«Өскенде кім болғың келеді?» –бұл ересектердің кішілерге қоятын сауалдарының бірі. Міне, сіздің де мамандықты таңдау барысында дұрыс таңдау жасау және қателеспеудің маңызын білуіңіз қажет. Адамның ғұмырлық мақсатының өлшемінің бір сатысы ретінде мамандықты қарастырайық.
Өз мамандығыңызды таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және олардың сіз үшін және қоғам үшін қандай пайдасы мен маңызы бар екендігін біліп алған жөн. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек.
Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіні туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Мамандық таңдаудағы ең тиімді тәсілдерінің бірі- демалыс уақыттарында кәсіптік тәжірбиеден өту.
Назарға алатын мәселелердің бірі жас маман болашақ жұмыс орнын таңдаудағы басты аспект деп жоғарғы жалақыны біледі. Бірақ, кейде ол да жұмыстан адам күткендей қуаныш сыйламайды, өйткені адамға даму, жаңашылдыққа ұмтылу тән. Өзгеріске деген ұмтылыс қаншалықты күшті болса, соншалықты тұлғалық даму да жоғарылайды.
Ал, мамандықты алу үшін ең маңызды таңдаулардың бірі ол оқу орнын таңдау. Кез-келген оқу орнының басты құндылығы ол оқытушық құрамы. Олардың мамандарды қалай дайындап шығаратындығына назар аударған жөн. Оларда көрсетілген пәндер, сондай-ақ олардың әрқайсысына бөлінген сағат сандары аталған факультет ұсынатын білімнің көлемін бағалауға мүмкіндік береді. Оқу процесінің техникалық және материалдық жабдықталуына да (кітапхана, компьютерлік сыныптар, арнайы жабдықталған бөлмелер және т.б.) назар аударған жөн. Студенттердің, әсіресе осы оқу орнының түлектерінің пікірін тыңдау керек. Мемлекеттік мекеме шетелдік жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста, әрі әріптестік іс-шаралар жүргізуімен, шетелде білім алуларын жалғастырған немесе практика және жұмысқа кеткен түлектерімен бағалануы керек. Мысал ретінде Тараз мемлекттік жоғарғы оқу орнын келтіруге болады. Әрине мен оқитын әрі танитын білім алу ордасы өз түлектерімен, маманданған және жоғарғы санаттағы оқытушыларымен, сондай-ақ, білімді, әрі дамуға деген белсенділігі жоғары білімгерлерімен мақтаулы білім ордаларының қатарында. Шетелде білімдерін шыңдауға кеткен білімгерлер саны аз емес, және жыл сайын артуда
Адам жан дүниесімен жақсы көріп жалсаған жұмысы әрқашан жоғары бағаланады және үлкен көлемдегі табысқа жетуіне септігін тигізеді. Сондықтан мамандықты таңдағанда немен айналысқан қызықты, немен айналысқанда жан рахатына бөленесіз, соған назар аударған жөн.
Мамандық – бұл сіздің өміріңіз. Өзіңізді қызықтырған саланы қорғай біліңіз және сонымен бірге өзіңіз де дамыңыз, сонда ғана биікке жетесіз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Адемі
Мамандықты дұрыс таңдау деп айтқанмен ата -анада ,балада бұл сөзге мән беріп қарап жатқан адамды көріп жүргенім жоқ .Бұған біріншіден ата ана,екіншіден бала үшіншіден еліміздегі жемқорлық әсер етуде. Өзім туралы айтайын мысалға : Біріншіден ата -анам маған кім болғын келеді деген сұрақты ешқашан қоймапты.Мүмкін Кеңес заманының адамы болғасынба.Мені еркін өсерді ,өмір сенікі өзін қожасын деп.Содықтан ата ана тарапынан анау бол ,мынау бол деген қыспақ болған емес.Екінші өз тарапымнан : кішкене кезімде бұл сұрақ қойылмағасын ойланып көрмеппін.Өсе келе архитектур болуды армандап ем ,алайда ҰБТ тапсырарда есепке шамалы болған соң қорқып пәнді өзгерттім.Алайда жинап тұрған балмен гранта түсе алмай ,отбасы жағдайым көтермей (ақшалай оқытуға) колледж грантына түстім.Бітіріп ЖОО -на тапсыруга Алматының архетектура институттарына грантқа тапсырып қарадым , тағы қуладым .ЖОО ақысы тым қымбат .Қазір өз қаламда ЖОО финанс мамандығы бойынша ақылы оқып жатырмын.Архитектураны тандағанда,ҰБТ-дан өтерде өткізіп берем ,түсірім берем деп доллорлап ақша сұрағандар ,таныстар ,көкелер болды алайда оқушыда қандай ақша? Өздері қиналып жүрген ата анама ондай қиындықты айтым келмеді .Ал енді менің кім болғым келетінінде біреудің шауасы болдыма не менің мүмкіндігім болдыма?Егер сол ЖОО -ның оқу ақысы арзан болғанда мүмкін мен өз мамандығымды тандап өз жолымды табар едім.Ал қазір біреуден кеш ,біреуден ілгері өмір сүріп жатқан жайым бар.Және тек мен емес барі солай.Енді сондай адамнан мақсатың не деп сұрап көр.