Шоқан Уәлиханов

Басты бет / Тарих / Оқушыларға пайдалы ақпараттар / Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов — Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміндегі материал.

Материал — Шоқан Уәлиханов — осы тақырыптарға байланысты.

Уәлиханов Шоқан (шын аты — Мұхамедқанафия) Шыңғысұлы (1835-1865) — ғалым, этнограф, ориенталист, тарихшы, географ, фольклортанушы. Ол Кұсмұрын бекінісінде (қазіргі Қостанай облысы) дүниеге келген. 12 жасына дейін жеке меншік мектепте білім алады. Сонда жүріп өлең, жыр, аңыз-әңгімелерді оқып үйренеді. Араб, парсы, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгереді. 1847 жылдың күзінде кадет корпусына оқуға түседі. Осында жүріп Оңтүстік Сібір, Байкал, Алтай, Орал, Еділ, Каспийді зерттеген П.С. Палластың «Саяхаты», Орал, Еділ, Каспий халықтарының тарихы мен этнографиясын жазған П.И. Рычковтың күнделігі сияқты сирек кездесетін көне қолжазбалармен танысады.

1853 жылы кадет корпусын бітірген соң Сібір қазақ-орыс әскерлеріне қызметке жіберіледі. 1854 жылы Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорт Шоқанның ерекше қабілетін байқап, өзіне адъютант етіп алады. 1855 жылы К.К. Гутковскийдің экспедициясымен Қапалда болып, қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды.

1856 жылы Семенов Тянь-Шанскиймен кездеседі, ол болашақ Шығыс зерттеушісі — Шоқанға бағыт беріп, оның ғылыми жұмыстарына ықпал жасайды. Осы жылы Шоқан 2 экспедицияға қатысады. Ол қазақтың оңтүстік аймақтарымен тығыз байланыста болған Қоқан хандығының экономикалық-саяси және әлеуметтік құрылысын жан-жақты зерттеп, «Қоқан хандығы туралы жазба» атты белгілі еңбегін жазады. Ыстықкөлдің картасын жасауға қатысады және осы сапарын «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы мен Кұлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» деген тарихи-этнографиялық шығармаларында суреттейді. Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс география қоғамының назарын аударып, 1857 жылы 27 ақпанда қоғамға мүшелікке алынады.

Уәлихановтың 1858 жылғы Қашқарияға сапары оның ғылыми қызметіндегі жаңа кезең болды. ХШ ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, 1603 жылы Геос қана болған жат өлкеге сапар шегіп, ол жайлы «Алашты шаһардың немесе Қытайдың Нан Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қамалының жайы» деп аталатын тамаша еңбек жазады. Бұл — Шоқанның ғылыми мұраларының ішіндегі ең ірісі, Шығыс Түркістан тарихы жөнінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. Еңбекті Ресей мен шетелдік Шығыс зерттеушілері жоғары бағалады. Ол 1865 жылы Лондонда «Орыстар Орталық Азияда» деген атпен ағылшын тіліне аударылып басылды. Оның бірқатар еңбектері неміс, француз тілдеріне де аударылды.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шоқан Уәлиханов деген не?

Бұл бетте Шоқан Уәлиханов тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Шоқан Уәлиханов материалы Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміндегі басқа материалдар Шоқан Уәлиханов тақырыбындағы материалдар