Асанәлі Әшімов — қазақ киносының жұлдызы, актер, кинорежиссер, профессор. Оның ойнаған рөлдері халықтың жүрегінен орын тапты. Олар — «Атаманның ақыры» (1970), «Қыз Жібек» (1971), «Транссібір экспресі» (1977), «Нанның дәмі» (1979), «Түрксіб» (1986) фильмдері.
Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданының Байқадам аулында дүниеге келген. Қатал соғыс жылдары өткен балалық шағы туралы актер: «Алғашқы қар жауғанша жалаң аяқ жүрдім. Бір күні сабақ кезінде қалың қар жауған еді. Барлық сыныптастарымды ата-аналары үйлеріне алып кетті. Ал мен суық саз мектепте жалғыз қалдым. Ол кезде тоғыз жаста едім. Түні бойы қатты қорыққаным соншалық, таңертең мектептен он жасқа есейіп шыққандай болдым» деп есіне алады.
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының болашақ студенті бола жүріп, А. Әшімов «Ботагөз», «Ертістің асау толқынында» атты фильмдерге түскен. 1964 жылы ол М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының сахнасында көптеген жарқын бейнелерді ойнады. «Айдаһар жылы», «Аты аңызға айналған Шоқан» фильмдері үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Өз киностудиясы түсірген «Елім-ай», «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» фильмдерінде түскен.
А. Әшімов 1980 жылдан бері КСРО халық әртісі, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 2000 жылы «Тарлан» сыйлығының иегері атанды. 2017 жылы Қазақстанның Еңбек Ері атанды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі