Жоспар — білімді адамдардың арманы
Эрнст фон Фейхтерслебен , ағылшын ғалымы, философ, әдеби сыншы
Өз ісіңді таңдап, оны қалай ұйымдастыратыныңды шешіп алу қажет. Демек, ол алдағы болашақты жоспарлау деген сөз. Бизнес-жоспар барлық адамдарға, атап айтқанда:
• Өз жобасын іске асыру үшін қарызға ақша сұрайтын адамдарға, яғни банкирлер мен инвесторларға.
• Өз міндеттері мен болашағын түсіну үшін сіздің қызметкерлеріңізге.
• Өз идеяңыздың шынайылығы мен нақтылығын тексеру үшін өзіңізге керек.
Бизнес-жоспар – бұл:
1. Болашақ кәсіпорынның немесе жобаның барлық негізгі қырларын сипаттайды.
2. Оның ықтимал барлық проблемаларына талдау жасайды.
3. Анықталған проблемалардың шешу жолдарын қарастырады.
Дұрыс жасалған бизнес-жоспар - «Ойластырылған іс ақша салуға лайық па және ол барлық жұмсалған шығындардың орнын толтыратын пайда әкеле ме?» деген сұрақтың нақты жауабы болып табылады.
Маңызды! Оны компанияның болашақ және қазіргі көшбасшылары, яғни бизнес-жоспарды іске асыру үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алатын адамдар жоспарлауы тиіс. Бұл дегеніміз, әрине, осы саладағы кеңес берушілер мен сарапшылардың қызметін пайдаланбау керек деген сөз емес. Алайда, консалтингтік фирмалар оны құру үшін 2 мың АҚШ долларынан бастап 40 мың АҚШ долларына дейін қомақты қаржы сұрайтыны белгілі. Оны аз шығын жұмсай отырып, өзіңіз де жасай аласыз. Бұл жұмысқа тікелей өзіңіз кірісу арқылы болашақ қызметіңіздің үлгісін жасап қана қоймай, өзіңіздің және түпкі ойыңыздың беріктігін тексере аласыз.
Сонымен, бизнес-жоспардың негізгі мақсаты: кәсіпкерлерге келесі міндеттерді шешуге көмектеседі:
- Болашақ нарықтың сыйымдылығы мен даму келешегін зерттеу қажет.
- Нарыққа қажет өнімді өндіру үшін шығындарды бағалау керек. Оларды бағамен салыстыру қажет.
- Істің жағдайын реттеуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерді анықтау керек.
Есіңізде болсын! Бизнес-жоспар әдетте болашаққа арналып жазылады және оны 3-5 жыл ілгеріге құрған жөн. Бұған қоса, бірінші жыл үшін негізгі көрсеткіштерді айға, екінші жылы – тоқсанға бөлу қажет, тек үшінші жылдан бастап жылдық көрсеткіштермен шектелген дұрыс. Алайда, біздің экономикамызды, оның тұрақсыздығын есепке ала отырып, бір жылдан астам уақытқа бизнес-жоспар құру – тиімсіз болмақ. Сондықтан, қазір көпшілік адамдар жоспарды тек бір жылға құрумен шектелуде.
Бизнес-жоспардың құрылымы күрделі. Фирманың құрылған сәтінен бастап оның тұрақты және орнықты болғанға дейінгі өмір тарихы іскерлік тілмен жазылуы керек, бірақ ол адамдарға анық және түсінікті болуы тиіс. Бизнес-жоспар кез келген кәсіпкерге, қаржыгерге және банк қызметшісіне, сондай-ақ әлеуетті серіктеске түсінікті болғаны жөн. Құпиялылық туралы меморандум бизнес-жоспармен танысқан тұлғалармен ондағы ақпараттың құпия екендігін ескерту үшін жасалады. Меморандумда көшіруге, жобаны үшінші тұлғаға беруге тыйым салу және жобаны авторға қайтару туралы талап болуы мүмкін.
Бизнес-жоспар қысқа әрі нұсқа болуы шарт. Кейде мәселенің мәнін ашып көрсету үшін оның мазмұнын едәуір тереңдетіп жібереді. Ұсынылатын көлемі: 30-70 бет, одан асырмау керек. Ал, қалған барлық қосымша материалдарды бизнес-жоспардың қосымшасына енгізген дұрыс.
Есте сақтаңыз! Қысқа да нұсқа ақпаратты ұсынған маңызды.
Сізге ескеруге қажетті басты дүниелер мыналар:
1. Аннотация (1 бетке дейін) – жоғары басшылыққа жазбаша жолданым.
2. Резюме (1-3 бет) – бизнес-жоспармен танысуға арналған негізгі ақпарат.
3. Бизнес–жоспар (45-60 бет) — сарапшылар мен инвестордың мамандары жобамен егжей-тегжейлі танысу үшін қажет.
Қаперіңізде ұстаңыз! Кез келген бизнестің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сәйкесінше, барлық жағдайда қолданылатын «стандартты» жоспар да болмайды. Бизнес-жоспар жасаудың тек жалпы қағидалары, құрылымы ғана бар.
Әрі қарай бизнес-жоспардың мазмұнын толығырақ баяндайық.
Сіздің бизнесіңіз қорытындыдан басталуы тиіс. Сіз, әрине, оны ең соңғы кезекте жазасыз. Бірақ, ол сіздің бизнес-жоспарыңыздың ең бірінші тармағында болуы керек. Резюме – жазылып қойған бизнес-жоспардың қорытындысы. Бұл – әлеуетті инвесторлардың көпшілігі оқитын жалғыз бөлім.
• Бизнес-жоспардың мақсаты.
• Қаржыға мұқтаждық, олар қандай мақсат үшін қажет.
• Бизнестің және оның мақсатты тұтынушысының қысқаша сипаттамасы.
• Бәсекелестерден басты айырмашылықтар.
• Негізгі қаржылық көрсеткіштер.
1. Мақсаты мен міндеттері
Бұл жерде сіз идеяларыңызға талдау жасау (SWOT–анализ) керексіз. Мықты және әлсіз тұстарын, сондай-ақ мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді ашу қажет.
• Идеяларға талдау жасау.
• Қызметіңіздің мақсаты (неге қол жеткізгіңіз келеді)
• Салаға сипаттама беру.
2. Өнім (қызмет көрсету)
Бұл бөлімнің анық, нақты әрі барлығына түсінікті тілмен жазылуы өте маңызды.
• Өнімге немесе қызмет көрсету түріне және оны қолдануға сипаттама беру
• Бірегейлік
• Бизнеске қажетті технологиялар мен біліктілік
• Лицензия/патенттік құқық
3. Нарыққа талдау жасау
Нарық пен маркетинг – барлық компания үшін шешуші фактор саналады. Сіз алдын ала ауқымды көлемдегі «қолжазбалық» ақпаратты жинап, оны сұрыптап алуыңыз қажет.
• Сатып алушылар.
• Бәсекелестер (олардың мықты және осал тұстары).
• Нарықтың сегменттері.
• Нарықтың көлемі мен оның өсу шегі.
• Нарықтағы бағалау үлесі.
• Клиенттеріңіздің құрамы.
• Бәсекелестіктің ықпалы.
4. Маркетинг жоспары
Бұл кезеңдегі негізгі міндет – әлеуетті инвестордың сеніміне ие болып, ықыласына бөлену. Егер сіздің арнайы біліміңіз болмаса, маркетинг туралы кітаптар оқып, мамандардың көмегіне жүгінгеніңіз жөн.
• Маркетингтік орналастыру (бәсекелестермен салыстыра отырып, өнімдердің, қызмет көрсетудің негізгі сипаттамаларын көрсету).
• Баға белгілеу (тауарлардың бағасын қалай дұрыс қою керек).
• Тауарларды тарату сызбасы.
• Сатылымды ынталандыру тәсілдері.
5. Өндіріс жоспары
Мұнда сіз жалға алатын ғимаратыңызға, оның орналасқан жеріне, жабдықтарға, қызметшілерге қатысты барлық мәселелерді қарастыруыңыз керек.
• Ғимаратыңыздың немесе кеңсеңіздің орналасуы.
• Жабдықтар.
• Негізгі материалдар мен жабдықтарды жеткізетін дереккөздер.
• Қосалқы мердігерлерді пайдалану.
6. Басқарушылық қызметкерлер
Инвестиция бизнес-жоспарға емес, нақты адамдарға салынады. Сондықтан, бұл – аса маңызды тармақтардың бірі саналады.
• Негізгі басқарушылық құрам.
• Қызметкерлер құрамы.
• Ақы төлеу.
7. Қажетті ресурстар көзі және көлемі
Бұл тармақта сіз төмендегілерге қатысты өз ойларыңызды қалыптастыруыңыз керек:
• Қажетті қаржы көлемі.
• Оны алу көздері, тәртібі, мерзімі.
• Қаражатты қайтару мерзімі.
8. Қаржы жоспары мен қауіп-қатерлерге талдау жасау
Іскер адамдар санмен жұмыс істегенді жақсы көретіндер және одан қорқатындар болып екіге бөлінеді. Бірінші топқа кіретіндерге бизнес-жоспардың бұл тармағы – өте маңызды болмақ.
• Сатылым көлемі, табыс мөлшері, тауардың өзіндік құны және т.б.
• Қауіп-қатерлер мен олардан құтылудың жолдары.
9. Егжей-тегжейлі қаржылық жоспар
Өзіңіздің бизнес-жоспарыңызға егжей-тегжейлі қаржылық жоспарды енгізуіңіз қажет:
• Сатылым көлеміне болжам жасау.
• Пайда мен шығынды бағалау.
• Қолма-қол ақша ағынына талдау жүргізу (бірінші жылы ай сайын, кейін тоқсан сайын).
• Жылдық теңгерімдік тізімдеме
Бизнес-жоспарды құру бойынша бірнеше кеңес айта кеткен жөн:
1. Ең алдымен, басқа адамдардың жасаған бірнеше бизнес-жоспарымен танысып шығыңыз.
2. Бизнес–жоспар сіздің даралығыңызды көрсетуі тиіс.
3. Бизнес-жоспарды әзірлеу – еріксіз қиялыңызды талап ететін жұмыс.
4. Таңдаған бағыт бойынша дағды мен тәжірибе жинақтаңыз.
5. Моральдық және физикалық тұрғыдан жүдеген кезде емес, бойыңыз күш-қуатқа толы күндері жазыңыз.
Сәттілік серігіңіз болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Фариза
Жеке кәсіп ашу ушин кандай жоспар кажет және ен алғашқы қадамды неден калай бастау кажет?