Ыстықкөл — География бөліміндегі материал.
Материал — Ыстықкөл, Қырғызстан — осы тақырыптарға байланысты.

Ыстықкөл (қырғызша Ысык-Көл) — Солтүстік Тянь-Шаньдағы Күнгей Алатау мен Теріскей Алатау тау жоталарының аралығында, 1608 м биіктікте (Ыстықкөл қазаншұңқырында) орналасқан тұйық көл, Қырғызстан жерінде. Дүние жүзіндегі ірі тау көлдерінің бірі. Аумағы 6236 км², ұзындығы 178 км, ендірек бөлігі — 60 км, ең терең жері — 668 м, орташа тереңдігі — 278 м, көлемі — 1738 км³. Жағалық сызығының ұзындығы — 597 км. Көлге 50-ден астам шағын өзен құяды (олардың жылдық ағыны 3 км³). Ірілері — Жырғалаң, Түп. Ыстықкөл алабының аумағы 21,9 мың км². Жағалары нашар тілімделген, терең шығанақтар шығыс және оңтүстік-шығыс жағалауында ғана кездеседі. Климаты қоңыржай континенттік. Жағалауындағы ауаның температурасы шілдеде 16 – 17°С, қаңтарда –2° – 7°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 110 – 470 мм. Көл бетінен булану мөлшері — 700 мм. Күшті желдер (жылдығы 30 – 40 м/с) әсерінен көлде биіктігі 3 – 4 метрлік толқындар болады. Деңгейінің ауытқу амплитудасы 10 – 50 см. Суының беткі температурасы қаңтарда 2 – 3°С, шілде–тамызда 19 – 20°С. Қыста суы қатпайды, аязды жылдары шығанақтары ғана қатады. Мөлдірлігі — 12 м, тұздығы — 5,8 ‰. Балықтың 20-дан астам түрі (шабақ, сазан, көкбас, т.б.) бар. Кеме жүзеді. Көл өңірінде 1958 жылы Ыстықкөл қорығы ұйымдастырылды. Басты порты — Балықшы. Ыстықкөл жағалауы Орталық Азиядағы маңызды рекреациондық аудан: Шолпаната, Жырғалаң, Жетіөгіз, Тамға курорттары, демалыс үйлері, турбазалары ұйымдастырылған.
Бұл бетте Ыстықкөл тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал География бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Ыстықкөл материалы География бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі