Атырау қаласы
№4 облыстық шипажайлы мектеп-интернатының
6 "а" сынып оқушысы: Ирсайнова Айжан Ерланқызы
Технология пәнінің мұғалімі
Жетекшісі: Рысқалиева Айгүл Бағытжанқызы
Номинациясы: Матадан жасалған жұмыс.
Бұйымның аталуы: Ыдыс астына төсеніш.
Байқау жұмысының жасалған уақыты: 5 - күн.
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың жеке шығармашылығын дамыта отырып, қазақи нақышқа баулу, ұлттық қолөнер құндылығын ұғындыра отырып, сүйіспеншілік пен патриоттылыққа тәрбиелеуге жол ашу арқылы бабалар мұрасын насихаттау.
Қауіпсіздік ережесі: Жұмысқа кіріспес бұрын, оқушы мен жетекшінің формасын киюі, яғни, шашын өріп бас киім кию, алжапқыш тағу, құрал-жабдықтарын сайлап реттестіруі;
Қайшымен дұрыс жұмыс, инені мұқият тиянақты ұстау, іс машинасымен еркін, қалыпты жұмыс жасау, желім, қағаздарды үнемді және ұқыпты пайдалану;
Қолданылған шикі зат пен құрал-жабдықтар: №40 машина шарғы жібі, ПВХ желімі, қатты қатырма қағаз, қалам, қайшы және маталар барқыт және бөз, жібек лентасы;
Орындалған жұмыстың мәтіндік сипаты:
Жұмысқа кірісу іс-әрекеті:
1. Жұмысқа керекті құрал-жабдықтарды сайлап алу.
2. Барқыт мата мен бөз матаны 3 түрлі көлемде өлмеш түсіріп дөңгелек қалыпқа сай қиып алдым. Мейлінше бұйымның беткі бедерін айшықтап сәнді көрсету мақсатында алтын түстес матаға қазақтың ұлттық ою-өрнегі – қошқар мүйіздің шексіздікке ұласқан компазициялық суретімен қағазды 3 бүктеу арқылы қиылып алынып, алтын түстес матаға ішкі бөлігі жағынан қалам арқылы бастырылды. Бастырылған компазициялық өрнекті лезде қайшымен қиып алуға жұмыстандым.
3. Қиылған бедерді барқыт материалымыздың үстіне төрт құлағын тең орналастыра отырып, қол инемен көктеп, тігін машинасымен ирек тігісі арқылы көркемдеп тігуге кірістім.
4. Бедер түскен барқыт матаны артқы бөлігі бөз матамен беттестіре отырып, жиектемесіне арнайы сайланған жібек лентасын салып, тағы да қол инемен көктеу арқылы орнықтырып, машина тігісіне салуды жөн көрдім. Әлбетте, бұл жолы да ирек тігісін қолдану арқылы тігіс жүргіздім. Өйткені бұйымның жиектемесі ертеңгі күні сөгіліп жарамсыз болып қалмас үшін. Сонымен қатар бұл бұйымды ашық көңілді түстерден жасап жатқанымның себебі әр қыз-келіншектің ас бөлмесінің ажарын ашып, сәнін келтіріп тұрар – сәндік бұйымы болсын деген ниетпен. Сондықтан арнайы сөреде ілініп тұруға арналған ілмешегін де дайындап өттім.
5. Осы реттен еш жаңылмастан бастапқыда көрсетілген 3 бөліктен тұратын үлкенді-кішілі қиылған дөңгелек барқыт маталарға бедерді орната отырып, тігін машинасымен тігіп, артынша көлеміне байланысты алынған маталарды жиектеме лентасын арасына салып, тігіп өттім. Дайын болған ыдыс астына төсеніш бұйымы яғни, құман, шайник, ас табағының астына салынатын сәнді бұйым дайын болды.
Қорытынды:
Оқушы шығармашылығын шыңдау бұл – ұлттық қолөнерге баулудан бастау алса, ол бізбен сіздің жеткен үлкен жетістіктеріміз болары сөзсіз. Сондықтан жасалу жолы аз уақыт алсын мейлі алмасын сонда да еңбекпен жасалған оқушы қолтаңбасы қалған әр бұйым көзінің қарашығындай сақталып, бүгінгі ұрпақтан келешек ұрпаққа жалғасары хақ. Ұлтымыздың мақтаныш мұралары – қазақтың мәдениеті дегім келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі