Өлең, жыр, ақындар

Шымкенттің бас мұғалімі жұмысқа ақша беріп қана тұруға болатынын мойындады

Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева жұмысқа тегін тұру неғайбыл екенін жасырмайды. Ол бұл туралы ойын білім саласындағы жаңа жобаларды жүзеге асыруға арналған кездесуде айтып берді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Шымкентте республикада алғаш болып білім саласына қатысты төрт жобаның таныстырылымы өтті. Енді ата-аналар үйінде отырып-ақ балаларын балабақша мен мектепке интернет арқылы кезекке тұрғыза алады. Ол үшін білім бөлімінің ресми сайтына кіруі қажет. Кезекке тұрушылар бала мен ата-ананың ЖСН енгізіп, электронды поштасы және телефон нөмірін жазса болды. Бұл жүйе арқылы ата-ана балабақша не мектепті тұрғылықты мекенжайы бойынша таңдап, тіпті ол білім мекемесі туралы кеңінен ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

«Білім жүйесін автоматтандыру» тақырыбында өткен кездесуде одан өзге оқушының сабақ үлгерімі мен сабаққа қатысқаны туралы мәліметті электронды бақылау жүйесі де таныстырылды. Тағы бір айта кетерлігі, жаңа жобаларды таныстыру барысында мұғалімдерді электронды түрде тағайындау жүйесі де сөз болды. Яғни, енді алдағы уақытта кез келген маман әкімдіктің ресми сайты арқылы бос жұмыс орындарына өтініш қалдырып, тіпті онлайн-тест арқылы жұмысқа орналаса алады. Олардың біліктілігін арнайы комиссия бақылап отырады. Қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, мұндай электронды жүйелер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға үлкен көмегін тигізеді.

«Бұл коррупцияның алдын алу ғой. Осы мәселенің барлығы біз үшін жаңалық болып отыр. Ал әлемдік стандартта тәжірибеге еніп қойған. Шымкентте «электрон» десе тырқылдап күледі шетелдіктер, Мәскеудің өзі күледі бізге. Бұл біздің алға қарай жылжып жатқанымыздың дәлелі. Ашықтыққа келіп жатқанның дәлелі», - деді Шымкенттің бас педагогы.

«Жасыратыны жоқ бізде жұмысқа тұру ақшамен, тегін тұра алмайсың. Маған келесің, Жанат әпке, мені танисыз ғой, әпкем математик, орналастырыңызшы» дейсің... Дұрыс па? Ал бұл жүйеде олай демейсің. Компьютерге тіркелесің, бұл жақсы ғой», - деді Тәжиева ханым.

Білім бөлімінің басшысы бұл жаңа жобаларды сынаушылардың болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

«Сынауы мүмкін, жаман деуі мүмкін. Иә, кемшілік болады. Мен айта алмаймын күшті боп кетеміз деп. Сүрінеміз, бірақ бір нәтиже шығарамыз» деп сөзін түйді Тәжиева. Айта кетейік, ресми түрде таныстырылымы өткен жобаларға 42 млн теңге қаржы жұмсалған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Бекнұр

Ужассс

Жазира

Əр директор сол мектептің қожасындай ғой.

Raimbek

Жүйе дұрыс болса, бəрі дұрыс болады.

Нұрбол

Ауылда тұратындар не истейди интернет жок.

Айша

Бала кутиминен Кейн (декреттик демалыс) жумыска ягни озинин орнына кайтып оралу ушинде акша береди

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар