– Мотивация – жетістікке жетуді қамтамасыз ететін ынталандырушы күш.
– Бұл күшті іске қосу әркімнің өз қолында.
– Өз өнімділігіңізбен жарысыңыз, оны арттыруға, жетілдіруге тырысыңыз.
– Қазірге дейінгі (бар болса) сәтсіздіктеріңіздің артта қалғанын ойлаңыз.
– Әр жаңа күннің жаңа бастауыш болатынын ұмытпаңыз.
– Еңбегіңіздің зая кетпейтінін міндетті түрде жемісін көретініңізге сеніңіз.
– Өз-өзіне деген сенімділік өте маңызды. Қандай да бір істі орындай алатынына немесе алдына қойған мақсатына жете алатындығына, жетістікке жететініне сену осы жолдағы ең әсерлі күш-жігер беретін мотивация.
– «Бұл іс қиын», «бұл сабақ қиын» деген сияқты тежеуші ойлардың орнына «Қажетінше тырысатын болсам бұл менің қолымнан келеді» деп ойлау керек.
– Жетістікке жетудің ең маңызды негіздерінің бірі алға мақсат қою.
– Мақсатсыз адам, жүзетін бағытын білмейтін кемеге ұқсайды. Оған ешкім көмек бере алмайды.
– Қазіргі сәттен бастап алдыңызға мақсат қойыңыз.
– Қысқа, орта және ұзақ мерзімді мақсаттарыңызды жоспарлаңыз. Осы жыл ішіндегі басты мақсаттарыңызды белгілеп ынта-жігерлеріңізді осы мақсатқа шоғырлаңыз.
– Іс-шараларыңызды маңыздылығына қарай реттеңіз. Күш-жігеріңізді маңыздыларына жұмсаңыз.
– Алға қойған мақсатыңызды үлкен әріптермен жазып, мәселен жұмыс столыңызға қарсы алдыңызда көрінетіндей етіп іліп қойыңыз.
– Адам бір нәрсені бүкіл ынта-жігерімен, шын жүрегімен қалап тырысып бақса, оның ала алмайтын қамалы болмайды. Еш нәрсе қол жеткізе алмайтындай биікте емес.
Назар аудар:
Өмірді өзгертетін 15 қарапайым ереже
Жұмыстың астында езіліп қалмау керек
Daniyar
Алдын тек орыс сайттарынан акпарат жинайтын едим. Енди мине казак тилинде сайттар пайда болыпты. Рахмет сиздергеGaliya
рахмет көп-көп !
темирбек айгуль
маған ұнады 10.01.2018
Ақнұр
Өте қатты ұнады қарапайым тілде қысқа нұсқа түсіндірілген рахмет алға тек кана✊
Мика
Осындай мотивацияны арттыруға себепші болатын жаңа материалдарыңызды жиі жариялап тұрсаңыздар абзал болар еді. Осы бағыттағы дүниелерді қызыға оқып, сіздерден пайдалы ақпараттар аламын. Рақмет!
Ешматова Айгул
Осы пайдалы кеңестерді қолданамын
Марат
Қысқа нұсқа, пайдалы!