Армансыз пенде болмасы анық. Сол секілді әрбір жас жеткіншек бала шағында болашағында кім болатынын армандайды. Мен де ойын баласы шағымда әр қиялдың жетегінде жүретінмін. Арманда шек бар ма?! Әрине, болашақ мамандықты таңдау оңай шаруа емес. Адам өмірде екі нәрсені таңдағанда қателікке жол бермегені жөн: бірі-өмірлік серік болар жар таңдағанда,екіншісі- өміріне көрік болар мамандық таңдағанда. Мен өз болашақ мамандығым ретінде ұлы кемеңгер, дана Абай атамыздың: «Болмасаң да ұқсап бақ» -деген сөзін мәйек етіп, өңірімнен түлеп шыққан журналистердің салған сара жолымен ұлт жанды, көзі ашық, көкірегі ояу қазақтың азаматы болып, еліме - адал қызмет етіп елдің үкілеген үмітін ақтар, халық сөзін сөйлер журналист болуға бекіндім. Және де дұрыс шешім қабылдыдым деген ойдамын. Журналистика - қызығы мен қиындығы қатар жүретін, көп ізденіс пен мол білімді қажет ететін сала. Жазған мақалаңның мықтылығына әріптестеріңмен ұжым басшыларының көзі жетуі үшін, оқырманның ойынан шығуы үшін жазған шығармаларыңның қозғар өзекті тақырыбы қандай болуы шарт? Қалам ұстағанның бәрі дерлік ел жадында қаларлықтай жақсы журналист атана бермейтіні де, осы аталмыш мамандықтың қиындығын әйгілері ақиқат. Ендеше жақсы журналистке қандай қасиет тән? Нендей талаптың үдесі қажет? Ең алдымен адалдық және де «Бал тамған өтіріктен, қан тамған шындық керек»,- демекші шынайылық керек. Қазіргі заман талабына сай қазақ журналистеріне тән ең басты қасиетті ғалым Н.Омашев «...Ең әуелі алдындағы ақ қағазға ,қаламға адалдық керек: қарақан басының қамынан гөрі ел мүддесі, халық тағдыры, Отанның бүгіні мен келешегі қашанда бірінші тұруы басты талап»,-дейді. Ел жұрттың жайын өткір шыншылдықпен айта білуде жеткіліксіз, дегенмен журналистің қайығын жағаға жеткізуге ұшқарлылық, білімі,өмір тәжіребиесі, дарын керек. Осының бәрі бір арнаға тоғысқан да ғана журналистің жазғаны барша оқырманның назарына еріксіз шалынады, оқылады. Бұл мамандықты таңдаудағы басты мақсатым: ой еркіндігі мен сөз бостандығына қол жеткізіп, бүгінгідей мәңгүрттік дерті саналарды улап жатқан қоғамда, бұқара жүрегіне жылу сыйлап, журналистиканың жілігін шағып, майын ішетін нағыз «төртінші билік» иесі, білікті маман болу. Сонымен қоса қазақ журналистикасының әлемдік деңгейге көтеріліп, өзгелермен «терезесі тең дәрежеге» жетуіне тамшыдай болса да өз үлесімді қосу. Әрине, қаламы қарымды, жан-жақты, дарынды журналист болу оңай емесі анық. Олай болса шырылдап шындықты айтып, жақсылыққа жаршы, хабаршы болу - бүгінгі күннің тілшісінің басты міндеті деп пайымдаймын.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі