Өлең, жыр, ақындар

Аяулы анам

Жамбыл облысы, Шу қаласы
№49 негізгі мектебі
3 сынып оқушысы: Сағымбай Нұрай Бағланқызы
Жетекшісі: Ордабаева Назира Равшанқызы

 

Мен осы шығармамды аяулы анама арнағым келеді. Анам мен үшін дүниедегі ең қымбат жан. Маған жарық дүние сыйлап, әлпештеп өсірген, түн ұйқысын төрт бөліп, барлық керегімді алдыма тосып, дамылсыз тыным таппай жүретін ол - Анам. Менің анама деген махаббатым шексіз. Ана жайлы айтып тауыса алу мүмкін емес.

Ана! Ана! Ана! - дегенде толқымайтын жан жоқ шығар. Ана бала өміріндегі ерекше жан. Ана - менің өмірдегі тіреуім. Сәби кезімізде түнде шырылдап жылағанымызда анамыз ылғи жанымыздан табылған.

Мен қуансам менімен қуанған, ренжісем көңілімді аулайтын жан ол – Анам. Мен анам жайлы бір-екі шумақ өлеңмен қорытындылағым келеді.

Аяулы анам, ақ анам
Ақ сүт беріп баптаған.
Сырласым әрі қорғаушым,
Бар сырымды сақтаған.
Анамды өзім сыйлаймын,
Өзгеге оны қыймаймын.
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Анашым сізді ойлаймын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Бахтияр

Нурай карындасым жарайсын би1ктерден корине бер саттилик тлеймин жаным

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз