Өлең, жыр, ақындар

Интернет – ауқымды компьютерлік желі

Шымкент аграрлық колледжінің
КТК9-141 тобының студенті: Шамил Айдана
Ғылыми жетекшісі: Баинбетова Б.Р.

 

Мақсаты: Оқушылардың интернет беттерінен тез ақпарат алуын қадағалау.

Мекемеде бірнеше компьютерлерді порт құрылғылары арқылы байланыстырып, бір-бірімен информация алмасатын жергілікті компьютерлік желі құру қиын емес. Олардың бірін бірнеше компьютерлерге ортақ, басқа компьютерлердің кейбір информация ауыстыру жұмыстарын орындайтын негізгі түйінді компьютер етіп дайындайды да, оны Сервер (қызметші қойма) деп атайды.

Түрлі жергілікті жүйелерді бір-бірімен кабель, т.б. арқылы қосу да мүмкін.

Қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің бірі — дүние жүзі елдерінің жергілікті және ғаламдық желілері арнайы қызмет көрсету программалары арқылы байланыстырылып қойылған. Ғаламдық желілерді Интернет (Іnternet) желісі деп атайды (inter— интернационал, халықаралық; network — желі). Яғни Интернет — түрлі елдердің миллиоңдаған компьютерлерін біріктіретін халықаралық компьютерлік желі.

Мұнда Интернетке қосылған компьютер сервер арқылы желіге қосылған кез келген компьютерге түрлі мәлімет жібере және өзіне жіберілген мәліметті қабылдай алады.

Компьютерлік желілер жергілікті (бір ұйымдық), аймақтық және дүние жүзілік болып түрлі түрге бөлінеді. Аймақтық желі Іntranet желісі деп аталады, оның Internet желісінен айырмашылығы жоқ, тек ерекшелігі — оның компьютерлері арнайы бір жұмысқа арналған. Мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің компьютерлері Іnternet желісі бойынша жұмыс істейді (негізгі банктің компьютерлері оның барлық филиалдарының компьютерлерімен финанстық мәліметтер алмасады.

Интернеттің артықшылығы - ол түрлі көлемде әр алуан тақырып бойынша өзінде сақтаулы мәліметтерді экран бетінде көрсетіп бере алады. Мысалы, берілетін мәліметтер: күнделікті саяси жаңалықтар; медицина саласында, коммерциялық және банкілер саласында қызмет көрсету; спорт саласындағы соңғы жаңалықтар; мекемелердің адрестері (мекен-жайы) сияқты түрлі мәліметтер; қашықтан оқытуға арналған электрондық оқулықтар, ғылыми жұмыстар, рефераттар және т.б. Электрондық оқулықтар сияқты күрделі мәліметтер жастардың кредиттік технология бойынша өз бетімен білім алуына үлкен көмегін тигізетіңі сөзсіз.

Кейбір компьютерлер Интернетке тұрақты қосылып, желіге келіп түскен мәліметтер қозғалысын басқарып тұрады. Оларды Интернет серверлері деп атайды. Сервер арқылы Интернетке жеке компьютерлердің қосылуы да мүмкін.Қазіргі кезде қосылуды ұйымдастыратын мекеме — провайдер атаулы коммерциялық компания. Компаниямен шарт жасасып, Интернетке қосылатын компьютер үшін парольді (Раssword), желілік арнайы аты-жөніңізді (Login), телефон нөмірін және Интернетпен жұмыс істеу тәсілдерін айқындап алуыңыз керек.

Windows-тың жұмыс үстелінен Іnternet белгішесін екі рет шерткен кезде, алғашқы рет Интернетті бапқа келтіру терезесі көрінеді. Оларға провайдермен келіскен жоғарғыдай шартбелгілер (аты-жөніңіз, т.б.) енгізілсе, Internet Explorer терезесі көрінеді. Интернетке жалғанған жеке компьютерді Internet Explorer –ге бірден қосуға да болады.

Интернет тек дүние жүзілік желі емес, оның жұмысы — информациялық кеңістікке түрлі форматта қызмет көрсету. Қызмет информация алмасатын түрлі хаттамаларға негізделген. Олардың ең кең тарағаны 1990-жылдардан бастап шыға бастаған "Дүние жүзілік өрмек" — Word Wide Web (WWW). Көбінесе оны қысқа түрде Web (Веб) деп атайды.Веб-тің негізгі қызметі— қажетті информацияны іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні — мәліметтер, графиктер, фотосуреттер, Веб-беттер түрінде дайындалып сақталған электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы — оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін НТМL атаулы арнайы тіл пайдаланьглады (Нуреr Техt Маrkup Language — гипермәтіндік белгілеу тілі). Яғни Веб-беттер серверде ерекше НТМL форматында сақталады. НТМL-дің орындайтын жұмысы — құжат тақырыптары мен абзацтарды белгілеу, гипермәтінге арнайы белгілер орнату.

Веб-бет — кішігірім мәтін не үлкен мәтіннің бір бөлігі. Әдетте үлкен көлемді құжат бірнеше блоктарға бөлініп, әр блок бір Веб-бет ретінде қарастырылады. Мысалы, жоғарғы оқу орны үшін Веб-беттерді мынадай түрде дайындау мүмкін:

— факультет атаулары, мамандықтар;

— кафедралар, олардың қызметкерлері жөнінде мәліметтер;

— әр жылда оқу орнын бітіруші студенттер тізімі.

Веб-те бір тақырыпқа арналған Веб-беттерді ретімен не оларды байланыстырып керсету де мүмкін. Соңғысын Веб-түйін деп атайды.

Веб-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Веб-бетте жазылған сөз не сөз тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады. Оны гиперсілтеме деп, сілтеме енгізілген мәтінді гипермәтін деп атайды. Гиперсілтеме үшін мәтін үзіндісінің қысқаша мазмұнын, тақырыбын не суретті белгілеу де мүмкін. Экранда көрінген Веб-бетте гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша келесі Веб-бетті экранға шығару үшін сілтемеге көрсеткішті әкеліп, ол сұқ саусағы мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде тышқан түймесін шерту жеткілікті.

Сұрақтар:

1. Интернетке компьютерді байланыстыратын қандай үй парақшасын білесің?
2. «Интернет» сөзі қандай мағына білдіреді?
3. «Веб» дегеніміз не?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз