Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Жиынды ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт» деп атап өтілгенін жеткізді.
Мемлекеттік хатшы білімнің жаһандық экономикасында бәсекеге түсе алатын үміткерлерді сапалы іріктеп алу үшін тиісті шара қабылдау қажеттігін атап өтті. Бұл ретте, елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын ескере отырып, меритократия қағидатын ұстану қажет.
Отырыс барысында Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ «Болашақ» стипендиясының іске асырылуына қатысты бірқатар мәселе қарастырылды.
Комиссия шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамытудың 2018-2025 жылдарға арналған жоспары мақұлданды, 2018 жылғы Басым мамандықтар тізбесі бекітілді. Жаңартылған тізбе еліміздің Үшінші жаңғыруының міндеттерін іске асыруға бағытталған 160 мамандықтан тұрады. 2018 жылға 555 стипендия бөлу көзделді.
Биыл стипендия магистратура мен докторантурада оқуға, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 309 үміткерге тағайындалды. Стипендия иегерлерінің тізімін мына сілтемеден көшіріп алуға болады.
Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі іске асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі