(Баллада)
Теңіздей тербелген астықты алқапқа көз тіге тұрып осы өңірде 1931- 32 жылдары аштық болып талайлар көмусіз қалған дегенге сену де қиын.
Бұл алайда тоталитарлық жүйенің, бұғаудың шеңгелінде жатқан қазақ қырының бұлтартпас өмір шындығы еді.
Аштық азап
Ақыры жеңгені ме?
Жүріп кетпек алдағы сенгені не?
Жүріп кетпек,
Қалдырып бәрін, бәрін.
Әйелі мен бөбегі – ынтызарын,
Ынтызарын...
Жұтады-ау ажал залым...
Қармау керек көз жұмбай тірлік талын.
Жанбай жатып қалайша сөнеді бұл,
Аузынан шағында төгер жалын?
Шақ емес пе
Өрлейтін өмір төрге?
Өз еркімен
Қалайша кірмек көрге?
Үзілмесе тірліктің нәзік жібі,
Өмір мұны гүлдентіп, көгертер де.
«Қатын жолда» деуші еді « бала белде»,
Аштан өлмек
Асы бар жетпесе елге.
Бір таба нан –
Осы үйдің соңғы дәмі,
Дастарханға оралулы жатыр жерде.
Қолтығына сол нанды қысып алып,
(Қара көрер сезінді күшін анық)
Әйелі мен ұлына: «Қош!» деді бұл.
- Таңдамақшар күнінде ұшыралық.
-Мен қалайын,
Тастама ұрпағыңды! –
Деп әйелі шырылдап көп жалынды.
Сол бір сәтте тоқтатар күш жоқ еді,
Тілек жоқ ед тоқтатар көк жалынды.
Жалғыз мүдде санасын меңдеді анық,
Елге жетсе жығылмай естен танып.
Табады әлі әйелдің көкесін бұл,
Бала сүйед,
Күні ертең болад қарық.
Осы оймен артына бұрылмады,
Ынтызары «әкелеп» шырылдады.
Соңғы таба нанды да бұл әкетті,
Анық еді аштықтан құтылары.
Әйелі мен баладан күдер үзіп,
Тоқ ел жаққа жөнелді ол бетін түзеп.
Аштық артта біртіндеп қала берді,
Қол бұлғады алдынан өмір қызық.
Қилы-қилы тағдырды бастан кешіп,
Бас та емес,
Емес ол аяқта да,
Ел қатарлы жүретін тірлік кешіп,
Әйел алған,
Түзеген шаңырағын,
Тек үйінен шықпады жамырап үн.
Сәби даусын армандап іңгәлаған,
Шаңырақтың сезеді ол қаңырарын.
Келіп жетті ақыры сексен міне,
Есеп бар ғой өткен жыл, көшкен күнге.
Өкінбейді қарттықтың келгеніне,
Тек өлімнен ет жүрек сескенуде,
Сескенуде .
Ажалмен алысуда,
Күрсінеді кеткендей салы суға.
«Мен қалайын, тастама ұрпағыңды!»
Қайдан жетті таныс үн, таныс тұлға.
Бұған қолын созады, жалынады,
Құлағына жетеді талып және.
Сәби даусы «әкелеп» шырылдаған,
– Бұлар қайтіп, тәңірім-ау, қырылмаған,
қырылмаған...
Шал кенет шошынады,
Олар мені жүр екен тосып әлі.
Жанарынан ыстық жас жосылады,
«Айыптымын» дейді де тосылады.
Айыбын ол сол сәтте сезінеді,
Өмірінен өткерген безінеді.
Қылмысы үшін жасаған зар заманда,
Түсіп жатты ол өмір сот тезіне енді.
Сүлеймен Баязитов
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі