Өлең, жыр, ақындар

Тұрғыны жоқ қала

Кангбаши – әлемдегі ең үлкен елес қала.

Көшелер мен алаңдарда тірі пенде жоқ, қаңырап қалған кеңселер және сауда орындары.

Көпқабатты үйлер қоныстануға асықпайтын тұрғындарын күтуде.

Бағдаршамдарда «жасыл» мен «қызыл» ауысып жұмыс істейді, бірақ қиылыстан өтер ешкім жоқ.

Ешбір жаяу жүргінші жаяулар өткелін күткен жоқ.

Кейде, өте сирек, бірен-саран жаяу жүргіншілер байқалады. Талапқа сай олар сарғыш киім киеді және маңайды тазартумен айналысады.

Қалалық кітапхана ғимараты және жергілікті тарих мұражайы. Есіктері жабық, алайда мөлдір шыныдан ішінде келушілерге арнап барлығы жабдықталғандығы көрінеді.

Сонымен алпауыт қалаға не болған, неліктен мұнда ешкім тұрмайды?

Кангбаши – Қытай мен ішкі Моңғолияның Ордос қалалық ауданына кіретін автономиялық аудан. Көмір сатудан ерекше байлыққа кенелген жергілікті билік, тұрғындар мен инвестиция тарту мақсатында мүлде жаңа қала тұрғызбаққа шешім қабылдайды. Кангбаши қаласының ауданы – 350 шаршы километрді құрайды.

Тамаша шыққан жоба. Тек тұрғылықты мекенжайларды салумен шектелмей, бірден бүткіл инфраструктураны қамтитын дүкендерді қоса есептегенде, кеңселер мен саябақтар да тұрғызылған. Моңғолдың ұлттық стиліндегі саябақты «күшті жылқы», «әділетті хан», «төзімді түйе» бейнелеріндегі ескерткіштер әрлей түседі.

Саябақтың басқа жағында орналасқан дәл осындай ескерткіштер алтынды түсте жасалған.

Ешбір жан теппейтін көше велосипедтері. Ал, қараңыз! Біреуі де ұрланбаған. Бұл жерде арнайы күзет болмағанымен, қалаға кіру еркін.

Қаланы екі жаққа бөліп тұрған өзен және алпауыт Будда.

«Мұнда опат болған адамдар жөнінде кино түсіруге болады» - деп, жазады фотограф, әрі саяхатшы Александр Беленьский.

Бірақ, бәрінен бұрын таңқалдырарлық жайт: мұнда жылы! Толық тұрғызылмаған пәтерлерде ЖЫЛЫ БАТАРЕЯЛАР бар.

Қайткенмен бұл қалада отыз мыңға жуықтайтын адамдар тұрады. Қала миллионға шақталған. Өзге аймақтарында ешбір жан болмағанымен көңілдірек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (11)

Ерболат

Астанама деп қалсам))

Ақнұр

Айтпа Астана болса қоқысқа толы болар еді

Батыс

Нагып қытайлар толмай жүр

Қонақ

Негееее ешкім тұрмайды , қазақтардың 70 % ипотека төлеп жүр .Көшу керек қой

Бика

Қызық екен, дегенмен бір түрлі

Физик

сонымен, бұл қала неге "тастанды қала"ға айналған? Нақты себебін жазбапты сайт. Жаздыңдар ма, соңына дейін жазыңдар. Заклевал әнәссссс!!!!

Алма

Физик, бұл және осыған ұқсас мақалалар жазылмаса жүрере ең кругозорың "заклеванный" болып. Біздің халық жаман үйреніп алған бәрі соған қарыз сияқты. Саған тек мемлекет және мелекеттік жобалар ғана қарыз, соларға ғана міндет талабыңды айтуыңа болады. Ал қалғандарына тек ӨТІНІП ҰСЫНЫС жасай аласың, қабылдаса алғыс айтасың, қабылдамаса өзің жазасың болмаса құйрығыңды қысып шүкір қыласың.

Ерқожа

Алма, толықтай сенімен қосыламын. Физик, "Жаздыңдар ма, соңына дейін жазыңдар." деп талап ететіндей құнын төлеп қойыппең? Жоқ әкеңнің болмаса өкіметтің сайтымеді?

Бір қаланың дүкенінде жағдайы нашарларға тегін нан таратылған екен. Дүкеннің иесі сол игі іс үшін күніне белгілі бір мөлшерде нан бөліп отырады. Сөйтсе күндер өте жаман үйреніп алған нанкөр халық нан бітіп қалса сатушыларды боқтап, бөлдіңдер ма, баршаға жететіндей етіп неге бөлмейсіңдер, мен күніге келіп жүрмін, неге маған алып қоймайсың... деп айқай шығарып, талап ететін болыпты. Дүкеннің иесі бұлардың сөздерінен шаршап нан таратуды доғарыпты.

Әр кім өзінің орынын біліп жүрсе бұл әлем кішкене жақсырақ бола түседі...

PS: Пруф ОРНЫНА мына сілтеме жарап қалады деген ойдамын: https://www.youtube.com/watch?v=QrBX52mCsDg

Бану

Мүмкін емес. Қалайша қытай халқы жағаламай жүр.

Тоқай

Қытай мықты халық қой

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз