялық шайқастар дамуының бастамасы болды, оны барлық майдандарды іс жүзінде тығырыққа тіреді. Орын алған дағдарысты жағдайдың шешімін табуда алдыңғы қатарлы әскерилер әскери іс-қимылдардың жаңа тәсілдерін ойлап шығаруда ойланумен болды. Дәл сол Ұлы соғыста алғаш танкілер, бронды автомобилдер, су асты қайықтары пайда болады, қалаларды дирижабльден де, ұшақтардан да әуеден бомбалау басталады, жаяу әскер бөліміне жаппай пулеметтер келіп түседі... Алайда мұның бәрі соғыстың соңына қарай болады. Ал барлық осы жаңадан енгізілген өзгерістерге дейін «иесіз жердің» нағыз қожайындары мергендер болды. Сонымен қатар олар Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде жаппай таралды, алайда, тура сол танктерден айырмашылығы, оларды жаппай қатарға қосуға әлдеқайда аз уақыт талап етілді.
Ұлы соғыс басталар алдында психологиялық найзаласу шабуылы мен кенеттен жасалатын айбарлы кавалериялық шабуылдар екінші орынға ығыстырылды, ал барлық негізгі армияларда винтовкамен көздеп ату мен жолды бөгейтін пулемент атысы теңінен қолданыла бастады. Осылайша, ресейлік бөлігінде «Винтовкадан, карабиннен және револьверден атуға үйрету» кеңінен етек жая бастады. Мұнда солдаттарға әрбір жауынгер жеке өзіне нысана таңдауға, көздеуге алуға және командирдің басқа бұйрықтары болмаса өздігінен атуға тиіс екендігі түсіндірілді. Ұрыс жүргізудің жаңа принциптерін жасау 1914 жылы-ақ өзінің артықшылықтарын көрсетті, бұл кезде 68-Бородино жаяу әскерлер полкінің солдаттары, іс жүзінде қарумен дәл көздеп оқ ату арқылы венгр кавалериялық дивизиясының бес шабуылын тойтарып, дұшпанды толықтай талқандаған болатын.
Мергендердің кәсіби бөлімшелері алғаш Герман империясында пайда болды, ол кезде соғыстың бірінші жылында 20 мыңнан астам мерген даярлықтан өткен болатын. Сол кездің өзінде-ақ олар еркін «аңшы» ретінде пайдаланылды және өздеріне орнығатын орынды да, нысананы да өздігінен таңдады. Осыған ұқсас бөлімшелер тіптен дәл сол уақытта «қызыл мундирлілерде» пайда болды, алайда оларда мергендерді даярлауға әлдеқайда көбірек уақыт жұмсалды. Бұл жерде екі империяның ақсүйектік дәстүрлері байқалды – Германияда, Ұлыбританиядан айырмашылығы, аңшылық байлардың артықшылығы болып табылған жоқ, және аңшылық мол тәжірбелері бар неміс қорықшыларының көбісі жаңа мамандықты біршама жылдамырақ игеріп алды. Осы себептен КСРО-ның көптеген ұлағатты мергендері Қиыр Солтүстік және Сібірдегі аудандардан шыққандар болды.
Алғашында мергендер өздерінің орындарын тікелей окоптарда орнықтырды, бұл оларға бүркемелеумен айрықша әуреленбеуге мүмкіндік беретін. Ұрыстың мұндай түрінің өзінің ұтымды жақтары да, жағымсыз жақтары болды – траншеяда орналасқан орнын өзгерту ыңғайлы, қауіпсіз және елеусіз болда, алайда мерген атыс жасаған сәтте-ақ, бірден өзін тауып алатын. Әрине, ол тура сол кезде жаудың мергені үшін нысанаға айналатын. Мұндай амал мергендердің әдіс-тәсілдері мен оларды қаруландыруды одан әрі дамыту жолдарының бірден үш тұжырымдамасының пайда болуына әкелді.
Мергеннің басы – окоптағы мергеннің денесінің жауға көрінетін жалғыз ғана бөлігі. Әрине, олардың осы бастарын қауіпсіз ету тәсілдерін іздеу іс жүзінде бірден басталды, бұл ажалды ұрыстың винтовкасы деп аталған – окоптан басын көтермей-ақ атыс жасауға мүмкіндік беретін перископиялық көздеуіші бар қарудың пайда болуына әкеліп соқтырды. Мергендердің қауіпсіздігі жоғары деңгейде болды, алайда бұл винтовкалар дәл тигізуімен ерекшеленген жоқ, бұл снайпингтің барлық тұжырымдамасын жоққа шығарды.
Басқа да нұсқалары– мергендердің жанды жерлерін брондап тастау тәсілі болды, бұл герман армиясында штальшельмдерге арналған бронеплатиндің және Франция мен Англияда пулеметшілер мен мергендерге арналған темір бетперделердің пайда болуына әкелді. Бұл әдіс те әскерилер арасында ұзақ қолданыла алмады – жан-жағын шолудың өте нашарлығы мен шамадан тыс ауырлық винтовкалық оқтың қуаттылығы қорғанысты бұзып өтпей, соққысымен құрбандығының желкесін сындыруға жететіндігімен күшейтілді. Басқа да өзін-өзі өлтіретін нұсқалары болды – қозғалтылатын бронды беттақтайлар мен жылжымалы брондалған бақылау пункттері. Дегенмен, ұлы соғыстың «айналы» далаларында олардың байқалуы бірден өздеріне артиллерияның оқ жаудыруын туындататын.
Ал үшінші жолы аса тығырыққа тірейтін жол емес болып шықты. Барынша тиімді және елеусіз ұрыс жүргізу үшін дәл көздеп атудың шеберлері бүркене бастады. Нақ осы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде британ армиясында алғаш рет гиллидің бүркеніш костюмі пайда болады, ол қазіргі біздің кезеңімізде де ерекше танымал. Алайда Еуропаның артиллериямен күйдірілген далаларына бұл тәсіл үнемі сәйкес келе бермейтін.
Жергілікті жерге қарай бүркемеленуден басқа, британдықтар жергілікті жерді өздеріне ұқсас етіп бүркемелей бастады – скульпмакеттер сол уақыттардағы мергендерді нағыз құтқарушысы болды.
Осылайша, айрықша танымал болған бүркеме «өлген ат» болды. Өлі жануардың макеті папье-машеден, былғарыдан, матадан немесе басқа да күнделікті қолданыстағы материалдардан әзірленіп, іші мергеннің орнығатын орны ретінде жабдықталды. Мұндай бүркемелеу іс жүзінде барлық жерде қолданылды, өйткені өлі жануарлар «иесіз жерде» өте көп болатын. Бірақ та қайғылы оқиғалар да орын алып жататын. Майданның телімдерінің бірінде француз солдаттары түнде осыған ұқсас макетті орнатып, мерген кезекшілікке кіріседі. Бірақ мерген бірнеше оқ атқаннан кейін, оның жасырынған орнына бораған атыс оқтары жауып кетеді. Немістер шөл далада өлі жануардың пайда болғанына қатты таңырқаған, өйткені бұл телімде француз кавалериясы ешқашан шабуылға шықпаған.
Скульпмакеттердің кеңінен танымалдылығы, солдаттардың іс жүзінде үнемі жасанды болып табылуы мүмкін кез-келген нәрсені атқылауына әкеліп соқтырды. Бұл болат, шойын және бетон макеттердің шығуына әкелді. Британ мергендері орманның шеттерінде шойын «ағаш түбірлері» мен «ағаштар» орнатып, өздері соның ішінде жасырынды.
Француз армиясынан, бейтарап алқапта ірі тастан жасалған жол белгісі пайда болғаны туралы оқиға белгілі. Бір түнде француздар байқатпай түпнұсқаны бетоннан және құрыштан жасалған іші қуыс көшірмесіне ауыстырып қойған, содан кейін бірнеше күн бойы «белгіге» жасырын жол қазған, алайда барлық жұмсалған күш өзін ақтады – бірнеше ай бойы немістер француздардың мергендік атысты қай жерден жасап жүргенінен күманданған да жоқ. Осыған ұқсас басқа бір оқиға бавар гренадерінің өлігімен орын алды. Бірнеше апта бойы қаза тапқан қомақты көлемдегі неміс солдаты ұрыс жүргізіп жатқан қарама-қарсы екі жақтың ортасында жатты, алайда қараңғы бір түнде француздар оны шойыннан жасалған көшірмесімен айырбастап, оның ішінен өздерінің мергендеріне орын жабдықтады.
Мергендерді әзірлеу мен оларды жарақтандыруға көптеген ресурстар жұмсалды, алайда олардың тиімділігі кез-келген күтілген нәтижеден асып түсетін. Неміс тарапының мәліметтері бойынша, тек Батыс майданында ғана мергеннің атқан оғынан күнделікті жарты мыңға дейін солдат қаза табатын. Сонымен бір мезетте көзі тірі күшті шығындай отырып, мергендер жауларының қатарында үнемі қорқыныш ұялататын, тіптен нағыз тыныш күндердің өзінде ешкім өзін қауіпсіз сезініп және бойын еркін ұстай алмайтын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі