Өлең, жыр, ақындар

Шара Жиенқұлова

Шара (Гүлшара) Баймолдақызы (1921—1991) — қазақтың атақты бишісі, халық әртісі. Биші өзінің өнер жолын қазақтың драма, опера және балет театрынан бастаған. Б. Майлиннің «Майдан», М. Әуезовтың «Еңлік — Кебек», «Қаракөз» және т.б. пьесаларында ойнап, операларда ұлттық билерді орындаған. Қазақ филармониясында қызмет етіп, 1962-1966 жылдары ән-би ансамблін басқарған. Ұлттық би өнерін дамыту үшін ел аралап, халық билерін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттеген.

Ш. Жиенқұлованың жетекшілігімен «Айжан қыз», «Қара жорға», «Қырық қыз» және т.б. көптеген билер дүниеге келді. Сахналық бидегі бейнелердің ішкі жан сұлулығын шебер шендестіре білген Шара қазақ би өнерінің дамуына мол үлес қосты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Ерадил Жаудир

Шара Жиенкулова Казыр кайкалада Жане Канша бала шагасы болган Маган Сол керек болып Турган еды айтып жыбере аласзба тагы Сол туралы Казыр малымет ешкым былмейтын керек болып Турган еды

Ералиев

Маған ұнайтын еді, бірақ ұнамады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз