Өлең, жыр, ақындар

Жаңғақ суының пайдалары

Жаңғақ суы әрі арықтауға, әрі денсаулықты нығайту үшін де пайдалы болып табылады. Америкалық Денсаулық сақтау басқармасы (FDA) баяндамасында да жаңғақтың құрамындағы Омега-3 майларының арықтау мен қоса мидың жұмыс істеуіне пайдалы екендігі мәлімденген. Жаңғақтың құрамында денедегі артық майлардың еруін қамтамасыз ететін протеин негіздері барын айтқан мамандар қарапайым және қол жетімді мына әдісті қолдануға кеңес береді.  

Жаңғақ суы былай дайындалады:

Кешке жатар алдында бір стакан суға бір дана (шағылған) жаңғақты бөлшектеп салып таңға дейін осылай қалдыру керек. Таңертеңгісін аш қарынға осы суды ішіп, жаңғақ дәндерін жеу керек.  

Жаңғақ суының басқа да пайдалары:  

Ағзаны іштен тазалайды, іш қатуын кетіреді. Іш қатуы, жүрмеуі келеңсіздігі барлар да осы әдісті қолданса болады. Сонымен қатар суға жаңғақпен бірге екі дана кепкен өрік (курага) қосса әсері жақсырақ болады.      

Омега-3 майларымен жүйке жүйесін қорғайды.  

Бауырды жақсартып, гормондарды реттейді.  

Шаш және тырнақ саулығы үшін пайдалы.  

Жаңғақ өте пайдалы азық түрі және каллориясы да үлкен. Сондықтан жаңғақты асыра сілтеп шамадан артық тұтынудан да сақ болу керек.  

Оқуға кеңес береміз: Жаңғақтар және пайдалары


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Айру Ахмет

Қолдағы бардың қадірін білмейміз, ауырып емделгенше ауырмайтын жол ізде деп бекер айтпаған ғой атам қазақ, үйде жаңғақ көп, мына қарапайым әдісті міндетті түрде қолданып көру керек!

Айсұлу

Супер, пайдалы кеңес

Нара

Соңғы кезде жаңғақтың пайдасы туралы көп естіп жүрмін

Бибигуль

Мен доктордын дəрілерін қолданбаймын
Кенестеріңізге көп-көп рахмет

Мадиар

Негізі дәріден гөрі түрлі шөппен, дұрыс тамақпен емделген дұрыс сияқты, әрине маманынан сұрап, ең бастысы ауырмай тұрып жолын табу, мысалы арақ ішпеу, шылым, темекі тартпау, дұрыс тамақтану, тәтті жемеу….

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз