Бүгін Мәжілістегі коммунистер фракциясындағы Айқын Қоңыров бастаған депутаттар Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев пен су жаңа Қорғаныс министрі С.Жасұзақовқа қызық әрі әділетті талап қойды.
Депутаттар күнделікті, мерекелік және спорттық болып үш түрге бөлінген мектеп формасы Білім министрінің 2016 жылдың 14 қаңтардағы бұйрығымен бекітілгенін еске салады. «Жазған құлда шаршау бар ма» дегендей ХХІ ғасыр есікте тұрғанда балалардың бәрін инкубатордан шыққандай бір түсті еткенге ата-аналар көніп, қалталарын қағып балаларына форма әперді дейді депутаттар. Сөйтіп, баласын мектепке жіберген 10-11 сыныптардағы балалардың ата-аналарына тағы бір мазасыздық туыпты. Сөйтсе, бастапқы әскери дайындықтан беретін мұғалім менің сабағыма камуфляжды костюммен келесіңдер деп қиғылықты салып жатқан көрінеді. Ондайдың бағасы 20 мыңнан басталып, одан әрі өсе беретін көрінеді. Қалт-құлт етіп, күндерін зорға көріп отырған кейбір ата-аналар «балаларымды мектепке жібердім-ау, әйтеуір» деп «ух» дегенде тағы мынадай талап шығыпты. Бұл талаптың шеті мен шегі бола ма деген бір топ ата-ана Мәжілістегі Коммунистер фракциясына шағым айта келіпті.
Коммунист депутаттар Білім және ғылым министрінің жоғарыда аталған бұйрығында мұндай талаптың жоқ екенін айтып, егер спорттық формамен сіздің ведомствоңызға қарайтын пәнді өткізуге мүмкіншілік болмаса камуфляжды костюмдердің қысқы-жазғы түрлерін мектептерге министрліктің есебінен алып беріңіздер деген талабы бар депутаттық сауал жолдады. Әбден әділетті екені көрініп тұр, бірақ соған жаңа министр көне қойса жақсы ғой...
С.Елеу, сарапшы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі