Худайбердина Г.А
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Заң факультетінің азаматтық құқық,
азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы конференциясының аға оқытушысы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық рейтингте кезекті сатыға көтеріліп, Орталық Азия аймағы мен Қазақстан жоғары оқу орындары арасында алғашқы болып әлемнің 250 үздік университеті қатарына енді.
World University Rankings QS (Ұлыбритания) беделді рейтингтік агенттігінің зерттеу қорытындылары бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 236-орыннан көрініп, әлемнің 50 үздік университеті қатарына енді. Айта кетерлігі, бұл топқа ТМД елдерінен екі ЖОО – Ломоносов атындағы ММУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана кірді. Осылайша, жетекші қазақстандық университет Орталық Азия мен ТМД-дағы теңдессіз көшбасшылығын тағы да дәлелдеді.
Халықаралық рейтингте университеттің табысты алға жылжуына заманауи талаптарға сай жүргізілген кешенді құрылымдық жаңарту ықпал етті. Нәтижеге бағытталған процестік менеджмент, басқару жүйесі және еңбекті рейтингтік бағалау енгізілді. Сондай-ақ жоғары әлемдік талаптарға сай әрі халықаралық аккредитациядан өткен эксперименттік білім беру бағдарламалары дайындалды және енгізілді, ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Шетелдік рейтингілік ғылыми журналдарда жарияланған қазақстандық әрбір үшінші мақала ҚазҰУ ғалымдарына тиесілі. Мемлекеттік-жеке серіктестік қағидалары негізінде бірегей нысандар салынып, университет кампусының инфрақұрылымдық құрылыстарының екінші кезеңі аяқталды.
QS сарапшыларының ұсыныстары бойынша ҚазҰУ тәжірибесі әлемдегі үздік университеттерде зерттелуде. Бұл көрсеткіш әлемдік білім мен ғылым нарығында бәсекелестікке қабілеттіліктің айқын дәлелі болып табылады.
ҚазҰУ ғылым, білім беру және инновациялық жетекші орталық ретінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтылған Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына кіруі және екі ЖОО-ның әлемнің 200 үздік топ университеті құрамына енуі жөніндегі мемлекеттік маңызы зор тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында жұмыс істеуде.
1934 жылы еліміздің ең алдыңғы қатарлы университеті, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланды. Бүгінгі күні университетімізде 20 000-ға жуық студент білім алады. Он үш факультеттен тұратын университетте үш мыңға жуық профессор-оқытушылар құрамы студенттерге білім беріп келеді.
Қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр.
ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – ғашықтардың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі