Өлең, жыр, ақындар

Алма қабығының пайдасы

АҚШ-ның Айова университетінен Др. Б. Адамстың жетекшілігімен жасалған зерттеу нәтижесінде, алма қабығындағы урсол қышқылының майларды еріту және бұлшық еттерді нығайту ерекшелігінің арықтауға көмекші болатыны анықталды.

Тышқандарға жасалған тәжірибелерде алманың бұлшық етті 15% арттыратыны және денедегі майлардың жартысынан көбін азайтқандығы анықталды. Урсол қышқылдың тышқандарда бұлшық ет тығыздығын арттырғанымен, жалпы дене салмағын арттырмағандығы да анықталды. Осы себепті алма арықтау үшін жақсы жеміс болмақ.

Алманың пайдалары осымен бітпейді. Жүйелі түрде алма жеу қан шекерін, холестеринді және зиянды май қышқылдарының деңгейін азайтады. Др. Адамс алманың әсіресе уақыт өте келе бұлшық еттері азайған қарттар үшін пайдалы екенін, яғни атрофия деп аталатын бұл аурудың «ауру кезде немесе кәрілікте» қатты әсер ететінін және оның емі жоқ екенін атап өтті. Атрофия ауруына кедергі бола алатын элементтердің алманың қабығында мол болатындығы мәлімденді.

Оқуға кеңес береміз:

Алма – шипаның қайнар көзі

Бүгін алма жедіңіз бе?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Нұрман

Алманы жақсы көремін бірақ өкінішке орай соңғы кездері алманың сырты майлы ма бір түрлі, сатушылар әдейі бірдеңе жағатын сияқты. Өзінің пайдасы үшін адамдарды улауға дейін баруға дайын. Сорлы адамдар

Сара

Ия ол базарлар АР жемісті алсаңыз майлар сүріп қояды.
Астана Артем базары тура солай жасайды .сұрақ қойған да Сатушы солай жауап берген.Товарный амл деп.

Сара

Астана базары Артем барлық алманың
сыртын майлап қояды.
Товарный вид болу керек дейді.үйге акеліп, жақсылап жуып я болмаса
Қабығын аршып жеу керек .

Myrza

алма жеп

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз