Өлең, жыр, ақындар

АҚШ-ты көрген қазақ баласы Қазақстаннан саналы түрде бас тартты

АҚШ-қа біржола көшуге бел буған қазақстандық студент Темір Хан Қазақстанда өмір сүру уақытты бекерге өткізу дегенге сенімді. Бұл туралы ол әлеуметтік желілердегі жеке парақшасында бөліскен.

Студент Қазақстан туралы «ащы шындықты» жасырмай жайып салған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде білім алған жігіт 1-нші курстан-ақ АҚШ-тың түрлі жобалары мен бағдарламаларына қатысқан.

Жігіт АҚШ-пен салыстырғанда төмен жалақыларға қарамастан өз Отанында оның гүлденуіне атсалысу үшін жұмыс істеу қажет деген пікірде болған.

Елдегі білім беру жүйесіне студенттің көңілі толмаса да, шетелге жастар неге көптеп кетіп жатыр деген ой мазалаған. Бірақ жиған-тергенін "жеп қойған" девальвация, 65 мың теңге жалақы мен - қызметтегі әделетсіздік, мансап жолындағы таныс-тамыр - "қазақи менеджемнет" өз дегенін жасаған. Бәрінен көңілі қалған жігіт қызметінен шығып, Алматыға қайтпақ болады. Отандық пойыздардағы қызмет, лас төсек-орын, тағы басқасы студентті шетелге аттану қажет деген ойға итермелейді.

Сөйтіп әке-шешесімен сөйлесіп, барлық құжаттарды реттеп, Нью-Йойркке оқуға аттанады.

"Бір өкінетінім - арада осынша уақыт өткеннен кейін ғана АҚШ-та қалып, ел болашағы емес, өз болашағымды ертерек ойламағаным. 18 жасымда Нью-Йоркте алғаш болған кезде соны бастауым керек еді", - дейді Темір Хан.

Жігіт ҚазҰУ-да босқа жіберген уақыты мен ата-анасының қаражатына өкінеді. Тіпті өзін шетелге кетуіне себеп болған оқытушыларына риза екенін жасырмайды.

АҚШ-та жаңадан оқи бастаған жігіт туған университетіндегі оқуның еш маңызы болмағанын түсінеді.

Темір жазба соңында Қазақстанда әлі оқып жүрген жастарға өз өмірі мен болашағы туралы ойлауға кеңес береді.

"Өз ата-аналарыңыздан басқа ешкімге керек емессіз. Ал өкіметке керексіз бе?! Ата-аналарыңыздан зейнетақы қоры туралы сұраңыз да қорытынды жасай беріңіз", - дейді ол.

"Кеш болмай тұрып, барлық күмәндарыңызды артқа тастап, өзіңізге бақуатты болашақ қамтамасыз ете алатын өмірді бастаңыз. Менің кеңесім осы", - деп аяқтады жазбасын студент.

Темір Ханның бұл посты Фейсбукте 6 000-нан астам лайк жинап, көпшіліктің қолдауына ие болғанын айта кету керек.

Дереккөз: Nur.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (34)

Дұрыс

Дұрыс! Жарайсың!

Қайдам

Туған жерге жетпейді бәрібір, айналаңда қазақи иіс шығып тұрмағаннан кейін, өз ана тіліңде ауызыңды толтырып сөйлей алмағаннан кейін... не пайда? Сол жерде көтеріліп, байып кейін қазақ жеріне келіп қазақ елінің дамуына үлесін қосуға ат салысам десе басқа әңгіме.

Арлан

Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын! (с) Ахмет Байтұрсынұлы

Ажар

Әр кімнің өз таңдауы болады, ең бастысы бақытты болсын!

Рауан

Бәріміз кетейік онда, елімізді басқа ұлтарға қалдырып

Аноним

Омир бир ак рет бериледи, оны калай омир сурседе, кайда омир сурседе ози биледи! Шыныменде казир 65000 тг кун кору мумкин емес, тем более ер азамат ушин! Ен бастысы болашагы жаркын болсын,

Ғалия

Өзге елде сұлан болғаша, әз еліңде ұлтан бол!

Сакен

Күндердің күнынде қателесіпін деп елге оралады

Абу

Келисип турсын..

Аноним

Сенненде жаксылар кеткен.

Ақмарал

Өзге елде сұлтан болғанша өө еліңде ұлтан бол құл бол деген сөз бар ата бабамыздан қалған

Насыпхан

Қара шай қара нан жесеңде қазағыңмнн бырке болғанға не жетысын.

Заке

Казир ар ким озин ойлайьын заман болдыгой. 65 мын деген жаксыгой , 27 мын алатындар баргой. Ишин ашиды

Айгерим

Оз туған жерине бари бир ештене жетпейди.мың жерден америка болсада

Заке

Жарайсын.
Келесы жыл менде кетем.
КазаКстанда Адылдык Жок.

Султан Турлыбек

Болашак жастардын колында. Жаркын болшакты, бакуатты болашакты калыатастыру мына биздн колда. Билктеги адлеттиликти де орнату биздн колда. Ер жигит туган жерне,ит тойган жерне деген. Тарихты багаламаймыз сонша кан тоглген омирлерн киып осы жагдайга жеикзген енбекти багаламаймыз, олардын бизге арткан умиттери ше ? Дуние акша рахат омир барне кереги. Ен кымбат байлык Иман ! Биз елди ойласак елде бизди ойлап жаны ашитын шыгар! Елден камкорлык кутетндей елге не пайдан тиип еди? Елу жылда ел жана . Умитсиз шайтан ! Бари жаксы болады буйыртса арине!

seko

Тауекел деп бастаган исин дурыс жагынан болса болды. Деседе кайда журсенде казактын нагыз казахи иісіне жететин ештеме жок.

Нур

Окинишке онай когамымыздын айкын бейнеси осындай болып тур.

гульзира

Бес тенге алсамда оз елиме жетпейди.

Serg

Дурыс деп ойлаймын,Америкага кеткени! Биздеги отирик билим,ешкандай билим стандартына келмейди,боска уакытын,аке-шешесинин каржысын жумсап,керексиз билим алганша,осылай истегени дурыс.Кейин абден ысылган сон,кайтып келип,озин корсетуине болады

Nursultan

казир кай жердин экономикасы жахсы сол елге барып охып сол елде жумыс истеу керек

Дидоша

Озге елде султан болганша,Оз елинде ултан бол !-деген

Рая

Су ішкен құдығыңа түкірме. Өкініп жүрерсің. Қай жерден жұмақ іздесең де, туған жердің топырағына жетпейді.

Халық

Негізі мемлекет осыған назар аудару қажет! Елден кететін емес, қайта келетін жағдай жасауы керек! Ол елдің басында отқандардың борышы, парызы, тікелей міндеті - халыққа жағдай жасау, халқын қорғау, денсаулығына қарау т,б.

Дана

Осы жарнама сиякты. Мына жерде Ата - анасынын акшасын шашып журсе, ол жактада сол осы жактан ата-анасы тапкан акшасын жаратып жур гой. мыкты болса сол жактан алган билими аркылы осында келип тын идеямен бизнесин бастасын. Олай етсе елимизде ак баюга жаксы омир суруге болады.

Лео

Дұрыс жасаған! Неге Головкин Қазақстанда жүре бермеді, неге АҚШ-қа кетті, себебі, ол жақта мүмкіндік көп?! Мына бала, жаста болса өмірдің мәнін ерте тесінген екен! Жарайсың, өмір өзіңдікі, қалай, қайда, сүремін десең ле!

нұржігіт

бұл сяқты отбасы қамын отаннан жоғары қойатын малдардың кетіп.өліп құрып жоғалуы өте дұрс брлған.өз ағасн ағалай алмаған ел ағасн жағалай алмайды деген сөз бар бүр көні американы жамандап отрғанын естйтін боламыз мына мүнапйқтан.

ардан

Негізі шетелде журіп жумыс жасаған жақсы .
Сол кунге жету ушін қулшыну керек

Танирберген

мс Сайлаубек калай байып кетти

Серик

Кайт бауырым кеш болмай турганда елге!!!

Туленов Наурызбек Бекмырза ұлы

Озге елде султан болганша, Оз елинде ултан болган артык. Осындай коркактар жане саткындартан Алла биздин урпактарымыздарды сактасын. Биздин ата - бабамыз Тан мемлекетимен 300 жыл согыссада баска елге кашпады. Урпагымыз ел жеримиз ушин деп. Ат устине минип найзаларын тастамаган. Улдарымыз кул Кыздарымыз күң болмасын деп.

Санди

Негизинде айтуға оңай барлығы. Дегенмен де үкімет басшыларына қарасаң да тек өз пайдалырын, өз бастарын ғана ойлайды. Елим жерим деп жүрген биреуин де кормедим. Мумкин сондықтан болар отанын ойламайтын жастардың пайда болуы. Әділдік болмай алға илгерилеу де болмайды

Жанбота

Толыктай ол жакка кошпей.жас кезде барып жумыс истеп. жагдайдынды жаксартып алганнан кейын елге келып. Жаксы касип ашып алганга боладгой

Полат Алемдар

Тыйыш журу де кыйын болып кетти казир шаршадым налог, арест, штраф, анау мынау 70пайыз штраф салатындар гып койсын дурыс адамдар шет ноге кету керек ау дим , калгандары бирин бири отыргызсын сосын , кредиттерди, ломбардтарды бирдене гып жауап, менде кетем ау дим бир жагына буйырса

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар