Өлең, жыр, ақындар

Менің жеңісім

Мен Мәкудің Сарасы,

Өлеңге бар таласы.

Ұлы ақынның бүгінгі,

Заманауи жаңасы.

Осылай бастау алған менің алғы сөзім республикалық «Шарықта, шырқа, Жас қыран» атты балалар мен жасөспірімдер арасында өткен шығармашылық байқау мені жеңіс тұғырына жеткізді.

Қыркүйек айының соңғы күні мені үлкен қуанышқа бөледі. Тараз қаласында өтілген  бұл сынақ мені ширатқандай. Жарыс жайлы айтпас бұрын, дайындығым жөнінде сөз қозғайын.

15 қыркүйек күні жетекшім Қасенова Фатима Жүзжасарқызы осы байқауға қатысу туралы ұсыныс білдірді. Уақыттың тығыздығынан ба, әлде, жоғарғы деңгейдегі жоба болған соң ба, әйтеуір, бір қорқыныш бар. Қорытынды жыл болғандықтан қосымша сабақтарым өте көп және «ақындық өнермен» сахнаға шыққан емеспін. Осы екі ой мені байқаудан алыстатса да, бағымды сынап, шабытымды шыңдауға таптырмас тартыс деген ой  мені сынаққа итермеледі.

Сонымен мен байқаудамын. Ендігі күнім тек дайындықпен өтті. 3 минут болуы тиіс екі шығармам орта есеппен 30 шумақтан тұруы қажет болды. Бара-бара сайыс ережесі қиындаса да  менің құлшынысым ортаймады. Анамның, ұстазымның сенімі мені одан әрі баули түсті. Алайда, ауқымды өлең жазып, жазып қана қоймай оны республика көлеміндегі байқауға шығару, әлі тәжірибесі жеткіліксіз мына мен үшін қиынға түсті. Деседе, үйде анамның, мектепте екінші анамның қамшы салдырған сөздері менің дайындығымды ілгерілетті.

Байқау күні. Кезек маған түсіп, туындымды орындап шықтым. Байқауға дейін бас жүлдеге сенімді болған ұстазымның үміті орындауымнан соң еселене түсті. Енді міне, мен жеңіс тұғырындамын. Бұл жетістік үйде қолдау білдірген ата-анамның, маған қалтқысыз сенген ұстазымның, ең бастысы жүлдені маған 16 жасымда бұйыртқан Алланың арқасы.

Бұл сайыста тек ақындық қабілетім қарқындаған жоқ, сонымен қатар Фатима Жүзжасарқызынан алған өмірлік сабағым да бар.

...Сене білген адам, сезіне де біледі екен. Бұл тағылым менің бойыма кішкентайымнан сіңгеніне шүкірден өзге айтарым жоқ. Сондықтан  сіз де сене біліңіз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар