Қарқаралының мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - Қарағанды облысында орналасқан Қазақстанның ұлттық паркі. Қазақстанның айрықша қорғалатын табиғи аймақтар қатарына кіреді. Аймақтың табиғи қорғау бағалылығы Орталық Қазақстанға ғана тән түрлі ландшавттармен белгілі. 1998 жылдың 01 желтоқсанында № 212, ҚР Өкіметінің қаулысымен ұйымдастырылған. 2009 жылдың 6 ақпанындағы № 122 «Қарағанды облысының айрықша қорғалатын табиғи жерлер туралы мәселелер» ҚР Өкіметінің Қаулысымен парк аумағы 90323 гектардан 112120 гектарға ауқымданды.
Флора. Негізі орманды құрайтын тұқымдар. Қарағай, аққайын, көктерек, тал, арша. Флораның өзгешелігі- мұз дәуірі кезінен қалған өсімдіктерінің көптігі, сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктердің түрі 66. Қызыл кітапқа еңгізілген өсімдіктер: Қарқаралы бөріқарақаты, Қарқаралы сылдыршөбі, тықыр сфагнум мүгі, Қырғыз қайын, жіңішке көкнәр, көктем жанаргүлі.
Фауна. Қосмекендінің 2 түрі, рептилияның 6 түрі, сүтқоректілердің 40 түрі және 114 құстар түрі.
Ауа райы. Қарқаралы ұлттық паркінің ауа райы айналадағы аймаққа қарағанда бір қалыпты. Ауаның жылдық орта температурасы - 2 градус жылы. Шілдеде көбіне +18,+20 градус, қаңтарда -12,-15 градус.
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жылда жүйелілік зерттеулер жүргізіледі. Ұлттық парктің құрылуынан бастап бұл жерде мемлекеттік инспекторлардың және өздерінің бақылауларының нәтижелерін біріктіретін ғылыми бөлім жұмыс істейді. Көп жыл бойы Е. А. Бөкетов ат. ҚарМУ ғылымдары мен студенттерінің базасы болатын, бұл жерде биология мен экологиядан классикалық жұмыстар жүргізілген, жылда археологиялық зерттеулер жүргізіліп отырады.
Қазіргі кезде мемлекеттік ұлттық табиғи парктің қызметі, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі ішіндегі «Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті» бекіткен «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы» Ережемен белгіленеді.
Қашарбек Сəбина
Мен туған жер өленге қатысқым келеді