Бүгінде Аустралияда шамамен 25 мың шетел студенті туристік және жұмыс істеу визаларымен ағылшын тілінің қысқа мерзімді курстарынан, сондай-ақ туристік бағдарлама бойынша тағылымдамалардан өткен.
Білім сапасы мен шетел студенттерінің сенімділігін жоғарылату мақсатында Аустралия үкіметі халықаралық білім беру мекемелеріне талапты күшейткен. Сонымен бірге ел үкіметі оқу мен оқыту жүйесінің тұрақтылығын реттеп отыру үшін тиісті заңнамалық кодекстер мен нормативтік құжаттарды әзірлеген. Нәтижесінде аустралиялық диплом әлем бойынша беделге ие.
1. Елдегі 10 мың мектеп, 660 кәсіби-техникалық оқу орны мен 39 университет жоғары сапалы білім беру бағдарламаларымен жұмыс жасайды. Көптеген ЖОО-дары арнайы мамандандырылған салаларда жетістікке жеткен, атап айтсақ ақпараттық технология және телекоммуникация бойынша әлем мойындаған. Бұдан бөлек ересек адамдарға (жасына қарай) арналған қоғамдық колледждер желісі жұмыс жасайды.
2. Университет деңгейінде түрлі пәндер бойынша гуманитарлық бағыттан жаратылыстану, жарнама, маркетинг бойынша білім алуға мүмкіндік жасалған.
3. Мемлекеттік және жекеменшік өндірістік-техникалық оқу орындары қолданбалы бағдарлама: бухгалтерия, бизнесті жүргізу, маркетингтік зерттеу, туризм және қонақ үй, сондай-ақ арнайы курстар (мәселен, слесарьлық, электриктерді дайындап шығару) бойынша оқытады.
4. Аустралияның оқу орындары бірыңғай ұлттық үлгіде диплом береді және бір білім секторын екіншісімен кедергісіз ауыстыруға болады (мәселен, өндірістік-техникалық курстан университет бағдарламасына еркін ауысып кетуге мүмкіндік берілген).
5. Оқу орындарында заманауи технологиялар мен оқытудың озық әдістері пайдаланылады. Берілген материалдар мен ақпараттарды игерудің ыңғайлы, тиімді тәсілдері ұсынылады. Аустралияда қашықтан оқыту жүйесі бір жолға қойылған, әсіресе онлайн технологиясының артықшылықтары кең көлемде қолданылады.
6. Көптеген аустралиялық білім бағдарламалары елден тыс аумақта виртуальды түрде оқуға мүмкіндік береді. Мәселен, студенттер өз елінен ешқайда бармай-ақ Аустралияның оқу орнында оқып, оның дипломын ала алады.
7. Аустралияда білім алу құны оның сапасына байланысты. Зерттеу қорытындысы бойынша, Аустралияда білім алу құны Америка мен Ұлыбританияда оқу шығындарымен салыстырғанда айтарлықтай төмен.
8. Шетел студенттері арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне қарағанда, Аустралияда білім алу айтарлықтай танымалдыққа ие. Осы мемлекеттен білім алып, елдеріне оралған шетел студенттері жоғары қызметке орналаса алады. Аустралияның халықаралық білім беру саласы үкімет пен білім беру құрылымдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
2000 жылы Аустралияда білім алған шетелдік студенттер, сондай-ақ шетелде аустралиялық білім беру бағдарламаларына қатысқандар саны 15%-ға өскен. Бұл көрсеткіш Аустралияның шетелдік студенттер санымен алдыңғы орындардан көрсетті. Өйткені шетелдік студенттер арасында танымал АҚШ пен Ұлыбританияда бұл статистика небәрі 5%-ға өскен. Осылайша Аустралия басқа елдермен салыстырғанда, жоғары оқу орнындағы студенттер саны бойынша көш бастап отыр (12,6%).
Үкімет жүргізген зерттеу қорытындысына сәйкес, елде білім алған студенттердің 89%-ы білім сапасына қанағаттанатындығын білдірген. Бұдан бөлек, Аустралия шетел студенттерінің құқықтарын қамтамасыз ету бойынша алдыңғы қатарлы ел. Оның үстіне Аустралияда табысты оффшорлық бағдарламалар құру, жергілікті оқу орындарымен серіктестік бағдарламалар, онлайндық бағдарлама, түрлі франчайзингтік келісімдер жасау жолға қойылған. Мұндай оффшорлық ынтымақтастық мемлекеттік және жекеменшік секторлардағы түрлі халықаралық ұйымдармен байланыс пен серіктестік қарым-қатынас орнатудағы зор тәжрибе айқындайды.
Аустралияның университеттері әлем бойынша компанияларда, үкіметтік департаменттер мен орталықтарда білім беру мен оқу бағдарламаларын әзірлеу мен ілгерлетуде де көшбасшы. Қашықтан онлайн әдісімен оқытатын мамандар әлеуетті клиенттердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік жасайтын бағдарламаларды жақсы меңгерген. Сонымен бірге олар «Ағылшын тілі екінші тіл» (English as a Second Language (ESL)» бағдарламасының барлық деңгейлерін, сондай-ақ техникалық мамандарды корпоративтік оқытуға маманданған.
Аустралиялық білім беру әдістері әлемдік қауымдастықта өзінің орны бар және ол көпшілікті қызықтырады. Аустралиялық дипломы бар заманауи мамандарға сұраныс артқан. Сонымен қатар, Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Азия даму банкі қаржыландыратын жобаларды әзірлеуге аустриялық тәжірибе қолданылған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі