«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деген емес пе?! Ия, ұстаздар жайлы әңгіме айтылғанда, ең бірінші Мұрат ағай ойыма оралады. Яғни, тарих пәнінің мұғалімі Әшкеев Мұрат Жаманұлы. Біз ол кісінің сабағын асыға күтіп, қызыға тыңдайтынбыз. Өйткені, әр сабағында сонау тарихтың тереңінен әңгіме қозғап, мысал келтіре отырып, біздің көңілімізді өзіне аударып алатын. Содан соң жаңа сабақты өте бастайтын. Сабақ барысын түсіндіре жүріп, әр оқушының қас-қабағын бақылап, ойын оқып отыратын.
«Ұстаз танымды болса, шәкірт білімді,
Ұстаз талапшыл болса, шәкірт ұғымды» болмақ демей ме. Кейбір кездері ол сабақ үстінде өмір жайлы әңгімелер қозғап, ақын-жазушылар өмірінен естеліктер айтатын. Алдағы болашақ өмірімізде баыт-бағдар беріп отыратын. Біздің пікір-кеңестерімізді тыңдайтын. Сол кездері ол бізді өзімен қатар адамдай ұстап, өз ойымызды қысылмай еркін де ашық жеткізуге үйреткен екен. Шәкірттерінің шынайы көңілі мен балаң қиялдарын тыңдап, мәз болатын. Менің ойымша, ұстаз – кірпіштің қалыбы, шәкірт – сол қалыптан шыққан кірпіш болса керек. «Қалыбына қарай кірпіші» - деген сөз осыған орай айтылғандай.
Бұл күнде әрқайсысымыз әр мамандық иесі атанып, әр салада қызмет жасаймыз. Өмірден өз орнымызды тауып, өзімізді таныта білсек, ол Мұрат ағай секілді ұлағатты ұстаздарымыздың арқасы деп білемін. Сіздерге мың алғыс, құрметті ұстаздар!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі