Өлең, жыр, ақындар

Көк Орда

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын оқыған кезде Көк Орда деген ұлыс атауы кездеседі. Көк Орда тарихи деректер мен кейінгі зерттеулерде жиі айтылғанымен, әлі нақты бекітілмеген атау болып табылады. Көк Орда жөнінде ғалымдар арасында көптеген пікірлер бар. Бірқатар тарихшылар Көк Орда дегеніміз Бату жері, ал Ақ Орда дегеніміз Орда Еженнің иелігі деп санайды. Сонымен катар Бату иелігін Алтын Орда деп, ал Орда Еженнің ұлысын Көк Орда деп қарастырған зерттеулер де ұшырасады. Келесі бір тарихшылардың пікірінше, ортағасырлық шығармалардағы Ақ Орда, Көк Орда атаулары тек Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына қатысты айтылған, мұның Бату мен оның ұрпақтары билік еткен аймаққа мүлде қатысы жоқ деп есептейді.

Сонымен қатар Ақ Орда аталған Орда Еженнің ордасы шығыста Ертіс өзенінің орталық бойы мен оңтүстікте Сырдария өзенінің орталық бойын қамтыған қазіргі Шығыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында орналасты. Ал Көк Орда аталған Шибанның иелігіне қазіргі Батыс Қазақстан мен Батыс Сібір аумағы енді деген пікір де кең таралған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер