Өлең, жыр, ақындар

БАҚ арқылы жұртқа айла-шарғы жасаудың 10 тәсілі

Ноам Хомский «Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртқа айла-шарғы жасаудың 10 тәсілінің» тізімін жасаған екен. Сіздермен бөлісіп отырмыз.

1 - Назарды басқаға бұрып жіберу

Ақпараттық кеңістікті үнемі маңызсыз хабарлармен толтырып тастап отыру арқылы проблемалар мен саяси, экономикалық билеуші топтар қабылдайтын шешімдерді назардан тыс қалдыру қоғамға қарсы айла-шарғы жасаудың негізгі элементі болып табылады. Зейін салдырмау тәсілі қоғамға пайдалы, маңызды, өзекті мәліметтер мен мәселеден халықты ұзақ ету үшін қажет.   

Азаматтардың нақты бір мән-маңызы жоқ тақырыптарға үнемі зейіндерін аудару арқылы нағыз әлеуметтік проблемаларды олардың назарынан тыс қалдыру. Азаматтардың қолдары әрдайым бос болмай, олардың ойланып-толғануға уақыты қалмауы; мал-мүлік сықылды өрістен қораға айдау.

«Жайбарақат соғыстарға арналған тыныш қару» кітабынан алынған дәйексөз.

2 - Проблемаларды қолдан жасап, сосын олардың шешімін ұсыну

Бұл әдіс, сондай-ақ, «проблема — реакция — шешім» деп аталады. Билеуші топтарға қажетті шаралардың қолданылуын халық өзі талап етуін көздеген проблема, қандай бір «жағдай» жасалады. Мысалы, қауіпсіздік шараларын күшейту туралы заңның қабылдануын және азаматтық бостандықтарына шектеулер қоятын саясаттың жүргізілуін азаматтар өздері талап етуі үшін қалаларда неше түрлі зорлық-зомбылықты көбейтіп жіберу немесе лаңкестік актілер ұйымдастыру. Немесе: қажетті бәлекет ретінде әлеуметтік құқықтардың бұзылуын қолай көріп, қалалық қызметтердің жұмысын тоқырату үшін экономикалық дағдарыс тудыру.

3 - Біртіндеп көндіру

Көпшіліктің көңіліне жақпайтын қандай да бір шараның қабылдануына қол жеткізу үшін оны біртіндеп, күннен күнге, жылдан жылға енгізіп отырса жетеді. Өткен ғасырдың 80 және 90 жылдары принципті түрде жаңа әлеуметтік-экономикалық (неолиберализм) заңдар әлеуметке таңылды. Мемлекет функцияларын барынша азайту, жекешелендіру, көңілге сенімсіздік ұялату, тұрақсыздық, жаппай жұмыссыздық, алаңсыз жақсы өмір сүруге жеткіліксіз жалақы. Егер осының бәрі бір уақытта болған болса, төңкеріс болмай қоймайтыны анық еді. 

4 - Орындалуын кейінге шегеру

Көпшіліктің көңіліне қонымсыз шешімді өткізудің тағы амалы — оны «қыйындық әкелетін, бірақ қажетті» деп ұсынып, оны болашақта жүзеге асыруға азаматтардың келісімін алып алу. Қазір болатын қандай да бір жамандықтарға келіскеннен гөрі болашақта болатын жамандықтарға келісу анағұрлым оңай.

Біріншіден, бұл дереу бола қалмайды. Екіншіден, халықтың көпшілігі «ертеңгі күні бәрі жақсы болып кетеді» деп ойлап, олардан талап етіліп отырған құрбандықтардың болмайтынына үміт артуға бейім тұрады. Бұл азаматтарға өзгерістер туралы ойға көндігіп, уақыты келген кезде оларды қарсылықсыз қабылдауға көбірек уақыт береді. 

5 - Халыққа кішкентай балалар сияқты қарау

Көпшілік бұқараға арналған үгіт-насихаттық сөздердің көбінде дамуы тоқтап қалған немесе ақыл-есінің кемістігі бар мектеп жасындағы балалар туралы айтып жатқандай уәждер, кейіпкерлер, сөздер мен интонациялар қолданылады.

Кімде кім тыңдаушы адамды шатастырып-жаңылыстыруға көбірек тырысқан сайын, ол ұшқалақтық (инфантильдік) сөз тіркестерін қолдануға күш салады. Неге?  Егер әлде біреу адамға 12-дегі немесе одан да жас баладай сөйлейтін болса, адамның кері жауабында немесе реакциясында сыни көзқарастың болмауының ықтималы жоғары. 

6 - Адамға оның ой-парасатын емес, эмоциясын көбірек пайдаландыру

Адамның эмоциясына әсер ету олардың рационалды талдау қабылетін, ақыр аяғында болып жатқан оқиғаларды сыни тұрғыда ұғыну қабылетін толығымен бұғаттап тастауға бағытталған классикалық амал. Екінші жағынан, эмоционалдық факторды пайдалану адамның түпсанасына әртүрлі ой, қалау, үрей мен мәжбүрліліктерін немесе тұрақты жүріс-тұрыс қалыптарын ендіріп жіберуге болатын есіктердің ашылуына мүмкіндік береді…

7 - Қарапайымдылықты үлгі ету арқылы халықты надан қылып ұстау

Айдауына жүргізіп, өз ырқына көндіру үшін қолданылатын тәсілдер мен әдістерді адамдар түсініп алуға қабылеті жетпейтін жағдайға қол жеткізу. Ең төменгі қоғамдық таптарды ең жоғарғы таптардан бөліп тұрған надандық төменгі таптардан жоғарылай алмауы үшін ең төменгі қоғамдық таптарға берілетін білімнің сапасы мейлінше мардымсыз болуы тиіс. 

8 - Азаматтардың дарынсыздықты дәріптеуіне түрткі болу

Халық санасына ақымақ, тұрпайы және көргенсіз болудың сәнді екенін құю...

9 - Адамдар туралы олардың өздері туралы білетінінен көп білу

Соңғы 50 жыл ішінде ғылымның дамуындағы табыстар қарапайым адамдардың білімі мен үстемдік кұрып отырған таптардың қолында бар және пайдаланып жүрген мағлұматтардың арасы алшақтаған үстіне алшақтап кетуіне алып келіп отыр.

Биологияның, нейробиологияның және қолданбалы психологияның арқасында «жүйе» физиология саласында да, психика саласында да, адам туралы озық білімдерге қолы жетіп отыр. Жүйе қарапайым адам туралы ол адамның өзінен де артық біліп алды. Бұл жүйенің көп жағдайда адамдардың өздерінен гөрі көбірек билігі барын, адамдарды өздерінен артығырақ басқара алатынын білдіреді.

10 - Өзін кінәлі сезінушілікті арттыра түсу

Адамды, өзінің ақыл-ойының, қарым-қабылеттерінің және салып жүрген күшінің жеткіліксіз болуы себепті, өзінің басына түскен тауқыметтерге тек өзі кінәлі екеніне нандырып тастау. Осының нәтижесінде экономикалық жүйеге қарсы шығудың орнына, адам бәрі үшін өзін кінәлау арқылы өзін өзі кемсітумен айналысады да, бұл өзінен түңілетін, оған қоса әрекетсіздікке апарып соғатын күйге салынады. Ал әрекет болмаған жерде ешқандай қарсылық та болмақ емес.

Ноам Хомский — америкалық лингвист, философ, қоғамдық қайраткер және саяси талдаушы. Массачусетс технологиялық университетінің тіл білімі бойынша еңбегі сіңген профессоры және XX ғасырдағы теңдессіз ғылым қайраткерлерінің бірі. Оның тілтану мен таным ғылымы саласындағы іргелі еңбектері ғылыми және оқытушылық қауымдастықтарында танылған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Әділ

ТВ қарауды 6 жыл бұрын доғардым

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар