Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
Ғылыми жетекшісі, т.ғ.к., профессор Мұстафин Ж.Ж.
Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы
Этникалық қазақтардың түп тамырларын табу өте күрделі. Сан ғасырлар бойы көптеген тайпалар мен халықтардың тағдыры тоғысып жатқан. Қазақ халқының пайда болуында екі аспект бар, атап айтсам лингвистикалық жəне антропологиялық. Екі процес те қарастырылып отырған аумақта қатар дамыды, көбінесе тарихи желі бойымен. Мұндай тəсіл сабақтастық пен сақталып қалған «бабалық» сипаттарды бақылауға мүмкіндік береді. Алайда, жекелеген тарихи кезеңдерде көлденең бойы даму да белгілі бір рөл атқарды. Ежелгі заманда аумақтың жергілікті тұрғындары ортақ лингвистикалық жəне антропологиялық негізе ие болғандығы таң қалдырады жəне қазіргі ұрпақтың генетикалық кластерленуі негізінен лингвистикалыққа сəйкес келеді. Қазақ халқының пайда болу мəселесін қарастырған кезде Қазақстан аумағында мекен еткен ежелгі тайпалардың өмір сүру тарихына үңілген жөн. Алайда, қазақ халқының тікелей ата-бабалары қазіргі Қазақстан аумағында III – II мыңжылдық бұрын мекен еткен тайпалар деп кесіп айтуға болмайды. Дегенмен, халықтың пайда болуы шаруашылық қызметтің дамуына, төл мəдениеттің пайда болуына, тілдің қалыптасуына тікелей байланысты болса, бұл тайпалар қазақ халқының пайда болуына тікелей ықпал еткен болып шығады. Қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жəне Кіші жүз. Əдетте, кез келген адамдардың этногенезі монотондылықтың, тайпалық, əлеуметтік бірігудің пайда болуымен аяқталады. Демек, тайпалық жəне əлеуметтік топтардың бірігуі, аумақтық əлеуметтік немесе этникалық бірлістіктер қауымдастықтарымен аяқталады. Бірақ, қазақ халқы үш жүзге бөлінгенімен бірегей антропологиялық түрі, бірыңғай тілі, мəдениеті, менталитеті оған дүниетанымы бар бірегей этнос – монопация ретінде қалыптасты. Қазақстанда ежелгі, қазіргі халықтың антропологиялық зерттелуі жүйелі өткен жарты ғасыр бойы жүзеге асырылды. Өзіндік бөлімдерден тұрды – антропоскопия, тіс морфологиясы, қан топтар, РТС ( дəм сезіну ), саусақ – алақан терілерінің бедерлері, бас сүйек морфологиясымен ерекшеленетін болды. Зерттеу нəтижесінде, Азия, Америка жəне Еуропа елдерінің бес халықаралық конгресстерінде, конференцияларында, симпозиумдарынды баяндалынды.
Бүгінгі күнде Орта Азия аумағынды қазақтар олардың ата–бабалары антропологиялық қатынастардың ең зерттелген халықтың қатарына жатады. Қазақ хандығы – күрделі, саяси жəне идеологиялық күрестің нəтижесінде пайда болды жəне жүздердің шығуы тегі осы құбылыстарға байланысты. XV – XVII ғғ. Этностың тұтастығын сақтауда маңызы болды. Пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның кең – байтақ аумағы болды. Құрылуының объективті себептері мен субъективті шарттары болды. Кейбір болжамдарда үйсін тайпасы мен кейінгі қалыптасқан қазақ этнос арасынды тікелей байланыс бар, бұл өмір жолының ортақ белгілері. Демек, əлеуметтік құрылымы мен шаруашылығы жəне ұқсастықтары бар. Үйсін қоғамы үш бөлікке бөлінді: Сол қанат, Орта жəне Оң қанат. Яғни, бұл этногенетикалық сабақтастықты растайды. Негізінен қазақ ұлтының тікелей қосылуы түркі этногенезінің басталуы. Кейінгі түркілік кезеңінің экономикалық жəне мəдени өмірінің үлгілері көптеген түркі халықтарының ортақ модель болды. «Қазақ» сөзінің пайда болуы туралы көптеген пікірлер бар. Бүгінгі күнге дейінгі зерттеулер осы мəселе бойынша пікір алмасады. Ғылымда, жазба əдебиеттерде «қазақ» атауы пайда болу кезі нақты мəлімдеме жоқ. VIII ғ. Енисейде табылған «қазақ ұлы» деген жазба бар.
Қорытындылай келе, ғұндардың жəне қарлұқтардың қазақтың этногенезіне тікелей қатысты болғаны белгілі. Ұлттың қалыптасуы – бұл өте ұзақ жəне күрделі процесс. Түркілікті қалыптастыру нақты уақытта анықтау мүмкін емес. Демек, қазақ халқының жарқын болашақ жолындағы оған айналасындағы диаспорасы жəне Қазақстанда тұратын этногенездік топтардың барлық өкілдерін біріктіру өзіндік ұлттық идея – мемлекеттік құрушы ұлт.
Қазақ сөзінің пайда болуы қандай болмасын оның бастапқы мағынасы “еркін” “үйсіз”, “кезбе”, “қашқын”
Еліміздің мемлекеттілік тарихында өткен кезеңдердің, соның ішінде Қазақ хандығы құрылуының орны ерекше. Дегенмен, толыққанды мемлекеттің қалыптасуы, өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқығы, тəуелсіз сыртқы жəне ішкі саясат жүргізуге қол жеткізуі, тек 1991 жылы қол жеткізген Тəуелсіздіктен кейін ғана мүмкін болды. Бүгінгі күні еліміз əлемдік қауымдастықтың белді мүшесі ретінде халықаралық қатынастар жүйесіне белсене араласып, бəсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосылуды ұлттық мақсат етіп қойған мемлекет ретінде танымал.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
алина
өте керемет!!!!!!!!
алина
иә осы жерде ақпарат түгел жазылып тұр бірақ осы жерге бірінші кезенде қандай тайпа болды және тағы басқалары жазылып тұрса жақсы болушы еді