Uber әуе таксилері туралы идея әлі де бар және жетілдірілу үстінде. Бұл бағыттың басшысы Джастин Эрлих осы істің егжей-тегжейімен бөлісті. Сонымен, алғашқы кездері таксимен 100 км-ден артық ұшуға болмайды және ол жолаушылардың үйіне ұшып келе алмайды, жолаушыларды жақын жердегі арнайы қону пунктінен алып кетеді.
Әуе таксиінің идеясы өзгеріссіз қалды. Ешқандай кептеліссіз және уақытты босқа сарп етпей-ақ жолаушылар қажетті жерге жете алады. Алайда бұл идеяны екі форматта пайдалану жоспарлануда: қала ішінде және қалааралық қатынас үшін. Эрлих кептелістердің кесірінен аэропортқа жету өте қиынға түсетін Лос-Анджелесті мысалға келтіреді. UberAir бұл жұмысты жеңілдетеді — бұл бірінші формат. Екінші формат — Лос-Анджелестен Сан-Хосенің орталығына саяхат. Бұл жердегі басты мәселе кептеліс емес, енді ара қашықтық болады. Ал UberAir бұл қашықтықты жылдам өтуге көмектеседі.
Дәстүрлі Uber-ден айырмашылығы, Air нұсқасы толық мағынада бірлесе тұтыну экономикасы форматында жұмыс істейтін болады. Бұл дегеніміз жолаушы аэропортқа жалғыз емес, бағыттас жолаушылармен қосылып ұшады. Жаппай тұрғындардың тұтынуына қолжетімді болуы үшін осылай жасалып отыр. Uber-дегілердің айтуынша, мінсіз жағдайда тұтынушы ұшатын көлікке ауысқан кезде бағаның өзгергенін сезінбеуі қажет.
Ұшатын таксилердің түрлеріне келетін болсақ, бұл ұшақ пен тікұшақтың гибриді болады. Эрлих бұл көліктің ұшатын автокөлік деп аталуы дұрыс деп санамайтынын айтады, өйткені бұл термин адамдарды шатастыруы мүмкін. Өйткені бұл аппараттар ортақ қолданыстағы жолдармен қозғала алмайды, оларға қону және ұшу алаңдары қажет. Ол өздерінің көліктеріне басқа атау ойлап табуды ұсынды. Бұл кәдімгі жолдарда тұрып-ақ ұшатын автокөліктердің уақыты әлі алыс екендігіне де байланысты. Ал Uber жасап жатқан аппараттар жақын жылдары шығып қалады.
Алдағы он жылдықта ұшатын таксилер қалалардың әуе кеңістігін толтырады деп күтілуде. Сонымен қатар Uber - дегілер, таксилер жылжымайтын мүлік нарығына да өзгерістер енгізеді деп санайды. Себебі ғимараттардың төбесі жылжымайтын мүлік нарығында маңызды тауар бола алады. Жаңа жобалар төбелерінде таксилерге арналған үлкен тұрақтары бар болып жасалатын болады. Компаниялар оларды ұшу және қону алаңдары ретінде пайдалануға бере алады.
Дүние жүзінде ұшатын таксилердің прототипі мен тесттік үлгілері пайда болуда. Немістің Volocopter компаниясының өндірісі жуырда CES жәрмеңкесінде VC200 жолаушылар дронының тесттік ұшырылымын жүзеге асырды. Airspace Experience Technologies (AirSpaceX) компаниясы Детройттағы автосалонда көлденеңінен ұшатын және қонатын болашақ автономды әуе таксиінің кішірейтілген көшірмесін таныстырды және 2026 жылы АҚШ-та 2500 Mobi-One пилотсыз ұшатын таксилері болады деп уәде береді. Ал Airbus шығарған ұшатын таксилер жаздық сынақтан өткізілді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі