Өлең, жыр, ақындар

Тілін білмеген – түбін білмейді

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№7 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

 

 

 

Тілін білмеген –

 түбін білмейді

/Танымдық сайыс/

 

 

 

 

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі В.Қ.Балтабаева

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей  қаласы

 

Сайыстың тақырыбы: Тілін білмеген – түбін білмейді

Мақсаты: а) Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдің қоғамдық - әлеуметтік қызметін таныстыру, тіл мерейін көтеру;

ә) Ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой өрісті кеңейту, тұрақты сөз тіркестері, мақал - мәтелдер және көнерген сөздердің мағынасын ашу, табиғатын тану.
б) Ізденімпаздыққа, шешендікке, ізгілікке тәрбиелеу, ана тілін қастерлеуге баулу

Құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, тапсырмалар жазылған слайдтар,  қанатты сөздер, суреттер,  қазылар алқасына жауаптардың қорытындылары жөніндегі қағаздар, тірек сызбалар.
Түрі: танымдық ойын

Әдісі: сайыс

Өту барысы

Жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар!  Мектебімізде 22 қыркүйек Тіл мерекесі апталығы ұйымдастырылған болатын. Сол апталықтың аясында өткелі отырған бүгінгі шарамызға қош келдіңіздер. Тілдер мерекесі құтты болсын!

Адамзат дүниеге келген соң ана тілінде сөйлеп, ана тілінде ән салады. Ана тілі – біздің ар - ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ. Тіл - халықтың ажырамас бөлігі. Ұлы Абайдың өзі «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп таңырқап тағзым еткен тіл. Тілімізге құрмет жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз. Тіл туралы қаншама кестелі сөз айтсақ та тауыса алмаспыз.

Ана тілім, дана тілім - Тәңірім
Сақтай білген сан ғасырлар жарығын
Тілім менің, Абай, Ахмет сөйлеген
Бұғаулауға, шұбарлауға көнбеген.

«Тілін білмеген – түбін білмейді» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайыс кезеңдері
1. Таныстыру, сәлемдесу
2. «Кім білгір?» мақалшылар сайысы   (мақалды жалғастыру)
3. Мәнерлеп оқу сайысы  (тіл туралы)
4. Көрініс көрсету   (шешендік сөздерден)
5. 4. «Ән көңілдің ажары» сайысы  (тіл, отан, туған жер)
6. «Мың бұралып, билейміз» бишілер сайысы   (ұлттық би)

 

Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерге әділ төрелігін айтатын әділ қазылар алқасымен танысайық.

Әділқазылар алқасы:

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері

У.А.Жакимбаева

Г.Е.Рахимбаева

А.Ж.Зарипова

Сәлем - сөздің анасы, сөз атасы
Ұстаздардың қабыл болсын батасы
Қол соғып, ортамызға тарландарды
Шақырсақ, болмас сөздің еш қатесі - деп ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырамыз
9 «А» және 9 «Б» сыныптарының оқушыларынан құралған екі топты ортаға шақырамыз.

1. Сайысымызды топтардың таныстыруынан бастаймыз.

2. «Кім білгір?» сайысы

Мақал - мәтел - бабадан қалған мұрамыз,
Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз.
Мақалбай атай сұрағын алып келіпті,
Сайыскер топтар, көңілмен тыңдап тұрамыз.

Екі  топ тақтада жазылған мақалддардың бірінші бөлігін оқып,  жалғасын табады. Қай топ бірінші жауап берсе ұпай саны сол топқа қосылады. Әр мақал бір ұпаймен есептеледі.

1. Шешен сөз бастар...
2. Жақсы байқап сөйлейді...
3. Әншейінде ауыз жаппас...
4. Тіл - адам ойының....
5. Жасыңда қылжаң болсаң.....
6. Тисе терекке....
 

7. Айтылған сөз...
8. Аңдамай сөйлеген...
9. Бал тамған тілден....
10. Шебердің қолы ортақ....

3. Мәнерлеп оқу сайысы

Кейінгі ұрпақ жырларын жаттап қанықты,
Үлгі тұтып бәйтеректей сан алыпты.
Көкірегі ояу, сезімді ұрпақ, қайдасың,
Өлеңдер оқып, өзіңді - өзің танытшы!- деп, келесі кезекте тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысына береміз.

І топ. Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі /Қасымов Қайсар/

ІІ топ. С.Торайғыров «Туған тілім – ана тілім» /Нығметова Елдана/


4. «Ән көңілдің ажары» сайысы
Ана тілім - ардағым, мәртебелім,
Сен ғайып боп кеткенде қайтер едім?
Қадірін де халқымның біле алмай,
Қалар ма еді айтылмай айтар әнім - дегендей өз әндерімен топ әншілерін ортамызға шақырамыз.

І топ. «Көзімнің қарасы» А.Құнанбаевтың әні. /Мұрсалимова Аяжан/

ІІ топ. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» Ш.Құдайбердіұлының әні. /Маратов Нұрлыбек/

5. Көрініс көрсету сайысы

Мәңгі өлмес, мейлі заулап көшер заман,
Жиреншедей дария шешен бабам,
Қазыбек, Төле, Әйтеке - ердің құнын
Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам.

Сайыстың келесі бөлімінде әр топтың би - шешендердің шешендік сөздерінен дайындаған көріністерін тамашалаңыздар.


6. «Мың бұралып, би билейміз» бишілер сайысы
Халқыңның әдет - салтына
Ойлана қарап түйін түй
Шаттық сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән мен би - деп ортаға мың бұралған бишілерімізді шақырамыз.

Әділқазыларға сөз беріледі.

Топтар  марапатталып, қорытындысы шығарылады.

Әуездісің, әдемі тілі елімнің
Әуенісің ұлан - байтақ жерімнің
Самғай берсін шартарапқа өр үнің - деген тілекпен тіл мерекесіне арналған сайысымызды аяқтаймыз.
Баршаңызға да рахмет!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер