Тарғақ

Тарғақ — орташа пішінді дала балшықшысы (салмағы 230 г). Осы әдемі, сымбатты құстың негізгі ұялары қазақ далаларында орналасқан. Қыста жылы жаққа ұшып кетеді (қыркүйектен наурызға дейін). Жерде, шұңқырда орналасқан ұясында, сәуірде 4 шұбар жұмыртқаларын салады. Аталығы мен аналығы кезектесіп басып, 3 аптадан кейін мамықты балапандары шығады да, ұяларын бірден тастап кете береді.
Балапандары ересектері сияқты жәндіктермен, яғни шегіртке, қоңыз және ауыл шаруашылық зиянкестерімен қоректенеді, сөйтіп пайдасын тигізеді. Балапандары 1 айдан кейін ұшады. Қуаң Қазақстан далалары мен шөлдерінде болатын бұл құстың саны соңғы онжылдықта азайып барады. Сондықтан тарғақ Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және дүниежүзіндегі қорғансыз құстардың бірі болып есептеледі.
Санының азаюының негізгі себептері — жерді жырту, дала ландшафтының басқа да өзгерістері, малды көп жаю, химиялық қосылыстарды ретсіз пайдалану, аңшылық. Ауыл шаруашылық жұмыстарын экологиялық тұрғыдан ұйымдастырып, оны қорғауды халық арасында насихаттау керек.
Басқа да жазбалар
-
Тірі адамнан қарағанда өлі адамның қәзір әлемге тиіп жатқан пайдасы
-
Ұлттық киімдердің мәні мен ерекшелігі
-
Экология мәселелері: пластикпен күрес жолдары
-
Бүйрек,бүйрекүсті безінің анатомиялық құрылымы, морфологиясы, гормондық қызметі және клиникалық маңызын талдап, жүйелеу.
-
Бүйрек,бүйрекүсті безінің анатомиялық құрылымы, морфологиясы, гормондық қызметі және клиникалық маңызын талдап, жүйелеу
-
ОГНЕСТРЕЛЬНАЯ ТРАВМА: СУДЕБНО-МЕДИЦИНСКИЕ ПОДХОДЫ К ДИАГНОСТИКЕ И ЭКСПЕРТНОЙ ОЦЕНКЕ
-
Сот медициналық сарапшының этикасы мен кәсіби жауапкершілігі
-
Әрбір қиындық үшін жеңілдік келеді
-
Қызық факт: сіз-динозаврлардың бір бөлшегі болуыңыз мүмкін.
-
Миорелаксанттар. Жүйке тіні: жүйке талшықтары, жүйке ұштары, жүйке жасушалары және нейроглияға әсері
-
Адам жасушасы органоидтарының бұзылуы негізінде туындайтын аурулар
-
Генетикалық материалдың өзгергіштігі мен медициналық маңызы
-
Тоқтар мен электромагниттік өрістердің әсерінен ұлпаларда болатын биофизикалық процестер
-
Морфологическая картина травмы, вызванная воздействием на организм электрическим током в судебно-гистологической практике
-
Механическая асфиксия: Утопление как одна из форм асфиксии
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі