Өлең, жыр, ақындар

Компьютер тарихы

Ондаған жылдар бойы компьютерлер адамзаттың ажырамас серігі болып келеді. Қазіргі таңда олардың 4-ші буыны қолданыста, кейбір тіпті адамдардың компьютердің 5-ші буынын пайдаланылып жатқанын айтады, себебі жүйелер көпядролық процессорлар архитектурасына өтті, бірақ бұл тұжырым әзірше зерттеуді қажет етеді, сол себепті біз бұл мақалада 4 буынды ұстанамыз.

Паскаль сақинасы

Заманауи дербес компьютердің атасы болып Блез Паскальдың арифметикалық машинасы саналады. Машина арқылы Паскаль сонау 1642 жылы қосу мен алу сияқты қарапайым операцияларды орындаған. Ол «Паскаль сақинасы» немесе «Паскалина» деп аталады және ғалымдар оны компьютерлердің нөлінші буынына жатқызады. XVII ғасырдың соңына қарай, екінші ғалым Готфрид Вильгельм Лейбниц көбейтіп, бөле алатын және қосып, ала алатын есептеуіш машинасын жасап шығады.


Вильгельм Лейбництің есептеуіш машинасы

Есептеуіш машиналардың нөлінші буыны XIX ғасырда аяқталады. Мұндай техниканың соңғы нұсқаларының бірі болып Чарльз Бэббидждің өнертабысы саналады. Ол перфокарталардың құрамындағы нұсқаулар жиынтығына негізделіп есептеулер жасады. Мұндай перфокарталардағы бағдарламалардың ең бірінші бейнелерін алғашқы бағдарламашылар жасады, олардың арасында әйелдер де болған. Әйелдер арасында бұл мамандықтың алғашқы қарлығашы Ада Ловлейс болып табылады.

Чарльз Бэббидждің өнертабысы

XIX ғасырдың соңында Америкада пернетақтаға ұқсас бірдеңе қолданылатын алғашқы есептеуіш машина пайда болады. «Комптометр» деп аталған бұл құрылғыны Таррант және Фельт есімді америкалықтар жасады.

Комптометр

Шамамен дәл сол уақытта Герман Холлерит АҚШ халық санағының нәтижесін өңдеу процесін тездету үшін «статистикалық табулятор» жасап шығады. Перфокарталарға түсірілген мәліметтерді тануға арналған бұл машинада электр пайдаланылды. Құрылғы кең танымалдылыққа ие болды, ал оны құрастырушы табуляторды негізге ала отырып фирма құрды. 36 жылдан кейін дәл осы фирма әлемге танылған IBM корпорациясына — компьютер индустриясының әлемдік көшбасшысына айналды. XX ғасырдың ортасына қарай IBM-нің технологиялық жобаларын әлемнің көптеген дамыған елдері пайдаланды.

1930 жылдардан бастап нарықта «Friden», «Monroe» және «Marchant» фирмалары шығарған үстел үстілік механикалық калькуляторлар пайда болады. Бұлар қолданушыға 4 негізгі арифметикалық амалдарды іске асыруға мүмкіндік берді. Дәл осы уақытта «computer» термині (ағылш. аударғанда «есептеуіш») пайда болды. Калькулятордың көмегімен есептеу жүргізетін адамдардың мамандығын осылай атады.

Бағдарлама арқылы басқарылатын ең алғашқы автоматтандырылған механикалық машинаны неміс инженері Конрад Цузе 1938 жылы жасап шығарды.

Конрад Цузенің автоматтандырылған механикалық машинансы 

Компьютерлердің екінші буыны XX ғасырдың ортасына қарай пайда болды және біріншісінен шам технологиясын пайдаланатынымен ерекшеленді. Бұл оларға секундына 20 000 операция жасауға дейін жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді. Тарихтағы тұңғыш электрлі-сандық компьютер АҚШ-та 1945 жылы пайда болды. Ол екі Джонның: Джон Уильям Мокли мен Джон Преспер Экерттің өнертабысы. Достар өз өнертабысын «ENIAC» (Electronic Numerical Integrator and Calculator) деп атады.

ENIAC

Бірнеше он жылдықтан кейін компьютерлік индустрия алға жылжыды. Бұл транзистор жасап шығару мен меңгеруден кейін белең алды. Оларды пайдалану компьютер өндірушілеріне өз өнімдерінің салмағы мен габариттерін төмендетуге, сонымен қатар олардың жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді. Осылайша компьютер секундына 1 млн. операция жасай алды.

50-ші жылдары IBM компаниясы ақпаратты сандық форматта сақтайтын тұңғыш магниттік дисктерді шығара бастайды. Олар RAMAC (Random Access Method of Accounting and Control) деген атау алады.

1963 жылы Бейсик бағдарламалаудың алгоритмдік тілі жасап шығарылды. Кейін соның негізінде көптеген жоғары деңгейлі тілдер жасалды.

Компьютерлердің үшінші буыны 1965 жылдан 1980 жылдар аралығында шығарылды және кремний кристаллдарының негізінде құрылған электрлік схемаларды пайдалануымен ерекшеленді.

Пол Аллен және Билл Гейтс есімді студенттер 1975 жылы «Альтаир» дербес компьютерінде пайдаланылатын Бейсик тіліне түсініктеме берушіні жасап шығарды. Кейін олар «Microsoft» компаниясын құрды. Бұл компания қазірдің өзінде бағдарламалық өнімдер шығаратын жетекші өндіруші болып табылады.

ДК-дің тышқан, дискеталар, компакт-дисктер сияқты құраушы элементтері өткен ғасырдың 80-ші жылдары пайда болды.

Дербес компьютерлердің даму тарихында жаңа дүмпу Windows 95 графикалық операциялық жүйесін жасап шығару кезінде болды. Ол көп тапсырмалылықты қолдады және бірдей архитектуралы көптеген құрылғылармен сәйкестендірілді. Бұдан өзге, бұл жүйе, графика қолданатын тұңғыш жүйе болды. Windows 95-те Microsoft фирмасы бірінші рет Plug & Play жаңа протоколын пайдаланды. Бұл құрылғыларға жүйеге автоматтық режимде қондырылуға мүмкіндік берді.

Компьютерлердің төртінші буыны 80-ші жылдардың соңында пайда болды және осы уақытқа дейін шығарылып келеді. Техниканың дамуы дербес компьютерлер өндірісін арзандатқанына байланысты, олар көптеген қолданушыларға қолжетімді бола бастады және әлемге кең таралды.

Назар аудар:

Компьютер неден тұрады? Үстел компьютерінің негізгі бөліктері

Жұмыс істеп тұрған ең ескі компьютер

Ғаламтор тарихы

Компьютер туралы мәлімет


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (21)

berik258

Өте қызықты әрі пайдалы екен!

МЕРУЕРТ

Маған ұнады

Құдайберген Ақнұр

ең бірінші компьютерді кім ойлап тапты

Бекзат

Маған өте қатты ұнады

Анара

өте қызықты, әрі пайдалы екен!!!

камила

жаксы

Мамет Жамбыл

керемет........ Өте қатты ұнады

Байдилда Шугыла

Информатика сабагына унады

Арай07

Маған ұнады керекті мәлімет екен Көп рахмет!!!

алдияр

норма екен

акманат

бұданда қызығырақ мәлімет алғым келеді

Балжан

қызық екен шынында

ДАЯНА❤❤❤

Ура информатикадан бес алатын болдым рахмет

09г7987

алтынайга маган катты унад

Айгерім????

сандық компютер туралы мəлімет барма

Зарина

өте керемет . рахмет

ЖАНСАЯ

Өте керемет рахмет пайдалы екен

Айка♥️♥️

Кушти маган катты унады

Роза♥️

Мне очень нравиться компьютер. Вам спасибо, за то что дали такие интересние информация☺️

Ринат

Ерте заман болсада студенттер жоқтан бар нәрсе шығарып жүргендері таңғаларлық.

Бекзат

Қызық мәлімет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар