Жүрегімде жүргені-ай бір қауіптің
Бұл бетте «Жүрегімде жүргені-ай бір қауіптің» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрегімде жүргені-ай бір қауіптің,
Сабағындай шырмайды шырмауықтың
Үмітпенен, арманмен, күдікпенен,
Өтіп жатыр зымырап зырлауық күн.
...Шешем менің еңкейіп бара жатыр,
Қай күні келер екен нала «батыр».
Жел маған сыбырлайды аят оқып:
«Бір күні айрыласың, қара да тұр».
Кім білсін, көңіл, қандай күй кешеді,
Қаңырап қалуы оңай үй кешегі.
Аландаймын алтыным жоғалғандай,
Анамның көрінбесе кимешегі.
Шешем менің - иілген сұрау белгі,
Сәл ғана шаттық көрді, жылау көрді.
Қалай ғана қалпына келтірерсің,
Дауылдар майыстырған мынау белді.
Ұлың сені жұмаққа бергісі жоқ,
Жұмағың да тамұқ қой - көргісіз от.
Осылай көз алдымда жүре берші,
Сұраулы сөйлемдердің белгісі боп.
не деген керемет анасына арнаған өлеңі бір артық нәрсе жоқ ....
Оқыған сайын, анамның орнында жүрген əжетайымды қазіргіденде қатты-қатты жақсы көріп, қадірлей түсемін! "Қай күні екені белгісіз, жұмақтан хабар келгенде, өкінбейтіндей бол", дейтін сияқты...
Өзіндік пікір(идея)- бір сойлем жазып корсет
Шариғатқа қайшы екен