«Шоң» серіктігін ашардағы тілек – Сұлтанмахмұт Торайғыров

Бұл бетте ««Шоң» серіктігін ашардағы тілек» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.04.2015
  • 1
  • 1
  • 6448
Баршаға мейрім салған, мейірбанды тәңірім,
Ісімізді өзің оңғарып, оңға бастыр!
Қазағыңды ақ, түзу жолға бастыр!
Әлемге шам-шырақ болған, пайғамбар,
Саған салауат айтып, жолыңды қудық,

Баташы бол,
Әулие, аруақ!
Жебе, қолда!
Қазақ қалмасын,
Қорқынышты жолда.
Құдай! Өзің білесің,
Ниетіміз ақ:
Берсейші бізге бақ!
Сенен сұрамай,
Кімнен сұраймыз
Қашан болса да,
Бір өзіңе жылаймыз!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері