Табиғаттағы тіршіліктің көбі тісімен қорғанады. Немесе олардың көмегімен қорегін табады. Кейбірі құрбанының денесіне xимиялық у шашырату үшін бізгегін пайдаланса, басқасы бар зейінін тістеу күші мен қуаттылығына бағыттап отырады. Тізімде бірнеше тіршілік иесі келтірілген, оларды кездестірсеңіз өміріңізге қауіп төнуі де әбден мүмкін.
Solenopsidini деп аталатын жауыз құмырсқалар өз құрбанының денесіне бекініп алады да, кейіннен құрсақ қуысында орналасқан бізгек арқылы у шашады. Соленопсин улы алкалоиды адамда қатты күйікке ұқсас сезімдерді тудырады екен.
Бөрібалықтардың төменгі жақ сүйегі алға қарай едәуір шығыңқы келеді. Аса өткір үшбұрышты тістерінің өсуі де ерекше — балық аузын жұмғанда, үстіңгі тістері астыңғы тістердің араларына дәл түседі екен. Соның арқасында жыртқыш байғұс құрбанның денесін бөлшек-бөлшектеп кесіп жібере алады. Сонымен қатар, бөрібалықтар өте жылдам тістейді: бұл жыртқыштардың бір үйірі алып денелі енекенің өзін бар болғаны 15 минут ішінде қу сүйек қалғанша кеміріп тастай алады екен.
Медузалардың көп түрі өздерін шабуылдан қорғау үшін, немесе керісінше, олжаны ұстау үшін нематоциттермен атқылайды. Нематоциттер — ату кезінде кіп-кішкентай гарпундар тәрізді әрекет ететін арнаулы клеткалы құрылымдар. Кейбіреуі қосымша улы шабуылды қамтамасыз етеді. Әлемде медузалардың адам үшін қауіпті болып келетін 15 түрі бар. Chironex fleckeri медузасын кездестіру өміріңізге қауіп төндіреді, оның салмағы бір жарым килограммға дейін жетеді, ал улы қармауыштары үш метрге дейін жайылады екен.
Ғылымға құршаяндардың екі мыңға жуық түр тармағы белгілі. Олардың жиырмасы адам өмірі үшін қауіпті. Ол құршаяндарды Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста кездестіруге болады. Көбінесе Leiurus quinquestriatus деп аталатын тармақтың өкілдері жиі шабуылдайды, олардың шаққанынан адамның қиналатыны сонша, өлімнің өзін адам азаптан құтқарушы ретінде қабылдайды екен.
Африканың жабайы аралары өркениетті әлемнің омарташалары үйренген аралардан айтарлықтай ерекшеленеді. XX ғасырда оларды Оңтүстік Америкаға енгізу әрекеттері жасалған, содан бұл түр солтүстікке таралды, аралардың “қанішер-ара” атағына ие болған жері де сол. Бұл жәндіктер ұясын қорғау қажет деп шешсе ғана шабуылдайды екен. Олардың уының уландырғыш қасиеті де тым қатты — адам баласын санаулы минутта-ақ өлтіріп жібере алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі