Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.04.2015
  • 2
  • 2
  • 44101
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
Бұйрат құмдар - бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар - бусанып терлегенім.
Аспанындай кей сәтте күрсінемін,
Жас талындай жауқазын бүршік едім.
Кең дүние, керемет қалпыңменен,
Жүрек болып кеудеме кірші менің.
Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам,
Секілді бәрі менен көз алмаған»
Кең дүние, кенде етсең сыбағамнан,
Шырылдаған сәбидей мазаңды алам.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Салауат Ұлағат

Жақсы екен

Осы автордың басқа өлеңдері