Өлең, жыр, ақындар

Қауын туралы

Қауын – ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Қауын 25 – 300С температурада жақсы өседі. Қауынның құрамында: қант, А, Р, С дәрумендері, аскорбин қышқылдары, темірдің минералды тұздары, калий, натрий және фруктоза, сахароза, глюкоза көміртектері бар. Дәрумендер мен қант құрамы бойынша қауын тіпті қарбыздан да асып кетеді. Жаздың ыстық күндері шөлді жақсы басады. Қазақстанда қауынның 22 аудандастырылған сорттары егiледi. Жемістері қайта өңделген күйде кеңінен қолданылады. Қауыннан бал, цукаттар, тосап, мармелад дайындайды. Оларды кептіреді және қақтайды. Қақталған қауындарды «қауынқақ» деп атайды, олар ұзақ уақыт бойы сақталады. Дәндерінен жоғары сапалы тағамдық май өндіреді.

Қауын халық медицинасында белгілі бір мағынаға ие:

- Қауын құрамында қант көп. Ол асқазан ауруларына ем. Беттегі безеуді, секпілдерді кетіруге көмектеседі. Ет қайнап жатқанда қауынның қабығын салса жұмсақ болады.

- Оның құрамында фолий қышқылы болатындықтан, қан аздық ауруларында кеңінен қолданады.

- Жемістерін туберкулез, бронхит, ревматизм ауруларында қолданады және жүрек-қан тамыр ауруларында, бүйрек пен бауырдың дерттерінде қолдану ұсынылады.

- Ежелден-ақ қауын шырынын  ішек құрттарына қарсы ем ретінде, тамақ аурулары мен созылмалы жөтелге қарсы қолданады.

Қауынды қалай таңдау керек?

Жақсы қауынның сабағы қалың болады. Ал қауынның піскендігін білу үшін сабағына қарама-қарсы беттегі қыртысын басып көру керек, шала қауынның сол тұстағы қабығы – қатты, ал піскен қауынның қабығы – басқан кезде аздап басылып, жұмсақ екендігі байқалып тұрады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (6)

gulzada

Қауын құрт дегенді ұмытып кетіпсіздер.

Салтанат

Кауын шек деген не? Сол туралы толыгырак жазып кетесиз ба?

Бауыржан

қауын шек деген, ол қауыннан жасалады, биринші қауынды тілім тілім қылып кесіп, күнге жақсылап кептіріледі, еки үш кунде кепкен қауынның тіліктерін, адамның шашын өрген сияқты өріп,қаттылау пакетке орап тастайсыз, одан кейін мұздатқышка салып, бир сағат шамасында қоясыз одан кеін жейберсеңіз болады,

Асия

Қауында қандай да болмасын минералдық заттар бар ма? Әлде жох па

Myrza

Өте керемет!

Бейсек

жазда жақсылар қауын қарбыз жеп жеп жеп жеп алу керке еді

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз