Өлең, жыр, ақындар

Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында сабақты тиімді ұйымдастыру

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы
«С.Мәуленов атындағы орта мектебі» КММ
Физика пәні мұғалімі: Мадиева Эльмира Куандыковна


Бала болашағы үшін бүгінгі күні қоғам алаңдаулы, тіпті, оқушының өзі де. Жан-жақтан ағылып жатқан ақпарат өте көп, бірақ соны сараптау, бүгінгі ұрпақтың келешегі үшін маңызды деген білімді анықтау және оқушыға жеткізу – басты мәселе. Жас балаға дайын академиялық білімді тауып беруден гөрі, қажет білімді өзіне меңгерте отырып, өзі мен өзгені бағалай алуға және игерген білімді өмірге жарата білуіне көңіл бөлінуде. Әсіресе, шағын жинақты мектептерде сабақ өткізудің өзіндік қиындықтары бар. Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі – еліміздегі шағын жинақты мектептер қызметін дамыту болып отыр. Бүгінгі таңда еліміздегі мектептердің басым көпшілігін шағын жинақты мектептер құрайды. Бұл мектептердің ерекшелігі – мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді. Осы орайда шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы сабақты тиімді ұйымдастыруда бірдей жастағы немесе білім саласы бойынша пәнаралық байланыстары бар пәндерді біріктірген тиімді. Мұндай ұстаным балалардың ерекшелігіне сай әртүрлі жастағы ұжымда бейімделуіне мүмкіндік береді. Біріктірілген сыныптарда оқу үрдісі екі, тіпті үш сыныпта қатар ұйымдастырылатындықтан, мұғалім әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана жұмсайды. Бұл, көбінесе, негізгі пәндерді, әсіресе, физиканы оқытуда қиындық туғызады. Мұндай сабақтарда мұғалім, алдымен, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын, оның түрін, оған кететін уақытты және басқа сыныпта мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыстарды анықтап алуы керек. Сондай-ақ мұндай сабақтар жоғары сынып оқушыларының өздігінен жұмыс істеуіне, мұғалімнің төменгі сынып оқушыларына көп көңіл бөлуіне, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Екі сыныпты қатар оқытқанда, сабақ берудің негізгі 3 типі болады:

- екі сыныпқа да жаңа материалды түсіндіру сабағы;

- екі сыныптың бірінде жаңа материалды түсіндіру, ал екінші сыныпта қайталау немесе есепке алу сабағы;

-екі сыныпта да өткенді қайталау сабағы.

Біріктірілген сыныптарда бірпәндік оқытуды ұйымдастыру оқушының оқу әрекетін жан-жақты қалыптастыруға мүмкіндік берсе, ал әр сабақты өткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау – ұстаздан кәсіби шеберлік пен ізденімпаздықты талап етеді.

Жаңа материалды өткенде, мұғалім оқушылардың ізденушілік жұмысын ұйымдастыра білу қажет. Сабақтың басты мәселесін шешпес бұрын оқушылар ойланып, жаңа жағдайда қалай әрекет ету қажеттігін өздері түсінуі тиіс. Сабақтың міндеті тақырыпты жай баяндаудан тұрмауы тиіс, өйткені бұл кезде танымдық мотивтердің оқушылар үшін маңызы болмайды. Танымдық қызығушылық тудыру үшін «қиындықтарды жеңу» мәселелерімен ұшырастыру керек. Мұғалім оқушыларға арнайы сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін құрып, ізденіске жетелеп отырады. Олар сұрақтарға жауап бере отырып, оқу әрекеттері деп аталатын пәндік және ойлау әрекеттерін орындайды. Оқу әрекетіне қажетті компоненттің бірі -өзін-өзі бағалау әрекеті болып табылады. Бала өз іс-әрекетінің нәтижелерін бағалап, алға жылжу мүмкіндігін сезінеді. Бұл кезеңде әрбір балаға табысқа жету жағдаятын құрудың пайдасы зор. Осы тұрғыда сабақтың қорытындылау кезеңінде кері байланыс орнату маңызды. Өткен сабаққа өзіндік баға берумен қатар, өзіне де бағалау парақшасын ұсынып, өз әрекетіне де сын көзбен қарауды қалыптастыру керек.

Бүгінде мұғалім – ақпараттанушы, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Кешегі жастарымыздың көбі қолдарында «көк қағазы» бола тұра, екі қолға бір күрек таппай жүрген кейпін ел көрді. Бойдағы бар білімді шынайы өмірге қолданар тұсын таба алмай, басы қатқандарын да кездестірді. «Көш жүре түзеледі» деген даналыққа сүйене, бүгінде заман ағымына ілесу керектігін ұғынды. Сабақтарда әртүрлі тиімді стратегияларды пайдалана отырып, оқушылардың алған білімін өмірмен байланыстыру көзделді. Заман талабына байланысты өңделіп, білім беру үрдісіне еніп жатқан жаңа технология саны да күннен-күнге артып жатыр. Шамамен қолданыста елуден астам жаңа технология түрі бар. Бұл технологияның бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Бұдан нені аңғаруға болады? Әр сабақтың ұйымдастырылуы мұғалімнің тәжірибесі мен шеберлігіне келіп тіреледі. Олай болса, жас ұрпаққа тәрбие, білім берудің бір әдісі - сабақты барынша түрлендіріп өткізу болса, сол әдіс-тәсілдерді дұрыс бағытта пайдалансақ, оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беретініміз сөзсіз. Осы орайда білім беру саласындағы қызметкерлердің жауапкершілігінің арта түскенін елбасы  Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің  ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» -деп атап көрсеткендей, үлкен міндетті арқалаудамыз, әріптестер.

Өз тәжірибемде шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарына арналған физика пәнінен сабақтардың  құрылымы, оқытудың әдіс-тәсілдері және сабақтарды ұйымдастыру үлгілері әзірленді. Бұл өзге  мұғалімдердің де көмегіне жарап қалар деген ниетте бөліскенді жөн санадым. Екі сыныпқа да жаңа материалды түсіндіру сабағына үлгі ұсынамын:

Сабақтың тақырыбы

 

Механикалық энергия.

Механикалық энергияның сақталу заңы ()

Жарықтың сынуы.

Жарықтың сыну заңдары (8с)

 

Жалпы мақсаты

 

1. Механикалық энергия және оның түрлеріне анықтама беру.

2. Энергияның сақталу заңынын формуласын қолдана білу.

 

1. Жарықтың сынуы ұғымымен танысу, анықтама беру.

2. Сыну заңы формуласын және сыну құбылысының схемалық суретін сала білу.

 

3. Тәжірибе жүргізу барысында бұрын алған білімдерін пайдалану

4. Өмірде қолдана білуді меңгерту.

 

Жетістік критерийлері

 

   Оқушы мақсатына жетеді, егер

   - энергияның сақталу заңын тұжырымдай алса;

   - механикалық энергияның  формуласын жаза алса;

   - тәжірибе жүргізу барысында сақталу заңын түсіндіре білсе;

   - бақылау нәтижелері бойынша өз пікірлерін жеткізе алса.

   Оқушы мақсатына жетеді, егер

   - жарықтың сыну заңдарын тұжырымдай алса;

   - сыну көрсеткішінің формуласын жаза алса;

   - тәжірибе жүргізу барысында сыну құбылысының схемалық суретін сала білсе;

   - бақылау нәтижелері бойынша өз пікірлерін жеткізе алса.

 

Құндылықтарды дарыту

 

Жұппен жұмыс жасау барысында бір-бірінің пікірімен санасу, бір-бірінің жұмысына кедергі жасамай, уақытқа бағыну

 

Пәнаралық байланыс

 

Геометрия

 

                                                Сабақтың барысы  І.Ұйымдастыру

 

   Амандасу. Түгендеу. «Шаттық шеңберін» өткізу.

   Оқу мақсатымен және жетістік критерийлермен таныстыру.

 

                                                  Мағынаны таңы. Ой қозғау

 

   Индукция кезеңі.

   Индуктор – металл шардың жоғарыдан төмен түсіп келе жатқан суреті көрсетіледі.

   Тапсырма: Дененің күйі, жағдайы қалай өзгереді?

   Демонстрация:

   Серіппеге ілінген жүктің қозғалысы.

   Серіппеге ілінген жүк қалай  қозғалды?

    Жүк неге тоқтады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тестік тапсырма орындау.

   1. Төмендегі тұжырымдамалардың қайсысы жарықтың шағылу заңын сипаттайды?

1). Түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады;

2). Түсу бұрышының синусының сыну бұрышы синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады;

3). Түскен сәуле мен сынған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады;

4). Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең;

а)1,2;  б) 3,4;   в) 2,4;    г) 1,4;   д) 1,3;

   2. Шағылу бұрышы дегеніміз – бұл:

а) түскен сәуле мен шағылған сәуле арасындағы бұрыш;

б) шағылған сәуле мен түсу жазықтығы арасындағы бұрыш;

в) шағылған сәуле мен түсу жазықтығына тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш;

г) шағылған сәуле мен түсу жазықтығындағы кез-келген сәуле арасындағы бұрыш;

д) сәуленің түсу бұрышына байланысты

   3. Жарық сәулесі тегіс айнаның бетіне түсіп, одан шағылады. Түсу бұрышы 450 болса, шағылу бұрышы қаншаға тең?

а) 300 ;   б) 1200 ;  в) 450 ; г) 900 ; д) 600;

   4. Сәуленің түсу бұрышы 250 . Түскен және шағылған  сәуле лердің арасындағы бұрыш неге тең?

а) 250;  б) 900;  в) 650; г) 500;   д) 00;

   5. Қандай айнаның көмегімен күн сәулесін пайдаланып, бірнеше жүз градус температураны алуға болады?

а) жазық айна;

б) ойыс айна;

в) дөңес айна;

г) жазық-дөңес айна;

д) а-г жауаптарының ішінде дұрысы жоқ.

 

Ой толғау

 

1. Жұптаса отырып шағын топ ішінде тапсырманы талдау, бір-біріне айтып беруі, дайындығы

   1. Энергия – қандай ұғым? Мысалдар келтіру.

   2. Механикалық күй дегеніміз не?

   3. Механикалық энергия дегеніміз не? Мысалдар келтіру

  4. Механикалық энергияның қандай түрлері бар?

  5. Энергияның сақталу заңының мәнісі неде?

2. «INSERT»-стратегиясы:

Мен нені білемін?

Мен нені білгім келеді?

Мен нені білдім?

 

 

 

3.  Сурет,сызба арқылы сабақтың мазмұның толықтыру.

1.Мәтінменен жұмыс.  Түртіп алу стратегиясы.

Оқулықтағы материалдар бойынша негізгі мәселелерді анықтау, негізгі сызбалармен заңдылықтарды тезис түрінде  постерге түсіру, қорғау

2.Мұғалімнің презентациялар арқылы сабақтың мазмұнын толықтыру.

 

3. «INSERT»-стратегиясы:

Мен нені білемін?

Мен нені білгім келеді?

Мен нені білдім?

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

«Сиқырлы қалпақ» Мұғалім оқушыларға оқулықтарын төбелеріне қойып орындықтан тұруларын сұрайды, оқулық құлап қалмау керек. Осы жағдайда қолдарын кезек-кезек жоғары көтеріп, денесін оңға және солға бұрады, одан кейін бірінші бір аяғын сосын екінші аяғын тізеге дейін көтереді. Оқулықты құлатып алмау керек. Орындап болғаннан кейін орындарына отырады

 

Ой толғаныс

 

1.«Автор орындығы»- стратегиясы топтарға бірдей тапсырма беру, орындау, жауап беру.

 

№1.тапсырма

Аталған жағдайдың қайсысында потенциялық, қайсысында  кинетикалық энергия туралы сөз болады:

Мысалдар

Ер

Ек

Иілген серіппе

 

 

Соққан жел

 

 

Сарқырамадан құлап аққан суда

 

 

Сығылған ауада

 

 

Үй шатырының шетінде жатқан таста?

 

 

    №2.тапсырма              

Механикалық жұмыс

Жұмыстың формуласы

Мех.Энер.түрлері

Энерг. формуласы

Жұмыстың энерг өзгерісімен байланысы

Ға

 

 

 

 

Ғсерп

 

 

 

 

Ғүйк

 

 

 

 

2. Есеп шығару.

Массасы 100т ұшақ Жерден 1км биіктікке көтерілгенде жылдамдығы 200м/с болады.оның жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?

№1.тапсырма      

 

№2.тапсырма

 

2.Есеп шығару.

 

 

Сабақты қортындылау

 

   1. Бағалау. 2. Үйге тапсырма:§57.33-жаттығу №1-3; §68 ,69. 29-жаттығу №5

   3. Рефлексия. Смайлик арқылы

 

Бағалау парағы.    Аты-жөні:

сыныбы

7/8

         Тапсырма саны

Жұмыс түрі

1

2

3

4

5

Жалпы ұпай

 

1

Индукция кезеңі/ Тест

 

 

 

 

 

 

2

№1 тапсырма

 

 

 

 

 

 

3

№2 тапсырма

 

 

 

 

 

 

4

есеп

 

 

 

 

 

 

   Барлық ұпай саны

 

 

   Бағасы

 

 

*индукция кезеңі бойынша/тест бойынша әр бір дұрыс жауабына 1 ұпай. *тапсырмалар орындалу дәрежесіне байланысты 1-5  ұпай аралығында бағаланады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз