Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенінді ұмытпа!-деп Елбасымыз айтқандай еліме азда болса үлесімді қосуға, бар күшімді салып еңбек ету менің басты мақсатым болмақ.
Міне, Қазақстан тәуелсіз ел болғанына биыл 25 жыл болып отыр. Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыз да, жақсылығымыз да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы - Қазақстан. Біз бақытты да ынтымағы мен татулығы жарасқан бейбіт елде тұрып жатырмыз. Ата-бабамыз ғасырлыр бойы аңсап келген Тәуелсіздік 1991 жылдың 16 желтоқсанында бастау алады. Қол жеткізген тәуелсіздік қолызмызға оңай түскен жоқ. Еліміздің басынан небір қиыншылықтар, сұрпайы соғыстыр өтті. Еліміздің тұтастығы мен тыныштығын сақтауға батырлар мен қарапайым халықтар өз жандарын пида етті. Қазіргі Қазақстан бүкіләлемдік проблемаларды талқылыуда және шешуде ықпалды рөл атқарып келеді. Еліміздің тыныштығы мен қауыпсіздігі біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясытының арқасы деп білемін.
Елбасымыз «Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-бабамыз жолымен алдық деп ойлаймын» - деген еді бір сөзінде. Аз уақыт ішінде еліміз ел таңқаларлықтай жетістіктерге жетті. Елбасымыздың арман тілегі жүзеге асып, әлем көз тіккен әсем де, ару қала астанамыз - Астана бой көтерді .Астананың Есіл өзенінің сол жағалауынан әкімшілік орталығы бой түзеді. Мұнда әлем халықтарының өкілдері жиі бас қосып, өзекті мәжілістер мен медиа-форумдар өткізетін орталыққа айналды. Қазақстан ата-бабамыздың мекен еткен ежелгі қонысы. Елімізде сан түрлі ұлттардан құрылған ұлыстар мен ұлт өкілдері бір жеңнен қол шығырып, бір жағадан бас шығырып, тату-тәтті еңбек етіп өсіп-өңіп келеді. Мақтанышпен айтсам, біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдығы татулық пен ынтымақтастықтың асыл үлгісін сақтаудың, мәдениет пен діндердің, үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың басты үлгісін көрсетіп отыр. Елбасымыздың биылғы халыққа арналған «Қазақстан жаңа жиһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында, қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуімізді, отанды сүю бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген болатын. Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз - Қазақстан!
Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздің жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалады. Мың тоғыз жүз алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл - тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата-бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша толқымассың?! Сол ата мекенге оралған қандастардың ішінде мен де өз Отанымның бір кірпіші болып қаландым. Өз ұрпағымды ұлтына қосайын, ұлттық құндылықтарды дәріптейін деп келдім. Ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлағалы отыр. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды. Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар-ұжданы азаттықты тілейді екен. Тәуелсіздік - ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік - арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. Біз жеттік. 1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Бүгінгі Қазақстан - тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді»- деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр. Ата-Заңымызға сәйкес Қазақстан және Қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің ұлтарақтай бөлігін ешкімге бермейді.
Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік -ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар- ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ - студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.
Қазақстан - бай тарихпен, көне мәдениетпен және ерекше табиғатпен ұлы мемлекет. Біздің Елбасымыз - Н.Ә.Назарбаев, дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл. Ата Заңымыз мығым. Біздің Ата Заңымыз - негізгі тәуелсіздіктің нышандарының бірі. Тәуелсіздік - бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз - Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу - өз тағдырына жауап беру деген сөз. Ұлт тәуелсіздігінің басты тұғыры – ұлттық құндылық деп есептеймін. Олай болса әлеуметтік мәні зор ұлттық құндылықтардың мән мағынасын ұғындыру, оны баланың санасына, сезіміне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу мұғалімнен шеберлікті талап етеді. Өйткені, жеке тұлғаның құндылық бағдары туралы түсінікті бастауыш сыныпта қалыптастыру керек. Жеке тұлғаның құндылық түсініктеріне әсер ете оқыту оның ең алдымен, әдептілігіне баса назар аударуды қажет етеді. Өйткені ол - халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттерінің жиынтығы. Тәрбие мектебі болып табылатын қазақтың мақал-мәтелдер мен аңыз-әңгімелері дүниежүзілік тәжірибеде батыстық ұғымдармен сәйкес келе бермейтіні анық. Қазақ дүниетанымының өзегі - адамгершілік. Қазақ: «Жаным - арымның садағасы», «Дүние - қолдың кірі», «Туған елім болмаса, тумай-ақ қойсын Күн мен Ай», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»,- деп, еліне дәстүрін дінмен бекіте отырып, адам қалыптастырудың қайталанбас мектебін жасаған. Жатқа еліктеу - өзін-өзі қор санау. Бұл ұлттық санасы жетілмеген елде болатын көрініс.
Ұлттық мектептің үлгісін қалыптастыруды ұлттық сана мен қазақи кісілікті жан дүниесін қалыптастыру арқылы, әлемдік өркениетке ене аламыз. Әлемдік өркениет бұл - мәдениеттердің бір-біріне бірігуі ғана емес, әр халық мәдениетінің өз болымысын сақтай отырып, әр халықтың өзін-өзі танып-білуі, өркениетті елдер арасында тең дәрежеге жетуі. Мектепте баланың тарыдай болып кірген күнінен, таудай болып шыққанына дейінгі аралығында жан дүниесінің ұлттық рухта қалыптасып, оған ұлттық мәдениет, салт-дәстүр сіңіре білген жөн. Әр бала - Алланың ата-анаға тартқан сыйы, табиғаттың ғажайып құбылысы десек, әр баланың мүмкіндігі жоғары-төмендігіне қарамастан, өзінше тұлға ретінде тануымыз жөн. Оның шығармашылық, даралық қасиетін дамытуға, қиялын шарықтатуға ұмтылып, баланың әр жастағы рухани өзгерісі, табиғи тілегін ескеруіміз керек. Ұлттық мәдениет шәкіртті адамгершілікке, парасаттылыққа, жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Жұмысты ұйымдастыра білу мәдениетіне дейін бәрі құнды. Нағыз азамат би билеу, ән айту, сөйлеу, жазу, білім жинау, киіну, тамақтану мәдениеті, қарым-қатынас, тіл мәдениеті тағы басқа мәдениеттерден хабардар болып, білмегенін меңгеруі және осылардың бәрі ең алдымен ұлттық мәдениетті игеруден басталатынын білу қажет. Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару-қоғам, ұстаздар мен ата-аналар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Сондықтан қазақ халқының ұлттық мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің мәні зор деп есептеймін.
Мектеп тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Ал мектеп мен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісінің атқаратын рөлі зор. Бала тәрбиесіне келгенде ата-ананың да, мектеп ұйымының да, сынып жетекшісінің де жүгінері қаншама заман өтсе де маңызын жоймаған халықтық, ұлттық педагогика. Сондықтан ұлттық құндылықтарды тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру маңызды іс. Қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінің қайта жаңарту кезеңінде кең мағынада насихаттау арқылы әрбір мұғалім, әрбір сынып жетекшісі бала бойына тәрбиенің ұрдығын егеді деп білемін. Бұл оның өмір сүру үрдісінде қажетті құзыреттің қалыптаспағандығын дәлелдейді. Мектептегі жаңа мазмұнда оқыту - оқушының осы түпкілікті құзыреттерін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, білім беру жүйесі оқушы қажеттілігін түпкілікті құзыреттерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Құзыреттер бұл пәндік білімдер жиынтығы емес, ол оқушының білімі, білігі және дағдыларының үйлестірмелі сипаттарымен байланыстыратын жаңадан қалыптасқан сана болып табылады. Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жыры, әдет-ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары,т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі - ұлттық құндылықтарға жатады. Ұлттық құндылықтар ғасырдан ғасырға жалғасқан, өмірдің сынынан өткен, пайдалы екені дәлелденген.
Қазақ халқының ұлттық ойындарының біреуі - асық ойыны. Асық ойнау: баланың ойлау қабілетін дамытады, адамдармен тез тіл табыса білуге үйретеді, денені шынықтырады, қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады, баланың көзі қашықтықтан көруге дағдыланады, мергендікке баулиды, бойдың жылдам өсуіне көмектеседі, таза ауада тері жасушалары ашылып, ағза шынығады. Ал, қазақтың ұлттық бұйымы бесіктің пайдасын өмірдің өзі дәлелдеп, осы уақытқа дейін жетіп отыр. Баланың таза болуы, ұйқысының тыныш болуы өз алдына, баланың ана құрсағынан жарық дүниеге келген соң табиғи өсуіне әсер етеді. Жапонның әйгілі медицина ғалымы Гау Щияу Иде Илаң қазіргі заманғы озық аспаптарды қолдана отырып зерттеу жүргізген. Оның зерттеуі бойынша «сәби өмір есігін ашпас бұрын, ана құрсағында жүріп тербеліске түседі. Алайда өмір есігін ашқан соң жарық дүниеге бірден үйлесе алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай әлдилеп, тербетіп отыру керек» деген қорытынды жасайды. Міне, қазақ халқының ұлылығы, бала жарық дүниеге бейімделгенше, бесікке бөлеп тербеген. Ұлттық Тәуелсіздігіміздің басты тұғыры ұлттық құндылық болса, ел болам десең бесігіңді түзе деген ұлылар сөзінің астарында қаншама ой жатыр емес пе?!
Әдебиеттер тізімі:
1. Зердеңізге тоқыңыз. Көкшетау, 2012 «Ұрпақ тағылымы» [5-б]
2. Ұлттық ойындар. Алматы «Балауса» 2005 [3,4-б]
3. Қазақ тәлім – тәрбиесі. Алматы «Санат» 2015 [13,14-б]
Атбасар ауданы
"Сергеевка орта мектебі" ММ
Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі: Магзум Майра
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі