
Математика — біздің өмірімізде үнемі кездесіп тұратын ғылым. Балалық шақтан бастап-ақ сіз көбейту кестесімен танысасыз және онымен қартайған шаққа дейін бірге жүресіз. Өкінішке орай, нақты ғылымдарды зерттеу үшін қажетті мүмкіндіктер адамдардың барлығында бола бермейді. Көптеген адам үшін көбейту – қолында калькулятор жоқ кезде нағыз қиын іс болып, олар шарасыз күйде қалады.
Калькулятор қолданбай-ақ, екі таңбалы және үш таңбалы сандарды өте оңай көбейтуге болады! Ұсынып отырған бейнежазбадағы тәсілді жапондықтар ойлап тапқан. Олар өзінің тапқырлығымен ерекшеленетін халық қой... Бұл тәсіл көбейту кестесін мүлдем білмейтіндерге де көмектеседі.
Жай ғана түзу сызықтардың сәйкесінше санын сызу жеткілікті, сонда барлығы да дайын болады. Бұл қалай жасалатынын қарап көріңіз, содан кейін әдеттегі көбейту туралы шаблонды мәңгілікке ұмытуыңызға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
13.07.2025 17:19
13.07.2025 17:11
10.07.2025 00:08
06.07.2025 15:59
11.03.2025 12:03
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Зарина
Буны баган туринде жазып корсетпейсиздерме
Нұрила
Сонымен айтам баған түрінде көрсетпен мен