Түрлі мемелекеттерде студенттер қандай жағдайда тұратындарын бірге тамашалайық.
© domusweb.it
© MillJunction / Facebook.com
Mill Junction, Йоханнесбург. Қалада студенттерді жайғастыратын орындар аз болғандықтан, ескі элеватор осы мақсатқа өзгертілген. Ғимаратта 11 қабат және көптеген жайлы бөлмелер бар.
© anu.edu.au
© anu.edu.au
Burton & Garran Hall, Австралия ұлттық университеті, Канберра. Университеттің 15 жатақханасының бірі. Студенттер қай жатақхананы таңдаса да өз еркі, орын бәріне жетеді.
© studyabroad.arcadia.edu
© studyabroad.arcadia.edu
Гавана университетінің шетелден келген студенттерге арналған жатақханасы, Гавана. Ғимарат студенттердің баспанасынан гөрі тұрғын үйге ұқсайды.
© gf.eeb.utoronto.ca
© chestnutresidence.utoronto.ca
Chestnut Residence, Торонто университеті, Торонто. Оқу жылы кезінде ғимарат жатақхана қызметін атқарса, жазғы демалыста қонақ үй қызметін атқарады.
© blogs.brandeis.edu
© 12ilcatbrown.blogspot.com
Брандей университетінің жатақханасы, Бостон, Массачусетс. Оқу орнының жатақханаларының бірі 1928 жылы салынған Usen Castle атты қорғанда орналасқан.
© Wikimedia Commons
© auckland.ac.nz
O’Rorke Hall, Окленд университеті, Окленд. 12 қабатты ғимарат жыл сайын 350 студентті қабылдайды. Барлық қажетті қолайлықтардан бөлек ойын бөлмесі және волейбол алаңы бар.
© wanderella.wordpress.com
© heinze.de
Олимпиадалық қалашық, Мюнхен. Мюнхен университетінің жатақханаларының бірі бұрынғы олимпиадалық қалашықта орналасқан. Студенттерге жайлы, әрі ғимарат бос қалмаған.
© baulinks.de
© novate.ru
Кәсіби оқу ортылығының жатақханасы, Валга. Ғимаратта рекордты терезе орналастырылған – 410. Әр терезе аралардың ұясы сияқты алты қырлы болып жасалынған.
© somosin.wordpress.com
© utwente.nl
Твенте университетінің жатақханасы, Энсхеде, Оверэйссел провинциясы. Бұл кампустың ерекшелігі – ғимараттың бірінде биіктігі 30 метрлік құзға шығуға арналған қабырға бар.
© menorahgroup.com
© xnet.ynet.co.il
Broshim жатақханасы, Тель-Авив университеті, Тель-Авив. Жатақханада тұру ақысы арзан емес: орташа айына $800. Есесіне студенттер тар бөлмелерде емес, толығымен жабдықталған пәтер-студияларда тұрады.
© ncl.ac.uk
© thestudentroom.co.uk
Ньюкасл университетінің жатақханасы, Ньюкасл-апон-Тайн, Англия. Ғимараттың сырты ескі көрінгенмен, іші толықтай заманауи керек-жарақпен қамтылған.
© gesineindaegu.wordpress.com
© gesineindaegu.wordpress.com
Кеймюнг университетінің жатақханасы, Тэгу, Кёнсан-Пукто провинциясы. Жатақханада жалпы қонақжай бөлмесі, асүй және кір жуатын орыннан бөлек спортзал және кішігірім кинотеатр бар.
© alexhitrov.livejournal.com
© primorye24.ru
Қиыр шығыс федералды университетінің тұрғын корпусы, Владивосток. Кампус өте кең әрі қолайлы. Жаңадан келгендерге дәліздерде бағдар алу қиынға соғады. Жер бедерінің ерекшелігінен ғимараттың кей бөліктері ылдида орналасқан, сол себепті қабаттардың арасынан жаңылыс болады.
© study.today
© study.today
Clubclass Malta University Residence, Лия. Аумақта оқу сыныптары мен жатақханадан бөлек бассейн, фитнес-орталығы, аэробика студиясы, ойын бөлмесі, интернет-кафе, кір жуатын орын, пиццерия, паб және ресторан бар.
© espaergasia.gr
© educatedtravel.com.ua
«Неаполис» университетінің жатақханасы, Пафос. Жоқ бұл мейманхана емес, нағыз студенттік қалашық. Қалашықта оқу, жұмыс істеу және демалу үшін барлығы қарастырылған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Сауль
Эстонияның жатақханасы мықты екен!
altybaeva96
Мағанда Эстония ұнады.
Жанар
Твенте университетінің жатақханасы тіпті керемт!!!