Ғашық болған сияқтымын тегінде,
Арманым ед көптен бергі бұл менің.
Бір-ақ сәтте бүкіл әлем өзгергендей кемінде.
Басқаша рең алған тектес білгенім.
Саршымшықтың мамық жүні
Желмен ойнап күні-түні,
Алатындай еркіңді,
Жарқын жүзді, алаулаған көркіңді.
Нәзік бұлттар баурап бізді,
Көк күмбезден төгіліп тұр аппақ нұр.
Бәрі - бәрі жаратылыс күшінде,
Соның бәрі менің мұңлы махаббатым үшін бе?!
Жарық дүние ғажайып бұл
Кіргендейін түсіңе.
Абыржимын неге сонша,
Көңілсізбен сәл неге?
Сүйіктім тіптен бөтен жанша
Көрсе мені қалад тіптен бәлдене.
Талгат Гарипов
Қазақ тіліне аударған: Сүлеймен Баязитов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі