Бүгінгі таңда локалды желінің кабельдік жүйесінің сапасынан қалыспайтын, жоғары жылдамдықты аумақтық арналар байланысының пайда болуымен, ауқымды және локалды желі арасында айырмашылық күннен күнге азаюда. Ауқымды желіде локалды желі қызметі сияқты қорларға кірудің тиімді және қолайлы қызметі пайда болды. Осындай мысалдар көп мөлшерде өте белгілі Ethernet ауқымды желісінде көрсетіледі. Локалды желі де өзгереді. Компьютерлерді біріктіретін белсенді емес кабельдің орнына көп мөлшерде әртүрлі коммуникациялық құрылғылар – коммутаторлар, маршруттаушылар, шлюздер пайда болды. Осындай құрылғының арқасында өте күрделі құрылымы бар және мыңдаған компьютерді есептейтін үлкен корпоративті желіні құруға мүмкіндік туды.
Локалды және ауқымды желіні бірдей дәрежеде қамтитын тағы бір өте керекті үрдіс пайда болды. Онда бұрынғы есептеуіш желісіне кірмейтін ақпараттар – дауыс, бейнекескіндер, суреттер өңделеді. Бұл коммуникациялық құрылғылардың, желілік операциялық жүйенің және хаттаманың жұмысына өзгеріс енгізуді қажет етті.
Есептеу желілері – бөлінген жүйелердің жеке жағдайлары. Компьютерлік желі бөлінген (немесе орталықсыздандырылған) есептеуіш жүйелеріне жатады. Мәліметтерді өңдеу орталығының бар болуы бөлінген есептеуіш жүйесінің негізгі белгісі болып табылады. Бірақ компьютер желісімен қатар бөлінген жүйеге мультипроцессорлы компьютер және көпмашиналы есептеуіш кешені жатады.
Мультипроцессорлы компьютерде өзінің бағдарламасын басқалардан тәуелсіз орындайтын бірнеше процессорлар бар. Мультипроцессорда процессорлар арасындағы есептеуіш жүктемесін жедел бөлетін барлық процессорға ортақ операциялық жүйе бар. Жекеленген процессорлар арасындағы өзара қатынас жалпы жедел жады арқылы ұйымдастырылады. Барлық процессорлар үшін барлық перифериялық құрылғылар жалпы мультипроцессорлы жүйе болып табылады. Мультипроцессор терминалды орналасуды қолдамайды. Оның барлық блоктары қарапайым компьютердегідей бір немесе бірнеше жақын орналасқан құрылғыда орналасады. Мультипроцессордың негізгі ерекшелігі – бірнеше компьютердің параллель жұмыс жасау барысындағы жоғары өндірушілігі.
Көпмашиналық жүйе – бұл құрамына бірнеше компьютер (әрқайсысы өзінің операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді), сонымен қатар компьютер байланысының бағдарламалық және аппаратттық құралдары кіретін есептеуіш кешені.
Кез келген көпмашиналық жүйенің жұмысы басты екі компонентпен: процессормен байланысты жоғары жылдамдықты механизмммен және қолданушылар мен қосымшалар кешеніне кіретін барлық компьютердің қорларына көрінерлік, қатынауды жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етумен анықталады.
Байланыс құралдарының құрамына, жүйенің реконфигурациясымен және есептеу синхрондалуымен және есептеуді жүктеумен айналысатын бағдарламалық модульдер кіреді. Егер кешен компьютерлерінің біреуінде бұзылудан жұмысы тоқталатын болса, онда оның тапсырмалары автоматты түрде басқа компьютерге ауысады және сонда орындалады. Егер көпмашиналық жүйенің құрамына сыртқы құрылғылардың бірнеше басқарушылары кірсе, онда біреуі жұмысын тоқтатқан кезде басқа басқарушылар автоматты түрде жұмысты жалғастырады. Көпмашиналық жүйенің параллель өңдеу мүмкіндігі мультипроцессорлы жүйемен салыстырғанда шектелген: егер параллель орындалатын тапсырмалар мәліметтер бойынша бір-бірімен тығыз байланысты болса, онда параллельдену тиімділігі күрт төмендейді. Компьютерлер арасындағы қашықтық, дискілік ішкі жүйе мен процессорлы блок арасындағы байланыс ұзақтығымен анықталатын болғандықтан, көпмашиналық кешенде аумақтық бөлектену қамтамасыз етілмейді.
Есептеуіш желілерінде аппаратты және бағдарламалық байланыстар өте әлсіз болып табылады, ал өңделетін блоктардың автономдылығы жоғары дәрежеде көрінеді. Желінің басты элементтері не ортақ жады блогы, не ортақ перифериялық құрылғылары жоқ стандартты компьютерлер болып табылады. Компьютерлер арасындағы байланыс арнайы перифериялық құрылғылардың – желілік адаптердің көмегімен жүзеге асырылады. Әрбір компьютер өзінің операциялық жүйесінің басқаруымен қызмет етеді, ал компьютер желісінің арасындағы жұмысты анықтайтын «ортақ» операциялық жүйе болмайды. Компьютер желісінің арасындағы өзара байланыс желілік адаптер және байланыс арналары арқылы хабарлама жіберу барысында жүреді. Осы хабарламалардың көмегімен бір компьютер басқа компьютердің локалды қорларына қатынауды сұрайды. Мұндай қорларға дискіде сақталатын мәліметтер, сонымен қатар перифериялық құрылғылар – принтерлер, модемдер, факс-ақпараттары және т.б. кіреді. Ақпараттық технология аясында соңғы жылдары компьютерлік желілердің құрылуы мен дамуынан басқа, аса маңызды да белсенді дамитын бағыт болмады деп айтуға болады. Қоғамды ақпараттандыру қарқыны компьютерлік ортада байланыс құралдарын өңдіруден де көрінді. Басқару саласында компьютерлік желілердің кеңінен таралуының мынадай негізгі себептерін атап көрсетуге болады:
біріншіден, есептеу қуаты бүгінгі күні көптеген тәжірибелік есептерді шешуге мүмкіндік беретін қымбат емес копмьютерлердің таралуы;
екіншіден, бір ұйымның компьютерлер пайдаланушыларының қажетті өзара ақпаратпен алмасуы, ортақ желілік бағдарламалық, аппараттық-ақпараттық қорларды бірігіп пайдалану және де басқа ұйым немесе мекемелердің есептеу желілерінің қорларына қол жеткізуге ие болу;
үшіншіден, желіде компьютерді жеңіл әрі тиісті түрде арзан қосуға мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық коммуникациялық құралдардың кең көлемде пайда болуы.
Ең қарапайым желі (network) кем дегенде бір-біріне кабель арқылы жалғанған екі компьютерден тұрады. Бұл олардың деректерді бірлесіп қолдануына мүмкіндік береді. Барлық желілер күрделігіне қарамастан, осы қарапайым пікірге негізделеді. Кабель арқылы компьютерлерді біріктіру идеясы коммуникациядағы үлкен жетістік болды. Деректерді бірігіп пайдалану мүмкіндігі болу үшін - тәжірибелік қажеттіліктен компьютерлік желілер туды. Бір-біріне байланыс құралдары арқылы қосылған компьютерлер мен басқа да құрылғылар тобын желі деп атайды. Құрылғылар мен ортақ пайдаланылатын компьютерлер ресурстарын біріктіру тұжырымдамасы желілік әрекеттестік деп аталады.
Желідегі пайдаланушылар келесілерді бірігіп қолдана алады:
• деректерді;
• принтерлерді;
• модемдерді;
• факстерді;
• басқа да қондырғыларды.
Компьютерлік желі үш негізгі аппараттық, екі бағдарламалық компоненттерден құрастырылып, компоненттердің өзара келісімді әрекеттесуі арқылы қызмет етеді.
Негізгі аппараттық компоненттер:
• абоненттік жүйелер - компьютерлер (жұмысшы стансалар немесе клиенттер мен серверлер), принтерлер, сканерлер, т.с.с.
• желілік құрал-жабдықтар - желілік адаптерлер, концентраторлар (хаб), көпірлер, маршруттаушылар және т.б..
• коммуникациялық арналар – кабельдер, қосқыш ұяшықтар, сымсыз технологиялардағы деректер жіберу және қабылдау қондырғылары.
Негізгі желілік бағдарламалық компоненттер:
• желілік операциялық жүйелер - Windows NT, Windows NT Server, Windows for Workgroups, LANtastic, NetWare, Unix, Linux және т.б..
• желілік бағдарламалық жабдық (желілік қызметтер) - желі клиенті, желілік адаптерлер, хаттамалар, қашықтықтан ену қызметі.
Жергілікті есептеуіш желі – ол желілік операциялық жүйе мен бағдарламалық жабдық арқылы басқарылып, жұмыс жасайтын компьютерлер, байланыс арналары, желілік адаптерлер жиынтығы.
Алғашқы компьютерлік желі 10 компьютерді және бір принтерді біріктіретін 1980 жылдардағы ең әйгілі желі түрі 30 компьютерден, ал кабель ұзындығы 185 метр болған. Сондай-ақ желі бір ғимарат ішінде ғана орналасқан. Кіші фирмалар үшін бұл конфигурация бүгінгі күнге дейін ұтымды болып саналады. Бұл желі жергілікті есептеуіш желі деп аталады (ЖЕЖ, LAN - Local area network). Алғашқы желі түрлері бөлімшелері әр жерде орналасқан кәсіпорындардың талаптарына сәйкес келмеді. Компьютерлік желінің артықшылығы даусыз болғандықтан және нарықты желілік бағдарламалармен толтыра бастаған соң, бәсекелестікті сақтап қалу үшін корпорациялардың басты мақсаты желіні кеңейту болды. Қазір ЖЕЖ-лер бір-бірімен байланысып (орналасқан жерлері әсер етпейді), ауқымды – ауқымды есептеуіш желіге айналды (АЕЖ, WAN (Wide Area Network)).
«Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК
арнайы пәндер оқытушысы
Абилхаирова Меруерт Абилхаирқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Пәленшеева Пәленше
Бұл жерде барлығына қажетті мәліметтер бар екен, өте керемет