Өлең, жыр, ақындар

Бернандо ЛаПаллоның ұзақ өмір сүруінің сыры

Дүние жүзінде ең ұзақ өмір сүрген адамдардың қатарынан орын алып, 114 жыл өмір сүрген (1901 ж.) АҚШ-тық жазушы Бернандо ЛаПалло телеарнаға берген бір сұхбатында ұзақ өмір сүрудің сырымен бөліседі. «Баяу қартай, ұзақ жаса» атты кітаптың авторы Лапалло жылдар бойы ұстанған тамақтану жүйесінің арқасында осындай жаста болуына қарамастан өте жас көрінген екен. Елдің түрлі аймақтарын аралап салауатты өмір салты тақырыбында семинарлар өткізіп жүрген жазушы көбінесе органикалық жеміс және көкөністермен қоректенетінін және көп су ішіп және жүйелі түрде жаяу серуендейтінін айтты. Санасын сергек ұстау үшін тұрақты түрде кітап оқып, жұмбақ шешу секілді зейін жаттығуларына жоғары мән беретіндігін мәлімдеді. Лапалло жалпылама қалыпсыз жағдайларды есепке алмағанда күнде кешкісін 21:30-да жатып, таңертеңгісін 04:00-де тұратынын айтады.

 

Міне ЛаПаллоның ұзақ өмір сүруінің рецепті:

1. Сарымсақ.

Иммунитетті нығайтады, организмді қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды. Микропты болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішекқұрттарды жояды, қақырықты түсіреді.

2. Бал.

Мыңдаған жылдар бойы адамдар әрі тағам, әрі ем ретінде пайдаланған. Тарихта жараларды және асқазан ауруларын емдеу жолында да пайдаланылған. Витамин және минералға өте бай болған балда, әсіресе A, B1, B2, B6, H және PP витаминдерімен бірге кальций, магний, натрий, йод, ферум, калий сияқты минералдар мол мөлшерде кездеседі. Бұдан басқа құрамындағы 12 түрлі фермент, әр түрлі ауруларды емдеуде пайдасы бар.

3. Даршын (Корица).

Даршын – әлем бойынша танымал, көп қолданатын дәмдеуіштердің бірі. Даршынның хош иісі мен тағамдарға керемет дәм беру қасиетіне оның қолжетімділігі мен пайдалы қасиеттерін және ең бастысы, арықтауға көмектесетінін қоссаңыз, даршыннан асқан дәмдеуіш таба алмайсыз.

Соңғы зерттеулер бойынша, даршын қан құрамындағы қант пен холестерин шамасын төмендетіндігі дәлелденді. Оның құрамындағы полифенолдар – мықты антионсиданттар жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады екен. Құрамындағы тағы да бір ерекше пайдалы зат – қоңыр альдегид қан тамырларында тромбтардың пайда болуының алдын алады. Қазірде жүрек-тамыр жүйесінің аурулары аяқ асты өлімге әкелетін ең жиі кездесетін дерттердің бірі екендігі белгілі, даршын бұл жүйенің саулығын сақтайтын ем бола алады.

4. Қара шоколад.

Шоколад – бақыт, көтеріңкі көңіл сыйлайтын бір энергия көзі. Қаншама ғасырдан бері рухани антиоксидант (ағзаны зиянды заттардан қорғайтын химиялық зат) болып саналады. Денеміз күні бойы шаршайды және су жоғалтады, қоршаған ортаның ластығы, темекі түтіні, ультракүлгін сәулелер сияқты сыртқы орта факторларының, сонымен қатар ағзадағы табиғи реакциялардың нәтижесін де зиянға ұшырап, «токсин» деп аталатын көптеген улы заттар пайда болады. Сондықтан ағзамыздағы токсиндерден арылу үшін көп мөлшерде антиоксидант қабылдауымыз керек. Ал мұның ең қарапайым жолы – шоколадтың өзінде. Құрамындағы Е дәрумені, магний және темір жүрек ауруларына шалдығу қауіпін азайтады. 

5. Зәйтүн майы.

Зәйтүн майын тұрақты түрде пайдалану асқорыту жүйесін қалыпқа түсіріп, холестерин дәрежесін төмендетіп, жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады. Зәйтүннің тағы да бір тамаша қасиеті қатерлі ісік ауруына душар болу қаупін сейілтетіндігінде және мұның бәрі де ғылыми түрде дәлелденген.

Диабет ауруын емдеудегі зәйтүн майының ерекшелігін айтпай кетуге болмайды. Соңғы зерттеулер бұл майдың диабетті қадағалап тұра алатындығын көрсетті. Сондай-ақ, күн сайын аш қарынға қабылданатын 1 қасық зәйтүн майы, иммунитетіңізді күшейтуге, артық салмақтан арылуға және ас қорыту мәселелерін шешуге көмектеседі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Қадиша

Ибн сина адамның денесі егер дұрыс пайдалансаң 140 жылға жарайды деген екен. Темекі, арақ, қозғалыссыздық, лас ауа, қажеттен тыс ашу, сапасыз тағам адамның өмірін қысқартады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз