Күн ауысып барады

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 18.04.2015
  • 0
  • 1
  • 21532
Күн ауысып барады түнге қарай,
Шығыста - кеш, Батысқа - кірген арай.
Күн шыққан жерден әркез түн келеді,
Маған солай, білмеймін, кімге қалай.
Соңғы шоғын сөндіріп арайлаған,
Күн кетті, тіршілікке қарайлаған.
Ай туды, нұрсыз да емес, нұрлы да емес,
Шашырап өлі сәуле шар айнадан.
Аспан да абыр-сабыр шамын жағып,
Құс жолы да төселді сағымданып.
Бар дүние тұрғандай дамыл бағып,
Тауым қалғып, ойымда бағым қалғып.
Түн мені күйзелтеді жынды қылып,
Бақты басып жатқандай, гүлді жұлып.
Күміс қанаг бір құсқа мініп алып,
Кетсем бе екен артынан күнді қуып.
Heгe мен үрейленем түнге қарай,
Маған солай, білмеймін, кімге қалай.
Күнде - өмір, түнде - дамыл, түсінбеймін,
Мойнымды бұрсам екен кімге қарай?!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн ауысып барады өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Күн ауысып барады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Күн ауысып барады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн ауысып барады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері