Талаптың мініп тұлпарын...Иә,талабың таудай болса кемел келешігіңде жарқын болатыны анық.Ал,бүгінгі таңдағы басты талаптардың бірі-білім көзі.Осы тұста көшбасшымыздың мына бір құндылығын жоймаған сөзі есіме түсті: «Қазір бой жарыстыратын емес,ой жарыстыратын заман».Демек,бар назарымызды оқуға,білімге аударуымыз керек деген сөз.Көп оқыған озар.Бәрінен озамын деп қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерден тыс қалсаң тағы болмас.Жалпақ тілмен айтқанда,ізденістік танытып,білімге зейін қоя жүріп,еліміздегі саяси жаңалықтардан хабардар болып,құлақ түріп жүруімізде жөн болады.Себебі,саясатқа бір табан жақын болсақ өрісіміз кеңейіп,өзімізді одан әрі шыңдай түсеміз.Егер біздер «өскелең ұрпақ бізге қарап бой түзеуі керек» екендігін ескерсек,алдымен өзіміздің білім деңгейімізді арттырғанымыз жөн.
Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде делік білім саласына түрлі мүмкіндіктер жасалған.Айталық, «үштілділік-заман талабы» демекші үштілді сабақтар өтіліп,киелі білім ордасы саналар мектептеріміз түрлі технологиялармен жабдықталған.Бір сөзбен айтсақ,сауатты да саналы шәкірт тәрбиелеу жолында барлық жағдай қарастырылған.Бұл, әрине,елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында жүзеге асқан жемісті іс болып табылады.Жастар-еліміздің болашағы.Оған дәлел елбасымыздың кезекті жолдауларының бірінде «Болашақ-жастардың қолында!» дегені.Халқының болашағы үшін күресетін негізгі құрал-жастар.Иә,кезінде М.Жұмабаев сынды ұлылардың өзі «Мен жастарға сенемін!» деп біздерге үміт артқан.Қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай перзентінің болашағын ойлап шыр-пыр болатын ата-анамыз,«бала-балым,баламның баласы-жаным» деп тілеуімізді тілер ата-әжемізде бізге үміт артып,болашағымыздың бұлыңғыр болмауын тілейді.Ал,сол үкілеген үмітті ақтау біздердің басты мақсаттарымыздың бірі саналады.Осыдан кейін ойланыңыз: «Мен сол үмітті ақтай аламын ба?» деп.Әрине «иә» ,тек оған өзіңіз талпыныс жасап,көп тер төгіп,мақсатыңызға жетпей тынбауыңыз керек.Мақсат қоя біліңіз.Мақсатқа жету жолында нақты қадам жасаңыз.Соңы жетістікпен аяқталатынына сенімді болыңыз. «Өзіңе сен,өзіңді алып шығар,еңбегің мен білімің екі жақтап»,-деп ұлы Абай атамыздың бойыңа ерекше жігер мен құлшыныс берер өлеңін зерделеп,ой таразысынан өткізсең жаман болмайтының айдан анық.Бұл заман білекке емес,білімге сенетін заман.Сондықтан да еліміз білімге құштар,ізденісті ұнатар,білекті де білімді,өрісі кең,мәселені мақұлмен емес ақылмен шешетін жастарды керек етеді. «Ақырын жүріп анық бас,еңбегің кетпес далаға» дегендей, болашақтың тізгінін ұстар білімді жастарымыздың еңбегі далаға кетпей,жемісін береріне кәміл сенемін.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі