Өлең, жыр, ақындар

Ертегі ішіндегі ғажап уақиға

Грейс, Клара және кішкентай Софидің әкесі таңертең өзінің тәтті балалық шағы өткен ескі үйіне жол тартады. Үйге кіре сала лезде өзінің  жастық шағында өткен барлық еркелігі есіне түседі. Әр бір ескіріп, өңі кеткен бөлмелерді қарап жүріп әжесінің жерасты қоймасына тап болады. Қатты таң қалады, себебі осы үйде қанша жыл тұрса да әжесінің бұл қоймасын көрмеген екен. Ішінде әрдайым өзіне оқып беретін ертегі кітаптары мен көне заттар толы. Асықпастан ішін ақтарып балалық шағында естіген ертегілерін қайта оқып, беймәлім заттарды ұстап көріп жатып үлкен кітапты тауып алады. Ішінде әжесі өзі жазған беймәлім мекендер мен орман тұрғындары жайлы екен. Бір қызығы әжесі немересіне бұрын ерінбестен қанша  ертегі айтса да, бұл ертегі мүлдем таныс емес болатын. Жазылған әр бір мазмұнды жазуларға қарап  уақыттың қалай өткенін байқамай қалады да. Кез келген адам ерекше әсер алады. Әр сөзі адамды елестетудің өзі қиын әсем ойларға жетелеп, барған сайын қызықтыра түседі. Сол жердің өмірі, басынан кешкен уақиғалары, әр түрлі қызықты сәттері бейне бір кітап ішінде жүргендей етеді. Тіпті бұл уақиғаларды жазу былай тұрсын ойлаудың өзі сондай қиын. Кенет сол хикая үзіліп кетеді. Тап бір аспандағы  бұлттар арасынан жерге құлап түскендей халде болады. Қалған беттері бос. Ескі кітапты парақтай-парақтай әлгі ертегінің жалғасын тауып  алады. Дегенмен жалғасқан ертегі мүлдем қисынсыз әрі қайғылы уақиғаларға толы болды. Сол мекеннің құртылып кетуі, тұрғындарының  тасқа айналуы жайлы жазылған. Әрі қарай оқудың өзі қорқынышты, кітапты тарс еткізіп жауып қояды.  

Әжесінің  неліктен мұншалықты қорқынышты да аянышты етіп жазғанын еш түсінбейді. Қараса кеш батып кетіпті. Мұның қалай тез болғанын  тіпті өзі де сезбей қалады. Іштей

— Уақыт қалай тез өтіп кеткен? Таңертең келген сияқты едім ғой!

Деді де дереу әжесінің кітабын өзімен бірге алып жүреді. Өз үйіне жеткенше

— Әттегең ай! Сол ертегінің жалғасын неге оқыдым екен -  деп мұңайып келеді.

Үйіне кіре сала үш қызы Грейс, Клара және Софи қуана қарсы алады. Қолындағы ескі кітапқа қызыға қарап әкесінен

— Бұл кітап не? Берші берші әкетай – деп ойнақтап еркелеп әкесінен сұрап алады. Қыздардың ең есті үлкені Грейс. Әкесі Грейске  сыбырлап кітаптың мына жерінен артық оқудың қажеті жоқ дейді де маңдайынан сипап қояды. Грейс себебін түсінбегенімен мақұлдап  кітапқа үзілмей қарап, қонақ бөлмеге қарай кетіп қалады. Артынан екі ерке қызы жүгіріп

— Көрсетші, оқып берші әпке дейді.

Үш қыз қуанып кітапты ашып әдемі жіңішке үнімен Грейс оқи бастайды. Кітаптағы сөздердің барлығына тамсанып, іштерінен бұл қызықты ертегінің бітпеуін қалады. Кейіннен үш қыздың ата-анасы ұйықтап қалады. Жаңағы әжей жазған әңгімені оқып отырып Грейс тоқтап қалады.

— Бітті әрі қарай жалғасы жоқ! Сонда Клара орнынан атып тұрып

— Біткені несі? Әрі қарай оқышы деп жалынады.

— Өзім де оқығым келіп тұр бірақ әрі қарай тек бос парақтар ғана! Көрмейсіңбе?

Үш қыз бөлмелеріне кіріп төсектерін дайындай бастайды. Айнала жым жырт. Тек сағаттың шықылдаған дауысы естіледі. Қыздар енді ұйықтайын деп жатқаны сол еді сағат 12-ні соғады. Қараңғы бөлмеде жарық нұры білініп ескі кітап жарқырап жоғары көтеріліп соңғы жазылған беті ашылады. Қыздар мұны көріп қатты қорқып бөлме ішінде шулап кетеді. Олар да аспанға көтеріліп кітаптың ішіне кіріп кетеді. Біраз уақыт өтеді. Грейс, Софи, Клара естерін жинап кітаптың ішінде суреттелген бұл орманнан шошып кетеді. Тұман басқан ағаштары  қурап кеткен, айналадан бір де бір дауыс естілмейді. Себебі осы елдің тұрғындары тасқа айналған. Кенже қыз Софи лезде жылап жіберіп,

— Грейс әпке мені бұл жерден алып кетші! Біз қайдамыз әпкетай? Жүрші бізге жол көрсетші, сен біздге қарағанда ақылдысың ғой!- деп жылағанын үдете түседі.    

Сасқалақтап Грейс ойланып бір орында тұрып қалады. Кенет

— Біз қайда жүргенімізді енді түсіндім. Алайда мен сендерге оқып берген кітап ішінде мұндай әлем бейнеленбеген сияқты еді ғой. Бұл жерге не болғанын кім білсін? Менімен жүріңдер бәлкім бір тірі жанды тауып қалармыз. Мына жерде жылап тұра бергеннен ештеңе шықпайды деді де әзер аяқ ұшымен орманды аралап жүреді. Тірі жанды кездестіру мүмкін емес. Софи анда-санда Клараны және Грейсі ашуланып түртіп қояды. Ақыры шыдамы таусылып

— Грейс әпке неге сол кітапты алдық екен? Мен білемін бұл жерден енді шықпаймыз деп тізерлеп отырып қайта жылай бастады.  Грейс оны  арқасына мінгізіп көтеріп алып әрі қарай жүре береді. Қатты шаршаған кенже қыз бірден ұйқыға кетеді. Клара да мазасызданып тағаты таусылып барады. Клара екеуі бір жерге отырып ентігін басып алады. Сол сәтте алдарынан үңгірді көріп қалады. Үңгірдің ішіне кіріп қашалып жазылған жазуларға қызығып оқи бастайды. Бұл ертегі дүние жүзіндегі ертегілер арасындағы бойынша ең бақытты болған және ең  бақытсызы да. Бақытты болуының себебі оның авторының өзіне байланысты. Сиқырға толы бұл ертегінің құпиясы көп. Кез келген ертегінің өз  оқырманының жүрегіне жол тартатыны болады. Сиқырла кітапты кімде-кім оқып отырған болса ойлап қарайықшы бізге қандай ертегі ұнайды.  Жақсылық пен қамқорлыққа толы бақытты ертегілер ме әлде Жауыздық пен қорқынышқа толы ма? Бұл оқырманның өзіне байланысты. Бұл сөздер қалың кітаптың соңғы бетінде жазылған. Оны әкесі де оқымады себебі әр адам бақытсыздық пен жауыздыққа толы ертегіні оқып жиренеді. Әрі қарай оқудың өзі мүмкін емес. Осылайша әжесі дүниедегі ең тамаша ертегі мен жаман ертегіні салыстырған. Грейс қашалып үңгір ішінде жазылған сөздерді ұстап тұрып: Әлбетте баршамыз мән мағыналы мазмұнды ертегіні қалаймыз ғой дейді. Кенет сол сәтте әлем  жайнап шыға келеді. Тасқа айналған тұрғындар қайта тіріліп мәз мейрам болып жатады. Алдарынан есік шығады. Бұл есік өз еліне апарар жол. Есікті ашып айналаға күлімдей қарайды. Есіктің ішіне кіріп өз бөлмелеріне қайта оралады. Софи болса сол сәтте оянып кетеді. Грейс оның қолынан иіскеп көрдің бе ертегі қандай құдыретті десеңші дейді. Шынында да  ертегі ішіндегі адамның ойынан туындаған ғажайыптар қандай тамаша!  

Автор: Каналқұл Гүлсая


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

231658

Оте керемет ертеги екен.

Мерей

Кушт

Myrza

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер