Қайнаған судағы бақа синдромы. Біздің күшімізді сарқылтатын не нәрсе?
Оливье Клерктың қайнаған судағы бақа туралы мысалы көпшілікке мәлім шығар.
Бұл шынайы тәжірибемен расталған өмір шындығы. Егер суды минутына 0,02 градусқа көтере отырып, біртіндеп қыздыра бастасақ, онда суда отырған бақа өміріне қауіп төнгенін соңғы минутта ғана сезеді екен. Бірақ бұл кезде судан секіріп кетуге күш-қуаты қалмай, әлсіреп қалады. Ал егер суды бұдан тезірек қыздырса, онда ол қауіпті бірден сезіп, судан секіріп кетер еді.
Адамның басынан да қателікті тақалған кезде ғана сезетін жағдай болып тұрады. Қайнақ судағы бақа синдромы – бұл адам өмір қиындықтарымен бетпе-бет келе отырып, бірақ олардан құтылу үшін ешқандай әрекет жасамай, біртіндеп эмоционалды күйде өзін-өзі жегідей деп құрту үрдісі. Ол тек бәрінің соңы немен аяқталатынын күтіп отыра береді. Осылайша, өз өмірін улаған улы ортада жылдар бойы әрекетсіз қарап отырады.
Аздаған өзгерістерге қарсылық көрсету керек деп ойламаймыз. Сондықтан, «қайнаған судан қарғып шығуға» әрекеттенбейміз.
Нәтижесінде, адам «жанып кетеді». Жаман ортаға түскен адам сол ортаның жаман әдеттеріне еті үйреніп кетеді де, моральдық және саналық жұтаңдыққа ұшырап, қарсыласуға қауқарсыз қалады.
Егер, су әуел баста ыстық болғанда, ең болмаса 50 градусқа дейін көтерілгенде, бақа өмірін сақтап қалу үшін судан секіріп кетер еді. Алайда, су жылымшы ғана болып, өміріне қауіп төндірмегендіктен, ол ыдыстан секіріп кетуді ойлаған да жоқ. Айтарлықтай жайсыздықты сезінбегендіктен, ол өз денесінің температурасын өзгерте отырып, жылы ортаға бейімделе береді. Бірақ, өміріне қауіп төндіретін сәт жақындаған кезде, бақа судан секіріп кете алмайды. Өйткені,оның күшінің бәрі сарқылған еді. Ол құтқарылуға еш әрекет жасамастан қайнақ суда тірідей пісіп кетеді.
Қайнаған судағы бақа синдромы басымызға шын қауіп төнгенге дейін барлық қиындыққа шыдап жүре беруге итермелейді. Күтпеген жерден қиындықтар мен сәтсіздіктерге тап келген кезде, біздің түйсігіміздегі өзімізді қорғау әрекеттері іске қосылып, біз жағдайды түзетудің барлық жолдарын қарастыра бастаймыз. Өмірдегі кейбір нәрселердің жинақталу әсері бар – яғни, біз өзімізді ақырындап улап жатқанын аңғармастан уытты ауамен тыныс алып жүре береміз.
Қайнақ судағы бақа – бұл оң өзгерістерге нақты себептер жоқ болса да, үмітін үзбеген адамның жағдайы.
Сіз әлі де жұмысыңыздағы бастыққа, досыңызға немесе әріптесіңізге керекпін деп ойлайсыз. Осы ойдың өзі қырағылық сезімін тұншықтырып, біз өмірден шын мәнінде нені қалайтынымызды түсінбей қаламыз.
Басқа адамдар тарапынан болған мазақтарға, сынауларға, реніштерге жылдар өткен сайын адамның бойы үйреніп кетеді. Соқыр бейімделу бұл нәрселердің бәрін өмірімізді құртып жатса да, «қалыпты» деп қабылдап, көндігіп жүре береді. Ал енді, бақаны есіңізге түсіріңізші: ол жағдайға бейімделуге тырысып көрді. Бірақ, ол бұған көмектеспеді.
Адам бәріне көніп жүре берсе, қырағылығы басыла береді. Нәтижесінде, жылдар өте келе, ол өзінің өмірден нені қалайтынын түсінбейтін дәрежеге жетеді.
Егер сіз осы мысалдың өз өміріңізге де қатысы бар екенін түсінсеңіз, онда өзіңіздің неге ұмтылып жүргеніңізді, нені қалайтыныңызды және сіз үшін ненің маңызды екенін түсінуге тырысып көріңіз. Ашық болыңыз, өзіңіз үшін мәні бар нәрселер туралы ұмытпаңыз. Тек солай ғана сіз өзіңізді әлсіретіп жүрген жағдайларды анықтай аласыз. Және оны түзететін мүмкіндікке де қол жеткізесіз.
Айналаңыздағы адамдар сіздің аяқ астынан еркіндікке ұмтылғаныңызды, қиындық шынжырын үзіп, еркін адам болуға деген талпынысыңызды бірден түсінбеуі мүмкін. Бірақ, шекарадан аспай, өз дегеніңізде табан тіреп тұруыңыз «қайнақ суда пісіп кетпеуге» мүмкіндік береді.
Егер толыққанды өмір сүргіңіз келсе, онда кейбір кездерде «Жетер!» және «Жоқ!» деген сөздерді де айта алу керек. Адам тек қиындық көріп, сыналған кезде ғана шыңдалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Нұрмухаммед
Керемет, ең пайдалы мақаланың бірі! Нағыз өмірге қажетті нәрсе!