Осы уақытқа дейін өзімді, ойымды өзгертуге септігін тигізетін көптеген мотивациялық кітаптарды оқыған болатынмын. Олардың әрқайсысы санамды жаңғыртып, аз да болса өмірге басқаша көзқараспен қарауды үйретті. Алайда, жуырда ғана қолыма түскен «Түйсігіңмен ойлай біл» атты кітаптың ой-санамды дамытуға қосқан үлесі олардан да асып түсті. Қазақшаға Мырзагелді Кемел аударған канадалық белгілі жазушы Джон Кехоның бұл кітабы- нөлден бастап өзін-өзі жетілдіруді мақсат еткен әрбір адам үшін таптырмас туынды. Себебі, мұнда бойыңыздағы кемшіліктерден арылып, табысқа кенелудің, арманыңызға жетудің оңай әрі тиімді әдіс-тәсілдері берілген. Ең бастысы- автор кейбіреулер сияқты құр «әдемі» сөздермен ақыл айтпайды, өзінің және айналасындағылардың табысқа жету жолындағы ерекше әрі жүзеге асқан тәжірибелерімен бөліседі. Ол барлық игіліктер мен сәттіліктердің бастауы мидың күшін дұрыс пайдалануда деп санайды.
Табыс пен бақытқа жету қағидаттарын қамтитын аталмыш кітап 19 бөлімнен тұрады. «Шынайы өмірге өзге көзқарас» атты алғашқы бөлімінде өмірге басқаша көзқараспен қарау жайлы, ал екінші «Сана»бөлімінде ой-санамыздың өмірімізге әсері туралы айтылған. Одан кейінгі бөлімдер -«Көзге елестету, немесе ойша көруде» көзге елестетудің қалаған мақсатқа жетудегі көмегі, «Ойды қалыптастыруда» санамызға жақсы ойларды ұялату туралы сөз қозғайды. Келесі «Сендіру» ,«Түсіну» бөлімдерінде өзімізді сәттілікке сендіре білуге, ал «Түйсікте» сыртқы жағдайды өзгерту үшін алдымен ішкі жан дүниемізді өзгертуге үндейді. Автор «Ішкі дауыста» бізді тура жолға бастайтын ең сенімді серігіміз-ішкі дауыстың құдыреті, «Түс көруде» түстің өмірімізге әсерін сөз етеді. «Шынайы өмір» бөлімінде өмірдің кез келген келеңсіздіктеріне ми күші арқылы қарсы тұру, келесі «Зейін қою және ойлау» бөлімінде дұрыс ойлай білу, миымызды белгілі бір идеяға назар аударту жолдарын түсіндіреді. «Көзқарастар және олардың қалыптасуында» кез келген жаңа көзқарастың қалыптасып, гүлденуі үшін уақыт және оған көңіл бөлудің, «Өз-өзіңізді бағалауда» өзімізді жақсы көріп, дұрыс бағалай білудің маңызы жөнінде айтып өтеді. «Шығармашылық икемділік» бөлімінде– сәтті өмір сүру үшін қажетті біліктілік- шығармашылық икемділік, ал «Проблема жоқ, тек қана мүмкіндіктер» бөлімінде проблемалар бізге берілген мүмкіндіктер екеніне назар аудартады. «Өзіңізді емдеңіз», «Табыскер адамның санасы» бөлімдерінде табысты адамның санасын қалыптастыру үшін қажетті тәсілдерді атап көрсетсе,, соңғы «Біздің қарым-қатынастарымыз», «Бар күш-жігеріңізбен жаттығыңыз» бөлімдерінде айналамызбен орнықты қарым-қатынас орнатудың, үзіліссіз даму жолындағы тұрақты түрдегі тәжірибенің пайдасын сөз етеді.
Белгілі филантроп өз кітабын «Бұл кітап сізге қажетті қасиеттерді дамытатын әдістерді қамтиды, сонымен қатар, сіз өз бойыңыздағы әлеуеттен өте көп ала аласыз. Бірақ, ол үшін тек қана кітапты оқу жеткіліксіз. Сіз өзіңізбен жұмыс жасауыңыз керек. Сізді мүмкіндіктерге толы, қызық өмір күтіп тұр. Сіздің қиялыңыздағы армандарыңыз – бәрі өз қолыңызда. Барлығы дайын, сізді күтіп тұр. Ал, сіз дайынсыз ба?» деп қорытындылайды.
Дамудың даңғыл жолына бастайтын «Түйсігіңмен ойлай біл» кітабы арқылы өзімдегі сәтсіздіктердің себебін түсініп қана қоймай, арманымды шындыққа айналдырудың амал-тәсілдерімен таныс болдым. Ерекше ерік-жігер беретін бұл кітаптың сіздерге де пайдасы тиеріне сенімдімін. Оқыңыз, ойланыңыз, өзгеріңіз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі